Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультет: «География және табиғатты пайдалану»
Кафедра: «География,жерге орналастыру және кадастр»
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Учаскелерді жобалау әдістері мен тәсілдері»
Орындаған:Тулеуова Алуа 5-топ
Тексерген:Джуламанов Т.Д
Алматы 2022
Барлық жер ресурстарын бәрінен бұрын ауыл шаруашылық міндет атқаратын жерлерді тиімді пайдалану, жер қатынастарын реттеу, осыған байланысты көптеген күрделі проблемалар туындайды. Оны шешу жерді халық шаруашылық айналымында жерлерді көбірек тартуды талап етеді. Егін дақылдары мен өнімді алқаптарды қарқынды пайдалануды жоғарлату, барлық топырақ эрозиясымен, сондай-ақ басқада жерге жаман әсер ететін оның бұзылуы мен ластануымен қарқынды күресу.
ҚР Конституциясында 30.08.1995 жылы референдумда қабылданған жерге негізгі ммлекеттік құқығы мен қатар жеке еншік құқығы тең заң шеңберінде және негізінде, жағдайында қабылданады.
Халық шаруашылығы салалары арасында және ауыл шаруашылық салалары ішінде жерге меншік және пайдаланушылар арасында, жерді бөліп беру, үнемі жер массивтеріне өнеркәсіп, энергетика, азаматтық және тұрғындық құрылыстар үшін беруді талап етеді. Сонда-ақ бар заңдамалар негізгінде жер қатынастарын жетілдру және ретттеу қажеттігі туындайды.
Еліміздің біріңғай жер қорын басқару бойынша маңызды құрал ретінде, жер қатынастарын реттеуге, заң актілерінің қолдануын бақылауға және жеке меншік және жер арендасында облыстарда пайдалану жағдайында жерге ораластыру қолданылады. Ол Қазақстан Республикасы жер заңдарына сәйкес жерді ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға және қорғауға бағытталған шаралар жүйесі. Халық шаруашылық масштабында сала аралық немесе сала жоспары ретінде жүргізіледі.
Елімізде ауыл шаруашылығын жүргізудің аймақтық жүйесін өңдеп және енгізіп жатыр, ол жерге орналастыру негізінде жүзеге асады.
Шаруашылық ішіндегі аумақты ұйымдастыру ауыл шаруашылығы өндірісін жоспарлы негізде ұйымдастыру болады.
Жерге орналастыруды жобалау
Жобалау- жерге орналастыру процестерінің ең маңызды және күрделі кезеңі болып саналады. Жобаны құру және негіздеу- барлық жерге орналастыру процесінің жүрегі. Жобалық шешімдерді өңдеу әдісі, оларды экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және құқықтық негіздеу жерге орналастыруды жобалаудың пәні болады.
Қазіргі жерге ораластыру теориясы экономикалық, құқықтық проблемалар бойынша бұрынғы негізгі техникалық, технологиялық аспектілерді сақтай отырып қоғамдық құрылымдағы түпкілікті өзгерістерді ескере отырып яғни жоспарлы- таратушы жүйеден нарықтық қатынасқа өтуі жерге орналастыруда айтарлықтай өңдеуді талап етеді.
Қазіргі жерге орналастыру ғылымы зерттеудің қәзіргі әдістерін кең қолданады.есептік-варианттық, статистикалық, монографиялық, экономико-математикалық ұғымның диалектік- материалистік әдісіне негізделген.
Жерге орналастыру ғылымының даму барысында жоғарғы оқу орындарында жеке ғылыми пәндер қалыптасып келеді. Солардың ішінде «Жерге орналастырудың ғылыми негіздері», «Жерге орналастыру жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау», «Жерге орналастыруды жобалау», «Жер ресурстарынпайдалануды жоспарлау және болжау», «Жерге орналастырудағы геодезиялық жұмыстар» және т.б.
Жобалаудың әртүрлі тәсілдерінің болуы көбіне аймақтық жағдайларға байланысты болады. Мысалы, далалы аймақта ауыспалы егіс алқаптарының, ауыспалы егіс танаптарының, жұмыс учаскелерінің шекарасының көбін жобалаушы құрады, ал шекараны жобалау мен жергілікті жерге көшіру дәлдігінің берілген аудан дәлдігімен сәйкестігі геодезиялық негіздеу пункттерінің болуы мен олардың сапасына және жобаны жергілікті жерге көшіру кезіндегі өлшеулер дәлдігіне байланысты болады. Соңғы (техникалық) жобаны дайындау кезінде жобаланатын учаскелер шекарасының орналасуы мен аудандарын нақтылайды, жобаланатын учаскелердің жергілікті жерде техникалық тұрғыда дұрыс орналасуына қажетті геодезиялық мәліметтерді есептейді.
Жобаланатын учаскелердің шаруашылық маңызы, олардың ауданы мен шекарасы жерге орналастыру жобасын дайындаудың нақты бір әдісін қолданудың маңызды шарты болып табылады. Учаскелерді жобалау – есептеу операцияларына ерекше көңіл қоюды, есептерді жазудың қатаң тәртібі мен мұқияттылығын талап ететін және көп жұмысты қажет ететін геодезиялық процестердің бірі. Учаскелерді жобалау техникалық тұрғыда аудандарды есептеуге кері әрекет болып саналады. Егер аудандарды есептеу кезінде фигуралардың пландағы аудандарын анықтайтын болса, жобалау кезінде – берілген ауданға сәйкес пландағы фигураларды шектейтін сызықтардың орналасуын анықтайды. Осыған байланысты жобалау дәлдігі аудандарды есептеу дәлдігіне тең деп қарауға болады.
Алайда учаскені жобалау берілген учаске мен белгілі сызықтық өлшеулер бойынша басқа белгісіз сызықтық шамалар анықталатындығымен шектеле бермейді. Көбіне жобалау жүйелі түрде жуықтау әдісімен жүргізіледі, яғни берілген аудан учаскесінің шекарасын белгілі бір әдіспен, кейде тіпті көзбен анықтап алып, содан соң осы ауданды есептейді де, содан кейін барып жетпейтін немесе артық ауданды берілген жобалық ауданды алғанға дейін жобалайды. Егер жетпейтін немесе артық аудан өте үлкен болса, онда көбіне шекараны екінші рет көзбен нақтылап алып, содан кейін ғана жетпейтін немесе артық ауданды жобалайды. Осыған байланысты жобалау процесі алдын ала жобаланған аудандарды есептеумен жалғасады.
Достарыңызбен бөлісу: |