Оқытушылар туралы жалпы мәлімет



бет1/45
Дата15.02.2023
өлшемі421,36 Kb.
#168847
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Бож болинген



Ф-ОБ- 012/060





2


  1. Оқытушылар туралы жалпы мәлімет:



Жолдыбаев Өмірзақ Жолдыбаевич – медицина ғылымдарының докторы, кафедра оқытушысы, Жалпы жұмыс өтілі –50 жыл, педагогикалық – 50 жыл. Тәжірибелік сабақтар жүргізеді.150-ден аса ғылыми мақалалардың, 4 оқу құралының, 1 монографияның авторы. Амбулаториялық науқастарға кеңес береді.


Абдувалиев Аширбек Абдувалиевич – медицина ғылымдарының кандидаты, доцент. Жалпы жұмыс өтілі – 40 лет, педагогикалық – 15 жыл. науқастарға кеңес жүргізеді. Тәжірибелік сабақтар жүргізеді. 30-дан аса ғылыми мақалалардың, 1 оқу құралының авторы. «Абдувалиев» клиникасында науқастарға кеңес береді.


Ануарбек Талгат –PhD. Жалпы жұмыс өтілі – 16 лет, педагогикалық – 5 жыл. Тәжірибелік сабақтар жүргізеді. 30-дан аса ғылыми мақалалардың авторы


Дильбарханова Дана Адепхановна кафедра оқытушысы. Тәжірибелік сабақтар жүргізеді. Жұмыс өтілі – 35 жыл, педагогикалық – 14 жыл. Жалпы тәжірибелі дәрігер, 15 бірлескен мақалалары бар.


Дарипбекова Қаракөз Жадигербековна кафедра оқытушысы. Тәжірибелік сабақтар жүргізеді. Жұмыс өтілі – 28 жыл, педагогикалық – 21 жыл. Жалпы тәжірибелі дәрігер, 12 бірлескен мақалалары бар.


Джубанишбаева Тойжанай Ниязкуловна - кафедра оқытушысы. Тәжірибелік сабақтар жүргізеді. Жұмыс өтілі – 22 жыл, педагогикалық – 21 жыл. Жалпы тәжірибелі дәрігер. 15 аса бірлескен ғылыми мақаласы баспадан шыққан, бір оқу құралы бар.


Жолдыбаева Гулнар Умирзаковна - кафедра оқытушысы. Тәжірибелік сабақтар жүргізеді. Жұмыс өтілі –22 жыл, педагогикалық – 17 жыл. Жалпы тәжірибелі дәрігер. 20 аса бірлескен ғылыми мақаласы баспадан шыққан, екі оқу құралы бар.


Культаева Зулифар Тельмановна - кафедра оқытушысы. Тәжірибелік сабақтар жүргізеді. Жұмыс өтілі – 5 жыл, педагогикалық – 3 жыл. Жалпы тәжірибелі дәрігер. 6 бірлескен ғылыми мақаласы баспадан шыққан.
Байланыс ақпараты:

Шымкент қ. Байтұрсынов көшесі, 7/7, №9 аудитория, «Жалпы дәрігерлік практика №2» кафедрасы. Электрондық мекен-жайы: morfo_farm@mail.ru.



    1. Пәннің саясаты және шаралар:

Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ медицина мамандықтарының «Медициналық мамандықтардың білім беру бағдарламасы» талаптарына сәйкес интерндерге медициналық білім беруде қолданылатын бағалау әдістері құзыреттілік бағыт идеологиясына сәйкес келеді және WFME, LCME/CACMS, AMC, GMC талаптарына, сондай-ақ BEME, AMEE жетекшіліктеріне негізделеді.


Медициналық мамандықтардың білім беру бағдарламасы шеңберінде бағалаудың келесі екі түрі қолданылады: 1. Формативті бағалау оқыту үдерісімен бірге жүреді, оның мақсаты - студенттің құзыреттіліктерін дамыту болып табылады. Мұндай бағалау әдісі студенттің білім алу үрдісін бақылауға, студенттің немесе оқу бағдарламасының кемшіліктерін анықтауға, ал анықталған жағдайда оны оқу үрдісінің соңына дейін түзетуге мүмкіндік береді. Бұл бағалау әдісі, сонымен қатар білім беру әдісі болып табылатыны сондықтан. Мысалы: Студенттің кері байланыс жасауы және студенттің өзін-өзі бағалауы. 2. Суммативті бағалау әдісі оқытудың соңында қолданылады. Оның мақсаты - оқытудың нәтижесіне жеткендігін анықтап, құжатқа енгізу. Мысалы: қорытынды сабақ, аралық бақылау, емтихан.
Университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру және емтихан регламентінің 7 бабына сәйкес интерндердің сабаққа қатысуы міндетті. Интерндердің сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 10% аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына немесе АИ–да үш күнде тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақтарын блокқа дейін өтеуі қажет. Интерн сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген интерндер үшін өтілген сабақ қайталанбайды. Интерн семестр соңындағы немесе оқу жылы соңындағы емтиханға кіруі үшін, денсаулығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 90%-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан интернге хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде ол интерн деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді.





      1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет