ҚР Білім және ғылым министрлігі М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті Тарих, экономика және құқық факультеті Дәріс №2 Пәні: Еңбек құқығы Еңбек құқығының қайнар көздері Оқытушы: з. ғ. магистрі Габитова А. Г құқықтану мамандығының 2- курс студенттеріне арналған
Еңбек құқығы қайнар көздерінің түсінігі, түрлері
Еңбек құқығының қайнар көздерінің кеңістіктегі уақыт бойынша, тұлғалар шеңбері бойынша әрекеті
Еңбек құқығы дегеніміз – меншігі мен шаруашылық түріне байланыссыз жұмысшылардың барлық санаттарының еңбекке байланысты қоғамдық қатынастарын реттейтін құқық саласы.
Еңбек құқығының қайнар көздері — күрделі, көп деңгейлі кұрылым, ол құқық нормалары жүйесі мен еңбек қатынастары құрылымының ішкі бірлігін көрсететін, өзара байланыстығы, әртүрлі зандык күші бар еңбек жайындағы нормативтік құқықтық актілердің жиынтығын қамтиды. (Тиісінше, еңбек құқығы саласының құрылымдарын). Еңбек туралы заңнамалар да Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Еңбек кодексіне (2007), жұмыскерлердің кейбір санаттарының еңбек қатынасын реттейтін басқа нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Қазақстан Республикасы бекіткен Халықаралық шарттардың еңбек туралы ұлттық зандар алдында басымдылығы бар, және, егер оны қолдану үшін Қазақстан Республи-касының заңын шығару шартта көрсетілмеген болса, тікелей қолданылады. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес (8-бап), халықаралық ынтымақтастық қағидатын негізге алып Қазақстан халықаралық құқықтың қағидаттары мен нормаларын мойындайды және құрметтейді.
Еңбек құқығының негізгі деректік көздеріне еңбек саласында қабылданған халықаралық шарттар, келісімдер, конвенциялар жатады. Мысалы 1958 жылғы 25 маусымда Женева қаласыңда дүние жүзінің бірнеше мемлекеттері қол қойған «Еңбек және кәсіптер саласындағы кемсітушіліктер туралы» халықаралық Конвенция қабылданған. Осы Конвенцияға 1999 жылғы 20 шілдеде № 444 Заңмен Қазақстан Республикасы қосылды. Сон-дай-ақ Женева қаласында 1999 жылғы 17 маусымда Халықаралық еңбек ұйымы Бас конференциясыңын 87-сессиясында қабылданған «Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне тыйым салу және жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы Конвенция (182-Конвенция) қабылданды. Бұл Конвенцияға да Қазақстан 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 367-ІІ Заңмен қосылды. Женевада 1930 жылғы 28 маусымда Халықаралық еңбек ұйымы Бас кон-ференциясының 14-сессиясы «Мәжбүрлі немесе міндетті еңбек туралы» Конвенция (29-конвенция) қабылдады. Бұл Конвенцияға Қазақстан 2000 жылғы 14 желтоқсандағы № 120-И Заңымен косылды. Женевада 1957 жылғы 25 маусымда Халықаралық еңбек ұйымы Бас конференциясының 40-сессиясы қабылдаған «Мәжбүрлі еңбекті жою туралы» Конвенцияға Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 14 желтоқсандағы № 117-И Заңымен қосылды. Женевада 1948 жылғы 9 шілдеде Халықаралық еңбек ұйымы Бас конференциясының 31-сессиясы қабылдаған «Жұмыспен қамту қызметін ұйымдастыру туралы» Конвенциясына біздің еліміз 2000 жылғы 14 желтоқсандағы № 119-11 Заңымен қосылды. Еңбек құқығы қайнар көздерінің арасында ерекше орын алатын 2007 жылы 15 мамырда қабылданған № 251-III ҚРЗ «Қазақстан Республикасының еңбек кодексі». Кодекс Жалпы және Ерекше бөлімнен, 6 бөлімнен, 40 тараудан, 341 баптан тұрады. Еңбек құқығы жүйесі деп біртұтас еңбек құқығын бір-бірімен тығыз байланысты жеке бөлшектерге (институттарға) бөлуден көрінетін объективті өмір сүретін құқық саласының құрылымын айтамыз. Еңбек құқығы жүйесі жалпы және ерекше сияқты екі бөлімнен тұрады. Еңбек құқығының жалпы бөлімі жалпылама сипаттағы және еңбек құкығы институттарының барлығына бірдей колданылатын нормалардан тұрады. Ол нормалар еңбек құкығының пәнін, негізгі қағидаттарын, еңбекті ұйымдастырудың жалпы мәселелерін қамтиды. Еңбек кұкығының ерекше бөлімі еңбектік құқықтық қатынастардың және онымен тығыз байланыстағы еңбек қатынастарының жекелеген элементтерін қамтиды.
№2 аралық бақылау тапсырмалары
Еңбек құқығының түсінігі, пәні, әдістері.
Еңбек құқығының жүйесі.
Еңбек құқығының басқа құқық салаларымен байланысы.
Еңбек құқығының салалық қағидалары.
Еңбек құқығының салааралық қағидалары. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің маңызы.