Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Тамды орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сагымбаева Лаура Тельмановна
Мұхтар Мағауин.
« Бір атаның балалары »
(6- сынып)
Сабақтың мақсаты :
Білімділік – оқушыларды шығарма мазмұнымен таныстыра отырып білімдерін кеңейту , идеясын ашу , қазақ отбасындағы ер баланың орнын ұғындыру;
Дамытушылық – жазушының жанр шеберлігінде жеткен жетістіктерін таныту , ізденімпаздық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік – ынтымақтастыққа , адамгершілікке , достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : «Мәтін бөліктері» оқыта үйрету
Көрнекілігі :мәтін бөліктері жазылған парақшалар , түйінді сөздер , әңгіме кестесі ;
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі . Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Жаңа сабақ . – Балалар , бүгінгі сабақта Мұхтар Мағауиннің « Бір атаның балалары » атты повесімен танысуды бастаймыз . Нақтылап айтсақ , алғашқы «Бастау» атты бөлімін «Мәтін бөліктері» оқыта үйрену арқылы білімдеріңді сынайтын сәт келді.Алдын ала сыныпты 4 топқа бөлдім.
Психологиялық дайындық :
Біз қандай республикада тұрамыз ?
Қазақ халқына тән қасиеттерді атаңдар.
Сұрақтарға жауап алынып болған соң, Мұхтар Мағауиннің өмірбаянымен таныстырамын . Содан кейін әр топқа өз тапсырмаларын таратып беремін.Оқып мазмұндауды тапсырамын.
І.«Мәтін бөліктері» оқытып үйрету.
І топқа - «Бастау» әңгімесінен «Кіріспе» бөлігі ( «Басеке , сөз өзіңіздікі» сөйлеміне дейін).
ІІ топқа - осы әңгімеден «Негізгі ой » бөлігі («- Сөз дейтін не сөз бар»сөйлемінен бастап «Апаң күтіп отыр.Жұрттың сөзін ұрғаның бар ма , жүр үйге» сөйлеміне дейін) .
ІІІ топқа - осы әңгімеден «Қорытынды»бөлігі (Жоғарыда көрсетілген сөйлемнен кейін басталып , «Сол сөзді медеу қып қалғаны да тарқасты»сөйлеміне дейін.)
ІV топқа мәтін түгел беріледі.
Әрбір топтан бір оқушыдан шығып , өздеріне берілген бөліктің мазмұнын айтып береді. Бұл «Толықтыру» тобындағылар әрбір топтан кейін сөз алады. Соңында тапсырманы нақты айтқан топ жеңіске жетеді.
ІІ. «Мені түсін» оқыта үйрету ойыны . Әрбір бөлім бойынша түйінді сөздерді жазады.Соңында өзім даярлаған түйінді сөздермен салыстырып жеңімпаз топты хабарлаймын.
Мысалы : І топ «Кіріспе» бөлігі бойынша : Басқарма , 54 бала , 6 бала , қалқабастар , Дәренбек , Нартай , Ертай , Рәшит , Яков , тегі жаман неміс.
ІІ топ «Негізгі ой» бөлігі бойынша : 43 азамат , Берден , Дәуренбек , Ахмет , Берден , етбауырымыз , үш ұя , Зигфрид Вольфганг Вагнер , Айналайын.
ІІІ топ «Қорытынды» бөлігібойынша : Ақ сұр шал , Тоқжан , жирен қасқа , қара шаңырақ , екеуі де сыйды , күнә , әйелдер , еркектер , басу айтты , бауы берік болсын.
ІV топ «Толықтыру» тобы бойынша : Үкімет , бәйбіше , шолақ қолының кеміс шынашағы, қыз бала мылқау , ләббай , ызбармен ,баламның , медеу қып , атын айт.
ІІІ. Тақтаға «Әңгіме кестесін» көрсетіп , жауап аламын.
Әңгіменің аты
|
Бір атаның балалары
|
Әңгіменің авторы
|
Мұхтар Мағауин.
|
Кейіпкерлері
|
Ахмет, Берден , Дәренбек , Берден , Дәренбек ,т.б
|
Қай кезеңде суреттейді ?
|
Соғыс кезеңіндегі ауыл тұрмысы , панасыз балаларды суреттейді.
|
Әңгіме немен аяқталды ?
|
Зигфридті Ахмет ақсақалдың өзіне бала етіп алуымен аяқталады.
|
Не үйретті?
|
Ер баланың қазақ отбасындағы ерекше орны , мейірімділікті , батылдықты , бауырмалдықты үйретті.
|
Сабақты қортындылаймын .Сабақты тест арқылы қорытындылау
Мұхтар Мағауин «Бір атаның балалары »
«Ал ағайын , тегіс жиналсаң сөзіме құлақ сал» кімнің сөзі ?
а/ есепші ә/ басқарма б/ Дәуренбек в/ Ахмет
Балаларды ауылға не үшін алып келеді ?
а/жұмыс күші үшін ә/соғыс болғандықтан
б/жетім қалғандықтан в/ баласы болмағандықтан
Ахмет қария қай баланы таңдады ?
а/Нартайды ә/Яковты б/Ертайды в/ Зигфридтті
Сол ауылдан соғысқа қанша адам қатысты ?
а/43 ә/39 б/52 в/ 28
Нартайды кім алады ?
а/бригадир Берден ә/орақшы Тілеубай б/Ахмет в/ Жақан молда
Кеште айтылған әндер ?
а/ Маңмаңгер ә/ Ақбосаға б/Жетіароал жерім-ай в/ Қоғалы – ай
Көкпар тартайық деген кім ?
а/ бригадир Берден ә/ орақшы Тілеубай
б/ Дәуренбек в/белгісіз біреу
Зигфридттің қасиеттері ?
а/кекшіл ә/қорқақ б/жайдары , пысық в/ бұзық
Зигфрид Вагнердің фамилиясы қалай өзгертілді ?
а /Ахметов ә/Бегімов б/ Тілеубаев в/ Берденов
Зигфрид қай дыбыстарды дұрыс айта алмады?
а/а , б, в ә/ғ , ұ , ә б/ т , д в/ р, ш
Зекен атқа мінуге үйренеді ме ?
а/иә ә/жоқ б/сәл ғана в/ мал қарайтынға жарайтындай
Зекен сиырларды егінге түсіріп жібергенде Ахметпен жанжалдасқан кім?
а/басқарма ә/бәйбішесі б/Дәуренбек в/ ауыл адамы
Аудандағы дөкейлердің бірі Ахметтің қай баласымен бірге оқыпты ?
а/Келімбет ә/Нарымбет б/Жолымбет в/ Дәулетбек.
Ахмет қай ауылға көшті ?
а/Қызыл ту ә/Балдырған б/Ауыл тұрмысы в/ Қайрат
Оқушыларды бағалаймын.
Үй тапсырмасы : кейіпкерлерге сипаттама беру.
Жүсіпбек Аймауытұлы .
«Әнші»
«Ақтамақ хикаясы»
7 – сынып
( 2 – сабақ )
Білімділік міндеті : мәтіннің мазмұнын ұғындыру арқылы әншінің мәрттігі мен адамгершілігін , адалдығын ұғындыру.
Тәрбиелік міндеті : жазушы тілінің көркемділігіне тәнті ете отырып , Ақтамақ хикаясы тақырыбына ой толғату , тілін ұштау.
Мақсат : өнер құдіретін сезінуге тәрбиелей отырып , ұлттық құндылығымыз бен намысымызды қорғай білуге , ұлтжандылыққа , өз еліне деген сүйіспеншілікке баулу.
Құрал – жабдық , көрнекі құрал : оқулық мен оқу құралдары , тақырыпқа арналған кесте.
Сабақ түрі : жаңа материалды өздігінен игеру.
Әдіс – тәсілдер :сөзбен түсіндіру , сатылай талдау , өзара талқылау , ізденушілік.
Сабақ барысы .
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үй жұмысын тексеру . Өзді – өзіне сұрақ қою әдісі , жаңа сабақты өтілген тақырыптармен ұштастыра жаңғырту.
ІІІ. Сұрақ – жауап әдісі арқылы өтілген тақырыпты пысықтап бекіту.
Жүсіп Аймауытұлының қандай шығармасын білесің ?
«Әнші» әңгімесінде қаланың кедей жатақтарының кәсібі мен тұрмысы қалай суреттеледі?
Әншінің салған әні мен тыңдаушылардың алған әсері қалай беріледі?
Әншінің автор баяндайтын тағы қандай мінез – қылығы бар?
ІV. Өтілген тақырыпқа қысқаша қорытынды шығарып , жаңа тақырыпты түсіндіру .
Сабақты түсіндіру жолдары
Әншінің қарапайымдылығы, орындаушылық шеберлігі
Әншінің өнерге сүйіспеншілігі,адамға үйірсектігі
Азаматтық тұлғасы
Ән салу шеберлігі
Махаббатқа адалдығы
V. Әмірханның мінездемелік сипатына сатылай кешенді талдау арқылы өтілген тақырыпты пысықтап бекіту.
Адамға үйірсектігі :Әмірхан кісіге тез үйір болатын,жолдасқа жанын қиятын жігіт.
Адамзаттық тұлғасы: Өзінің бірдемесін сүрасаң бере салады.Кісіні алдауды , арын сатуды білмейді.
Махабатқа адалдығы :..сөйткен Ақтамақпен бір-ақ жұмадай дәурен сүрдім.
Ой , дүние-ай!- деп ауыр күрсінді де дыбыссыз қалды.Бетіме қарасам , көзінің жасы парлап тұр екен.-Ақтамақтың қылығы бетер еді , - деп солқылдап тұрып жылады.
Мәтіндегі түсінуге қиын сөздер :
А) Жетішатыр – Семей қаласының ескі атауы
Ә) Жөпшеңді – анау – мынау , жай
В) Жанторсық – қымыз құятын ыдыс
Г) Таң асып тұрған – бабына келген
Ғ) Бір қоржынбасы – екі бөлікті ыдыстың бір жағы .
Сабақты қорытындылау . Әміре Қашаубаева – ән асқары , қазақ өнерінің жарық жұлдызы, ұлттық мақтанышымыз.
Шығармашылық тапсырма /жеке оқушыларға/ : «Ақтамақ хикаясын» өз ойыңмен аяқта.
Үйге тапсырма беру : «Әміре – ән асқары» тақырыбында шағын мәтін.
Сәбит Мұқанов.
«Лашын»
( 5 – сынып )
Сабақтың мақсаты : Сәбит Мұқанов шығармашылығы туралы ақпарат беру
Сабақтың міндеттері: білімділік – әңгіме мазмұнын меңгерту.
Дамытушылығы – кейіпкерлердің әрекеті мен саятшылықтың қызықты өнер екенін таныту;
Тәрбиелік – этнопедагогикалық тәрбие беру.
Оқытудың әдісі : түсіндірмелі
Типі : жаңа ұғымды меңгерту
Қолданылған технология : Блум жүйесі
Көрнекілік : Сәбит Мұқанов шығармалары мен өмірі бойынша жинақталған альбом интерактивті тақта.
Сабақтың барысы .
І. Ұйымдастыру кезеңі . Оқушылармен амандасу.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ.Жаңа сабақ.
Танып білу кезеңі : Сәбит Мұқанов кім деген сұраққа жауап ізделінеді.
Туған жері : Солтүстік Қазақстан облысы Преснеов ауданы . Өмір сүрген жылдары : 1900-1973 . Шығармалары : «Сұлушаш» , «Ботагөз» , «Өмір мектебі» т.б.
Түсіну кезеңі .1. Шығарма бойынша жоспар құрады.
Балтабай аулы
Құсбегі Ахмет
Үйрек алу
Қаз ілу
Дуадақпен айқас.
2. Шығармадағы түсініксіз сөздерді теріп жазып , өз білгендерінше түсінік береді. Қиындық туғызған сөздерді түсіндірме сөздіктен теріп жазады.
Қадім – араб оқуы мен жазуы.
Атбелгілік – ат жаратып , баптауды кәсіп етушілік.
Лашын – жыртқыш құстар тұқымдасына жататын саят құсы
Дуадақ – қанаты үлкен , мойыны ұзын дала құсы .
Дабылдау – қаңғыр- күнгір дыбыс шығару . Түлек – құстың тілеуіне байланысты жас мөлшері .
Саят – құс салып , аң аулаушылық .
Қолдану кезеңі .
Шығарма кейіпкері Ақметке тән қасиет
Атбелгілік Құсбелгілік
Жазушының лашын құсты суреттеген тұсын мәтіннен тауып оқу.
Көркемдеудің қандай тәсілі көбірек қолданған ? ( сүңгуір қайықтай , жолбарыстың тырнағындай , біздей өткір , құйрықтары сауысқандай ұзынша )
Ақмет құсты қай кездерде салады ?
Күннің еңкеюі мен батуының арасы Таңату мен көтерілу арасы
Ақметтің құсты саятшылыққа қандай түлегіне салған ыңғайлы дегенін анықта.
Талдау кезеңі .
Лашын құстың әрекеттерін әңгімелеу ( интерактивті тақтадан лашын құстың суреті көрсетілді )
Лашынның оңай алатын құсы . Жазушы оның себебін қалай суреттейді? ( Үйректің суреті интерактивті тақтадан көрсетілді ).
Лашынға үйректен гөрі алуға қиын соғатын құс . ( Қаздың суретін интерактивті тақтадан көрсетіледі). Лашынға алдыра алмайтын құс ( Дуадақтың суреті интерактивті тақтадан көрсетілді ) .
«Құстың отқа шығар кезі» дегенді қалай түсесіңдер? Мәтінде бұл сәт қалай суреттелген?
Халық арасында аң мен құстың қандай сезім мүшелері жетілгенін айтады ?( мқрын мен құлақтың )
Құс аулар сәттегі табиғат көрінісі қалай суреттелгеніне көңіл аударып , саятшылардың кәсіптерінен алған рахатына баға бер.
Абайдың саятшылық туралы өлеңдері оқушылардың қалауымен оқылады.
Синтездеу кезеңі.1. Шығармада Ақметтің портретін жазушы қалай берген? (мәтіннен тауып оқы ) 2.жазушының көркемдік сөз қолданысына талдау.
№
|
Теңеу
|
Эпитет
|
Тұрақты тіркес
|
Мағынасы
|
|
Өткірлігі ұстарадай
Қарақаттай көздері
|
Айдын көл
Шабадан мұртты
Жарау ат
|
Жылы ұшырайтын
Құлақ естір жерде жоқ
|
Жақсы көретін
Жақын маңда жоқ
|
Бекіту. Аңшылық , саятшылық туралы мақал – мәтелдер айту.
Сабақ Серік Қирабаевтың «Өмір мектебі» - бір Сәбит емес , «халық өмірінің мектебі » деген пікірмен қорытылады.
Үйге: Ғ.Мүсіреповтің «Жаңа достар » әңгімесін оқу.
Достарыңызбен бөлісу: |