№ 3 Байзақ колледжі
Оқытушылардың әдістемелік шеберлігін арттырудағы
«Жас мамандар мектебі» жұмысының маңызы.
«Жас мамандар мектебінің» жетекшісі: Б.У.Дуйсенбаева
Оқытушылардың әдістемелік шеберлігін арттырудағы
«Жас мамандар мектебі» жұмысының маңызы.
Заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымда. Сол білімді қажетке жаратып, тұрмыс игілігіне жарата білуі мен бағаланады. Инемен құдық қазғандай қиын да күрделі, орасан қажыр – қайрат пен ерік – жігерді талап ететін білімсіз өмір тұл. Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі. Ақыл-ой – азаматтығымыздың алдараспаны. Жаңа ғасырда жаңа өмірге аяқ басқан жас мамандар, әсіресе жас ұстаздар заман талабына сай өзгеше өмір сүруге дайын болуы керек. Осы бағытта колледжмізде жастардың өмірге өз үлесін қосып, орнын табуына ерекше ықпал ететін дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына, олардың да мәдени-әлеуметтік іс-әрекетін, кәсіби мамандығын жетілдіруіне арнайы «Жас маман» мектебі құрылған.
«Жас маман» мектебінің мақсаты: оқу-тәрбие процесінде білім алушылардың психологиялық ерекшеліктерін меңгерту. Жаңа сабақты меңгерту барысында тиімді әдістерді пайдалануды үйрету болса,
міндеттері: колледждің жалпы ішкі жұмыс жүйесіне дағдыландыру, жұмыс уақытын мақсатты тиімді пайдалануға баулу, кәсіби жағынан толысып және әдістемелік жағынан шеберліктерінің жетілуіне бағытталған шараларды мазмұнды да тиімді өткізу. «Жас маман» мектебіне жас мамандар мүше болып, оларға тәлімгерлер тағайындалып, жоспар бойынша жүйелі жұмыс жасайды. Жас мамандарға әрдайым әдістемелік көмек көрсетіліп, педагогикалық щеберлігін шыңдау мақсатында жоспарға сәйкес педагогикалық оқулар, дөңгелек үстелдер, байқаулар, семинарлар өткізіледі. «Жас маман мектебі» колледждің кітапханасымен, психология кабинетімен байланыс жасайды.
Жыл сайын колледж ұжымы жас мамандармен толықтырылады. Жас мамандардан жақсы ұстаз тәрбиелеу, колледжге бейімдеу,тұрақтандыру жұмысында «Жас маман» мектебінің алар орны мен маңызы өте зор. Бүгінгі күні колледжімізде 4 жас маман еңбек етеді, олар:
Хибатова Л. – Омаров Ж.
Жусипова К.С. – Дуйсенбаева Б.У.
Жанғарашева А. – Жамбулова А.А.
ТашметовД.М. – Кунбасов Е.
Жаңа оқу жылының басында жас мамандардың тізімі алынып, олардың әрқайсысына жеке тәлімгерлер тағайындалып, жұмыс жоспары бекітілген. Онда оқыту технологиялары, педагог мәдениеті, кәсіби шеберлік, сабақты, топтан тыс шараларды, топ жетекшісінің жұмыстарын жоспарлау, талдау, топ ұжымының тәрбиелік деңгейін есепке алу және т.с.с. мәселелердің шешімін табу қарастырылған. Сонымен қатар, жас мамандарға арналған іс-шаралар өткізу, өзара сабаққа қатысып, тәжірибе алмасу қамтылған. Жас мамандарды оқу орнын бітіре салысымен барлық нәрсені біледі деуге болмайды, оның педагогика саласындағы алғашқы кезеңінде педагогикалық жүйе дамытылып отыру қажет. Осындай әдістемелік пәндік жүйеде жас маманға өз білімін жетілдіру үшін жоспарлы түрде өткізілетін апталықтардағы ашық сабақтарына, тәрбие сағаттарына дайындалуда жас мамандарға тәлімгер оқытушылар әдістемелік көмек көрсетіп, сабақтардың талдауы дөңгелек үстел аясында өткізіледі.
Қазіргі арнаулы және жоғары оқу орнын бітірген жас буын – еліміздің келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. Жас маманның бойындағы педагогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі.Осы орайда жас мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетіп отырудың маңызы зор.
Әдістемелік жұмыс дегеніміз – ғылым мен озат тәжірибе жүйесінің тұтас жетістігі, бір-біріне қатысты жан-жақты білімі жетілген өз ісінің маманы, шебер ұстаз ісіне бағытталған, колледж ұжымының шығармашылық деңгейде болуына және дамуымен тығыз байланысты. Әдістемелік жұмыста бастысы:
1. Мұғалім жұмысындағы қиындықты анықтау.
2. Өз уақытында көмек беру.
3. Ғылыми жетістіктерімен таныстыру.
Колледж – үйрететін орта болса, оны жалғастырып сабақтастыратын жас мамандар болмақ. Ол үшін жас маманға қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілік, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, зерттеушілік, әлеуметтік тұлғалы ақпараттық құзіреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани-адамгершілігі, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға болу . Егер жас маман ізденуден жалықпайтын шығармашыл тұлға болса, ол сабақты түрлендіріп, тұлға жүрегіне жол таба біледі. Сондықтан олардың функционалды сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру қажеттілігі туындайды. «Адамға оқып-үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей әдістемелік жұмыстарды жаңаша ұйымдастыруда мұғалім жұмысын жаңашыл педагогтар еңбектерімен таныстыру жұмыстары жас мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу, оқу танымын ұйымдастыруда кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін үнемі оқып-үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады. Жас мұғалімдер жұмысына мониторинг, рейтинг жасай отырып, колледжмізде жас мұғалімдер тұрақтылығын, білім дағдыларының қалыптасу барысындағы жетістіктерін аңғарамыз. Жеке тұлғаның жан-жақты жетілуіндегі басты ерекшелік өз бетімен іздену, ғылыми жұмыспен айналысу болса.
Ф.М.Достоевскийдің «Өзіңнен өзіңді ізде,өзіңе өзің бағын,өзіңді өзің тани біл»,-дегеніндей,әр мұғалім өзінің бала болғанын, өзінің ата-ана екенін, өзінің оқытушы болып қалыптасып келе жатқанын ой елегінен жйі-жиі өткізіп отырса, өзге алдындағы жауапкершіліктің сыры бірден айқындала бастайды. Н.А.Добролюбовтің «Мұғалім өзіне шәкірттердің қаншалықты жоғары бағалап қарайтынын есінде сақтаса,оның балаларға тигізетін ықпалы соншалықты күшті болады, соншалықты оның әрбір мақтауы балаларды шаттандырады,оның әрбір ескертуі баланың жүрегіне терең орнығады.Демек барлық тәрбие жұмысы игілікті болады»,-деп айтқанындай,баламен кездескен сәттен бастап,оның үйіне қайтатын уақытына дейінгі кезеңде баламен тікелей қарым-қатынаста екенін,онымен ішкі сезімі байланыста болатынын бір сәт естен шығармағаны абзал.Сонда ғана ел білікті,парасатты,жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу ісінде едәуір табыстарға қол жеткізе алады.
Сондықтан қорыта келгенде айтатыным, біздің мақсатымыз – жас мамандарға жаңа технологияларды тиімді пайдалану бағыттары ескерілген педагогикалық талаптарды қарастыру.
Үйретуші қаншама жаңашыл әдіскер болғанмен жас мамандар жеткілікті дәрежеде машықтанбайынша, олардың әдіс- тәсілдерді, жаңа технологияларды менгеруі қиындық тудырады.
Жас маман мектебінің жұмысы оқу мен тәрбие үрдісінде заман талабына сай жаңа әдістерді қолданып, оқытушылардың оқу процесіне кәсіптік, әдістемелік проблемаларын айқындау және оларды шешуде көп көмегін тигізеді,үздіксіз білім алуға көмек көрсетеді, диагностика мен өздік диагностиканы жүргізу дағдыларын қалыптастырады.
Қортындылай келе, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»- деген. Ал колледжге оқытушы болып кеше ғана оқуды аяқтаған жас маман келгенде, оған барлық әдістемелік көмек көрсетілуі тиіс. Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз - деген ұлы педагог К.Д. Ушинский
Тәлімгер мұғалімі оған сабақтың мақсатын қою, мазмұнын, әдістерін таңдау, оқу материалын тиімді әдістермен оқушыға жеткізу, жаңа технологияларды пайдаланып сабақ өткізуді үйретеді. Берілген жұмыс жоспары бір жылға арналған. Үнемі тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына қатысудың да пайдасы зор.
Кез келген кәсіби ортада жылдар өткен сайын ұжым мүшелерінің ауысуы – заңдылық. Егер жаңа келген буынды жақсылап педагогикалық тұрғыдан қаруландырмаса, болашаққа балта шабылатыны ақиқат. Оған жол бермес үшін мектептегі «Жас мұғалімдер мектебі» бірлестігі жан-жақты жұмыс жүргізеді.
Жас мамандармен толық жұмыс барысын қамтитын жұмыс жоспары құрастырылды. Олар бірнеше бағыттардан тұрады: оқу бағдарламасымен танысу, түсініктеме хат, тақырыптық – күнтізбелік жоспар, оқулықтармен, әдістемелік әдебиеттермен танысу, сабақ жоспарын дайындау, сынып журналымен жұмыс. Мұғалім – мұғалім сабақтастығы барысында жас мамандардың тұлғалық ерекшелік қасиеттерімен бірге ұстаз ретіндегі педагогикалық ұстанымдары мен біліктілік, білімділік, шығармашылық шеберліктерінің артуы мен жан – жақты дамуына көмек қолдарын созуымен қатар, дамуына да көмек үлестерін тигізіп келеді. Олардың ұстаз тұлғасы ретінде қалыптасуы және бар тәжірибесінің іс жүзінде іске асырылуы үшін жан – жақты жағдай қарастырылған. Мұндай педагогикалық өсу үшін тәжірибелі ұстаздар тарапынан әдістемелік көмек қажет.
Ұстаз – жас маман арасындағы қарым – қатынас әріптестік бағытта қарастырылған. Әр жас маман үшін тәжірибелі ұстаз бекітілген . Әдістеме бірлестік жетекшілері жас мамандар және жұмысқа жаңа орналасқан мұғалімдермен жұмыс жасаудың жоспарын жасайды. Жас мамндармен ұлағатты ұстаз арасындағы сабақтастық мектебіміздің жыл бойына қаланып келе жатқан дәстүрін жалғастыру мақсатында көп көмек беріп келе жатыр. Біршама педагогтардың жоғары сапалы сабақтары, білім сапасының жоғарылауы, пәнге деген, мектепке деген қызығушылықтың артуы жұмыстың жүйелі түрде жүргізіліп келе жатқанын байқатады.
Жыл сайын мектеп ұжымдары жас мамандармен толықтырылады.Жас мамандардан жақсы ұстаз тәрбиелеу , мектепке бейімдеу,тұрақтандыру жұмысында «Жас маман» мектебінің алар орны мен маңызы өте зор. Біздің мектеп дәстүрінде жас педагогпен жұмыста жас маман мектепке келерден бұрын мына жұмыстар атқарылады.Мектеп педагогтарының аты-жөні ,пәні ,кабинет нөмірі жазылған жаднама құрастырылады және «Жас маманның портфолиосының » электоронды нұсқасы дайындалады. Портфолиода ағымдағы оқу жылында білім беру саласындағы басшылыққа алатын нормативті-құқықтық құжаттар,бағдарламалар жинақталған. Жас ұстаздардың мектепке бейімделуін байқау, диагностика, кәсіби қиыншылығын зерттеу, әдістемелік көмек көрсету мақсатында сауалнама алынып нәтижессі сарапталынады. Әр жас ұстазбен қиыншылықтары,толғандырған мәселелері бойынша сұхбат өткізіледі. Жас мұғалімге жұмыс кабинеті бөлініп, жағдай жасалынады, апталық жүктемелері толық болуы қарастырылады.Оқу жылының басында жас мұғалімдердің бірнеше сабақтарына қатысылып,талданылады,ұсыныстар беріледі, қиыншылықтары анықталады. Мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетіледі. Тақырыптық кеңес беріліп,практикумдар өткізіледі. Мектептегі жас мамандарды біріктіріп,жүйелі жұмыс жасау мақсатында олармен жұмысқа жауапты білікті педагогтардың бірі тағайындалады.Алғашқы айда әр жас маманға жеке тәлімгерлер тағайындау да өте тиімді нәтиже береді. Тәлімгер тағайындау кезенде жас маман мен тәлімгері бір пән иелері болғаны оңтайлы. Жас мамандармен жұмыс арнайы құрылған жоспар бойынша жүйелі жүргізілуі керек. Онда негізінен практикалық тұрғыдан сабақты, сыныптан тыс шараларды дайындау, өткізу, оқыту технологияларын жүзеге асыру , педагог мәдениеті, кәсіби шеберлік, , сынып жетекшісінің жұмыстарын жоспарлау, талдау, сынып ұжымының тәрбиелілік деңгейін есепке алу және тағы басқа мәселелердің шешімін табу қарастырылады. Мәселен, сабақ, тәрбиелік іс – шара, сынып жетекшісінің жұмыс жоспарларын құру және т.б. жас мамандардың тәжірибелі мұғалімдермен қарым – қатынасы олардың кәсіби қабілеттерін дамытады.
Жас мамандардың педагогикалық әрекетін сараптау нәтижелері, олардың жоғары оқу орындарында меңгерген теориялық педагогикалық – психологикалық білімдерін, мектепке келгенде алғашқы жылында іс жүзінде пайдалануда қиналатынын аңғардық. Соңдықтан осы алғашқы жылда теориялық білімін сақтап қана емес, оны мектеп практикасында қолдану дағдыларын қалыптастыру қажет. Жас мамандар мектебі осы міндетті жүзеге асырудың маңызды құралы. Жас мамандар мектебінің өз Ережесі болады. Мектеп ережеге сай жұмыс істейді. Жұмысқа қабылданған кезден жас мамандармен жұмыс арнайы құрылған жоспар бойынша жүйелі жүргізіледі. Жас мамандар мектебінің құрамына жаңа оқу жылында жұмысқа қабылданған жоғарғы (орта арнаулы) оқу орнын жаңа бітірген жастар мен еңбек өтілі 3 жылға дейінгі мамандар кіреді.
Жас мамандар мектебінің құрамын жыл сайын мектеп директоры бекітіп отырады. Жас мамандар мектебінің отырыстарында мектеп құжаттарын дұрыс сауатты жүргізуден бастап, нормативті құжаттарды , әдістемелік нұсқау хаттарды оқып ,зерттеу,басшылыққа алу жөнінде кеңес берілді. Жас мамандармен жұмыстың негізгі бағытының бірі- өзін — өзі жетілдіру. Бұл мәселені біздің мамандар тәлімгерлердің және басқа да әріптестердің сабағына қатысу арқылы, ғылыми — әдістемелік әдебиеттер мен әдістемелік журналдарды, интернет мүмкіншіліктерін пайдалану арқылы шешуде. Өзара сабаққа қатысу, педагогикалық ұжыммен тығыз қарым – қатынаста болу, жас мұғалімдердің кәсіби жағынан ашылуларына оң ықпал етуде.Жас мамандармен жүргізілетін жұмыстар көбіне практикалық тұрғыда ұйымдастырылады дедік. Сабақ, тәрбиелік іс-шара, жас мамандардың тәжірибелі мұғалімдермен қарым-қатынасы олардың кәсіби қабілеттерін дамытуға игі ықпал етеді. Жас мамандардың оқу жылының соңындағы еңбек өнімділігін анықтау,»Жас маман» мектебінің жұмысының қорытындысы ретінде жыл сайын сәуір айында Жас мамандар мектебінің «Жетістіктер» апталығы өткізіледі. Аптплық барысында Жас мұғалімдер мектебінің ұстаздары жыл қорытындысы ретінде, ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар өткізуге тиіс. «Жас мамандар мектебінің жетістіктері апталығына» барлық жас мамандар мен олардың тәлімгерлері қатысады. Әр мұғалім кесте бойынша жоспарланған іс – шараларды уақытында өткізіп, кейін талдау жасалады. Барлық мұғалімдер ашық сабақтарын жоғары деңгейде өткізуге тырысады, тиянақты дайындалады.Интербелсенді тақтаны қолданады. Сабақтарында оқушылармен жұмыстың шығармашылық жағына көп көңіл бөлді. Апталыққа қатысқан әр мұғалімнің жұмысы бағаланады.Әрқайсысы жыл бойы меңгерген әдіс-тәсілдерін іс жүзінде көрсетуге тырысады. Апталық «Дөңгелек столмен «аяқталады.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»- деген. Ал мектепке мұғалім болып кеше ғана оқуды аяқтаған жас маман келгенде, оған барлық әдістемелік көмек көрсетілуі тиіс. Тәлімгер мұғалімі оған сабақтың мақсатын қою, мазмұнын, әдістерін таңдау, оқу материалын тиімді әдістермен оқушыға жеткізу, жаңа технологияларды пайдаланып сабақ өткізуді үйретеді. Берілген жұмыс жоспары бір жылға арналған. Үнемі тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына қатысудың да пайдасы зор.Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз - деген ұлы педагог К.Д. Ушинский
Келешекте біздің еліміз басқа тәуелсіз елдермен терезесі тең болып өмір сүруі үшін қазақ балаларын ешкімнен кем қылмай,мектеп қабырғасынан-ақ жан-жақты білімді, тәрбиелі етіп шығару үшін сынып жетекші ұлттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып тәрбие жұмысын жүргізген абзал.
Қазіргі таңда мұғалім болу,тәрбиеші болу оңай жұмыс емес.Басқа ешбір мамандық адамға дәл мұғалімге қойылғандай талаптар қоймайды.Педагогтық қызметтің жетістігін бағалау да өте қиын. Оның сапасы сызғышпен өлшеп,әрбір мысқалына дейін таразыға тартатын дүние емес
Я.А.Коменский балаларға тәлім-тәрбие беріп ұстаздық көрсететін мұғалімді өте жоғары бағалады: « Мұғалім-мәңгі нұрдың қызметшісі.Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп,нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.Оларға тамаша қызмет тапсырылған,күн астында одан жоғары ешнәрсе болмақ емес».Балалардың санасы мен мінез- құлқының қалыптасуына тәрбиешінің жеке басының ,оның моральдық бейнесінің атқаратын ролі орасан зор.Бұл әсерді өзінің күші жағынан ешнәрсемен салыстыруға болмайды. Бұл- ерекше құдіретті күш. Орыстың ұлы педагогі Д.К.Ушинский « Тәрбие де барлығы да тәрбиешінің жеке басына негізделуге тиіс.Ешқандай жарғы және бағдарлама,ешқандай оқу орнының жасанды орталығы қаншалықты жетілдірілгенімен тәрбие ісінде жеке адамды алмастыра алмақ емес.Тәрбиешінің тәрбиеленушіге тікелей әсерінсіз мінез-құлыққа сіңерліктей қайраты күшті, мінезге бай жас өспірімдерді қалыптастыру үшін мұғалімнің жеке басы сол талаптарға сай болу керек.Мұғалімнің жеке басында сөз бен істің арасында алщақтық болмау керек.шын тәрбие беру мүмкін емес.» деп жазды.Сондықтан тәрбиешінің жеке басына ерекше талаптар жүктеледі.Ерік-
Достарыңызбен бөлісу: |