Оқытушы туралы мәлімет


Сумен тұтынудың есептік тәуліктік көлемін анықтау



бет46/63
Дата12.03.2023
өлшемі405,38 Kb.
#171996
түріСабақ
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   63
Байланысты:
umkd territoriyal k aimaktau

Сумен тұтынудың есептік тәуліктік көлемін анықтау.Сумен тұтынуну мөлшері объектінің суға жалпы есептік қажеттілігін анықтауға мүмкіндік беріп, суөткізгіні жобалау. Бүл қажеттілік әр су пайдаланушы тұтынушыларының санаттарына бөлек белгіленеді.
Объектінің сумен жабдықтауға талаптанған су санының негізгі өлшемі тәулік шығыны болып қабылданады. Мысалы, елді-мекен жерлерінің шаруашылық ауызсу қажеттіліктеріне орташа тәуліктік су шығыны S болады:
S= qсрN,

бұл жерде qср - бір тұрғынға тәулікктік су шығынының орташа мөлшері ( кесте бойынша).


 - тұрғындардың есептік саны, бұл қаланың немесе кенттің жоспарлауын жобалағанда сәйкес алыну қажет.
Қаланың немесе кенттің есептік шаруашылық ауызсу қажеттіліктерін толық анықтау үшін берілген тәуліктік шығындарға жұмыскерлердің өндіріс орындарында болған уақытымен жобаланған жұмыскерлер саны жұмыс алмасу санымен және қала мекемелеріндегі өндірістерімен байланысты шаруашылық ауызсу қажеттілігіне берілетін су мөлшерін қосу керек.
Бұдан басқа, суаратын көше мен жасыл ағаштардың аудандарына сәйкес қосымша суаруға арналған шығындарды алып тастау керек (1.3 кесте көрсет. мөлшер бойынша).
Өнеркәсіп кәсіпорындарының су қажеттілігі өнеркәсіп тапсырмасы бойынша белгіленеді.
Өнеркәсіп кәсіпорынының суөткізгілерінде кейбір тәулікте су шығынының шамасы кәсіпорынның жұмыс тәртібімен байланысты өзгереді. Кейбір кәсіпорындарда су шығыны тәртібі маусымдарға байланысты өзгереді. Мысалы, будың суыту және айналу шығындары судың температурасына байланысты, сондықтан тәуліктік шығыны қыс мезгілінен жазда жоғары болады. Кейбір жағдайларда өнеркәсіптің техникалық қажеттіліктеріне су шығынының тәртібі жыл мезгілімен байланыспайды және тәуліктік су шығыны біркелкі немесе азғантай өзгеріп отыруы мүмкін.
Осылайша объектідегі барлық тұтынушылардың ықтималды жиынтық су шығыны белгіленеді.
Сумен жабдықтау қайнар көздерінің болуына тиісті табиғи суға баға беру.Сумен жабдықтау жобасында жауапты мәселелердің бірі қайнар көздерін таңдау, яғни бұл барлық жүйе түрлеріні, құрамында қандай құрылыстың бар екеніндігін, содан соң құрылыстың пайдалану құнын анықтайды.
Сумен жабдықтау қайнар көздері төменгі негізгі талаптарға сай болу керек:
а) су тұтынудың көтерілуіне байланысты, объектіні дамытудың келешегіне қажетті су мөлшерін берумен қамтамасыз ету;
ә) тұтынушыларға тоқтаусыз сумен жабдықтауды қамтамасыз ету;
б) тұтынушылардың қажеттеріне байланысты сапасына сай жай және арзан жолдармен суды тазартып беру;
в) объектіге су беруде мүмкіндігінше қаражатты аз шығаруға тырысу;
г) судың сұрыптауы тұрақтанған экология жүйесін бұзбау үшін қайнар көзінің қуаты мол болу керек.
Түрлі объекіні сумен жабдықтау үшін қайнар көздерін таңдауда дұрыс шешім шығару қажет. Ауданның тұрған жеріне байланысты су ресурстарына талдау жасауға және зерделеуге мүмкіндік туғызу керек.
Сумен жабдықтау мақсаттарында көзделген табиғи қайнар көздері екі негізгі топтқа бөлінеді:
а) жер үстіртіндегі бұлақтар, өзендер (табиғи жайда немесе реттелген) және көлдер;
ә) жерасты бұлақтары, жерасты сулары, артезиан сулары мен бұлақтары.
Сумен жабдықтау қайнар көздерін таңдауда маусымдық құбылыстардың су шығындарын, су мөлшерінің мүмкіндігін және өзен суын шығынсыз қамтамасыз етуін ескеру қажет. Сумен жабдықтау құрғап қалған немесе қыста қатқан өзендерден (тиісті су қоймасын құрмай) құрылмайды.
Өзендер мен көлдердің сапасы көптен атмосфералық жауындардың түсуіне, қар еруіне, сондай-ақ қала мен өнеркәсіптердің жер бетіндегі суағарға байланысты. Өзен суының сапасы маусымдық құбылысына қарай жиі өзгеріп тұрады. Жоғарыда айтқандай, тасқын мерзімінде судың лайлануы және бактериалды кірлеуі көбейеді, бірақ су қаттылығы азаяды.
Табиғи қайнар көздері су сапасының негізгі көрсеткіштерін тұтынушылардың талаптарымен салыстырғанда мынадай қорытынды жасауға болады, тұратын жерлердің ең қолайлы қайнар көздері жер асты (артезиан және қайнар көздері) сулары минералданған болмаса ғана болып табылады.
Айтқандай, осы объектіге сумен жабдықтау қайнар көздерін таңдау үшін судың сапасынан ғана емес, оның қуаты, объектіден алыстығы, су беру және тазарту бағасынан құралады.
Ірі елді-мекен жерлеріне жерасты су көздерінің дебиті жиі жеткіліксіз болады. Бұл жағдайларда судың нашар сапасына қарамастан оған тиісті тазарту жұмыстарын жасап пайдалануға беріледі. Тәжірибеде, көлемі бойынша көптеген кіші және орташа елді-мекен жерлерінің сумен жабдықтауы жерасты қайнар көздерін пайдалану арқылы жасалған. Көптеген ірі қалалардың сумен жабдықтауына толық немесе азғантай жер үстіртіндегі сулармен тазартудан кейін пайдалануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет