Тапсырма: Презентация әзірлеу.
Әдістемелік нұсқау: Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары, Мемлекеттің жастарға қамқорлығы, ҚР-ның жастар саясаты туралы «Қазақстан-2020» даму бағдарламасы»- негізгі бағыттары, «2019 жыл –Жастар жылы» аталуына байланысты атқарылған шаралар және т.б. мәселелер төңірегінде баяндама әзірлеу және қорғау. Баяндама белгілі бір тақырып, мәселе бойынша көпшілік алдында жасалынатынан ауызша хабарлама болып табылады. Баяндама кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан тұрады. Кіріспеде жұмыстың мақсаты, тақырыптың өзектілігі (1-2 бет), негізгі бөлімде тақырыптың мазмұны яғни тақырып бойынша келтірілетін материалдар логикалық жолмен дәйекті де дәлелді келтіріледі. (4-5 бет) және қорытындыдан тұрады, Қорытынды бөлімінде қарастырылып отырған мәселе бойынша қысқаша қорытынды, негізгі тұжырымдар жасалады. (1-2бет)
Әдебиеттер:
1. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. – 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4 кітап/ Т.Омарбеков, Б.С.Сайлан, А.Ш.Алтаев және т.б.. – Алматы, Қазақ университеті, 2016. – 264 с.
2. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы, 2010.
3. Әбжанов Х. Қазақстан: тарих, тіл, ұлт. – Астана, 2007.
4. Әминов Т.М. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін).-Алматы, 2014.
5. Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы: Оқулық.-Алматы,-2012.
6. Жұмақаева Б.Д. Қазақстан тарихы : оқулық. - [б. м.] : Издательство LEN, 2010.
11. «Қазіргі заман жағдайында қазақ халқының ауызша мұрасы (тарихи дәстүрлерді) мен жазбаша тарихнамасын (Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Қасымұлы Жалайырдың шығармаларын) зерттеу» тақырыбында эссе әзірлеу.
Достарыңызбен бөлісу: |