Оқытушы туралы мәлімет


Халықтың шаруашылық ауызсу қажеттілігіне суды жұмсау



бет45/63
Дата12.03.2023
өлшемі405,38 Kb.
#171996
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   63
Байланысты:
umkd territoriyal k aimaktau

1. Халықтың шаруашылық ауызсу қажеттілігіне суды жұмсау. Бұл жағдайда, адамдардың тұрмысына байланысты мынадай су шығындары жатады: ауызсу, тамақ дайындау, жуыну, кір жуу, үй-жайларының тазалығын ұстану және т. б. Осы санаттарға барлық су шығындары жату мүмкін, қала немесе кентті абаттандырумен қамтамасыз ету үшін; көшелер мен ағаштарды суару үшін және т. с. с.
2. Өндірістік техникалық мақсаттарына берілетін су шығындары өндірістік мекемелерде, көлікте, энергетикада, ауыл шаруашылықта және т.б. (бу түзілу, салқындау, будың суға айналуы әр-түрлі фабрикаттарды дайындау кезінде, өнімдерді жуу кезінде және т. б.).
3. Өрт сөндіру үшін судың шығындары
Одан басқа су суөткізгі қажеттілігіне жұмсалынады (фильтрді – сүзгіш су қабылдау қондырғыларды, желілерді шаю және т. б.).
Судың сапасына байланысты пайдалану талаптары әр түрлі. Мысалы халықтың ауызсу қажеттілігіне ең біріншіден санитарлық-гигиеналық мынадай негізгі талаптар қойылады: денсаулыққа зиян келтірмеу, ауру жұқтыратын бактерияларсыз, мөлдір, суда иіс болмау және жағымсыз дәм болмау керек.
Кейбір өндірістік тұтынушылар пайдаланатын су сапасына түрлі талаптар қояды. Мысалы, тамақ өнеркәсібі су сапасына мынадай талап қояды, бу қазандығын қоректендіру үшін суда минимальды тұз мөлшерін ұстану керек. Тоқыма өнеркәсібінде судың құрамында темір болмау керек және т. с. с. Бірнеше өнеркәсіптік тұтынушылар судың сапасына табиғат жаратылысында кездеспейтін талаптар қоюы мүмкін.
4.2. Салмақты шығындармен суды тұтыну мөлшері

Сумен жабдықтау жүйелерін жобалауда маңызды міндет- тұтынушыларға судың мөлшерін анықтау.


Біріншіден, халықтың шаруашылық тұрмыстық қажеттілігіне жұмсалынатын судың мөлшерін анықтау тәсілдерін қарау.
Халықтың орналасқан жерінде адамдардың қажеттілігіне байланысты жалпы су шығыны сол жерде тұратын адамдардың санына пропорционалды болу керек. Ал жалпы шығынды анықтау үшін бір тұрғынның шаруашылық тұрмыстық қажеттілігіне қанша су шығыны кететінін білу керек, яғни салмақты шығыны. Ол түрлі қажеттілік шығындардан және үйлерді санитарлық-техникалық абаттандырудан, қаланың абаттандыруынан, климат ахуалынан және т. б. тұрады. Тұрғын аудандарын жабдықтау дәрежесі жоғары болса су тұтынуы жоғары болады. Қоңыржай, суық климатта және ыстық климат жерлерінде су тұтынуы жоғары болады.
Халықтың елді-мекен жерлерінде суөткізгіні пайдалану тәжірибесі аудандардың тұрғындарына және түрлі климаттық белдеуінің сумен жабдықтау дәрежесіне байланысты су шығынын анықтауға болады. Бұл материалдарды өңдеп талдағаннан кейін су пайдалану мөлшерін анықтап шығаруға болады, яғни бір тұрғынға кететін су шығыны. Бұл жерде жаңа суөткізгілерді жобалаудың су мөлшерін есептеуді анықтап алу үшін керек (болғанды жаңадан құру-реконструкциялау).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет