Бақылау сұрақтары:
Газ шығыны неге байланысты?
Газ қандай қысымда болады?
Төменгі газ қысымы қалай қолданылады?
Газ құбырларының классификациясы?
Газ желісі?
Ыстық газдар?
Газдардын улағыш қасиеттері мен зиянды қоспалары?
4. Сумен қамтамамасыз ету
4. 1. Су қажеттілігі және оларды қанағаттандыратын қайнар көзі
Суды тұтынудың негізгі санаттары
Қазақстан Республикасы Су Заңдарының міндеттері халықтың, экономика салалары мен айналадағы табиғи ортаның мұқтаждары үшін суды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, су ресурстарын ластанудан, былғану мен сарқылудан қорғау, судың зиянды ықпалын болдырмау және оны жою мақсатында су қатынастарын реттеп отыру, су қатынастары саласындағы заңдылықты нығайту болып табылады.
Ауылды елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету денгейін және су ресурстарының қаштылығын қысқарту ауыл шаруашылығын, қайта өндеуші өндірістер мен шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай туғызу жөніндегі құрал ретінде сондай-ақ, республикадағы әлеуметтік, демографиялық және санитарлық-эпидемиялогиялық ахуалды тұрақтандыру факторы ретінде қаралады. Техникалық іс-шараларды жүзеге асыру сумен қамту жүйелері мен құрылыстарының жұмысын жақсартуға, олардың жұмысын неғұрлым тиімді етуге, су беруге арналған шығыстарды төмендетуге мүмкіндік беретін жана технологиялар мен техникалық шешімдерді енгізуді көздейді.
Адам ағзасы үшін зиянды химиялық қоспалардан тазартуды қамтамасыз ететін Шаңқанай кен орнының табиғи цеолиттерінің негізінде су дайындаудың қазіргі заманғы технологияларын пайдалана отырып, су тазарту станцияларын салу көзделуде.
Әлсіз және қатты тұзданған суды тұздан арылту және ауыз суды алу үшін темірді, марганецті кетіру, судың қышқылдылығын түзету, сондай-ақ қатандығын азайту міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін отандық жабдықты пайдалану көзделеді.
Жоғарыда аталған жұмыстарды орындау сапалы ауыз сумен республиканың 2411 ауылды елді мекеннің қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Әрбір объекті сумен жабдықтау жүйесін жобалау үшін ең алдымен осы объектіге қанша су керектігін және оның сапасын анықтап алуы тиіс. Бұл мәселені шешу үшін берілетін су мөлшері мен сапасына қарай тұтынушылардың талаптарын толық білу және белгілеу қажет.
Су барлық тұтынушылармен әр түрлі қажеттіліктерге жұмсалады. Көптеген су шығындарын 3 негізгі санатқа бөлүге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |