Күрделі біріккен қатпарды екі бөлшектен өңдейді. Үстіңгі бөлшектің шетін бүгіп, көктеп және баса үтіктейді не алдынала көктеусіз шаблонда жатқыза үтіктейді. Қатпардың ішкі бұрышын қолмен жапсырып тігеді, бұнда костюмдік маталардың бұрышындағы артық матаны қырқады. Үстіңгі бөлшекті екінші бөлшекке көктеп және сәндік тігісін орындайды немесе көктеусіз бастыра тігеді.
Сурет 4 -Күрделі сәндік қатпарлар
Бедерлі бүкпесәндік тігістердің сыртқы көрінісі сырып және бастыра тігетін тігістердей. Бүкпе тігіс біріккен тігістен айырмашылығы тұтас бір бөлшекте орындалады. Әйел мен балалар киімінің алдыңғы мен артқы бойы, жеңі, қалтасында жай және күрделі бүкпе сәндік тігісі қолданылады.
Жай бүкпе тігісте (5-сурет), бөлшектің теріс бетіне тігіс сызығын белгілейді де, осы сызық бойынша матаны бүгіп және бүгілген сызықта 1,5-2мм арақашықтықта астына қосымша матаны қоя отырып,бүгіптігеді. Тігісті айыра үтіктейді немесе жатқыза үтіктейді. Егер үлгісі бойынша сәндік тігісін талап етсе, өң бетінен орындайды.
Күрделі бүкпелі сәндік тігісте (5-сурет) бөлшектің өң бетінен сызықты белгілейді және астына қосымша матаны қоя отырып тігіс жүргізеді. Бөлшек пен қосымшаны екі жаққа бүгіп және бөлшектегі тігістен 1,5-2 мм, ара қашықтықта бүгіптігеді,өң бетінен сәндік тігісін жүргізеді.
1
5-сурет. Жай және күрделі бүкпелі сәндік тігістер