Тапсырма: жазбаша жұмыс
Әдістемелік нұсқау: «Қазақстанның ядролық қарусыз әлем үшін бастамалары және қазіргі заман талабына сай қауіпсіздігі» тақырыбын БАҚ-ы, интернеттегі әлеуметтік желілердің жарияланымдары бойынша жазбаша талдау жұмысын жазу. Жұмыстың көлемі 3-4 бет.
Әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.А. Ғасырлар тоғысында. – Алматы, Өнер, 1996. – 272 б.
2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы. – Астана, 2007.
14.«Рухани Жаңғыру» бағдарламасының Қазақстан Республикасында іске асырылуы
Тапсырма: Баяндама әзірлеу.
Әдістемелік нұсқау: «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының Қазақстан Республикасында іске асырылуы тақырыбы бойынша 3-5 беттік жазбаша жұмыс әзірлеу. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 6 бағыт бойынша кешенді жұмыс жүргізілді. «Жаңа гуманитарлық білім», «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы, «Туған жер» бағдарламасының іске асырылуы , «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы, Тарихи және мәдени жәдігерлерді цифрландыру, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» және т.б. жобаларының жүзеге асырылуы туралы ақпарат әзірлеу. Баяндама белгілі бір тақырып, мәселе бойынша көпшілік алдында жасалынатынан ауызша хабарлама болып табылады. Баяндама кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан тұрады. Кіріспеде жұмыстың мақсаты, тақырыптың өзектілігі (1-2 бет), негізгі бөлімде тақырыптың мазмұны яғни тақырып бойынша келтірілетін материалдар логикалық жолмен дәйекті де дәлелді келтіріледі. (4-5 бет) және қорытындыдан тұрады, Қорытынды бөлімінде қарастырылып отырған мәселе бойынша қысқаша қорытынды, негізгі тұжырымдар жасалады. (1-2бет)
Әдебиеттер:
1. Назарбаев Н. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. – Астана, 2017
2. «Қазақстан Республикасы президенті Н.Назарбаевтың «Ұлытау төріндегі толғаныс» атты Хабар агенттігінде берілген сұхбатын талқылау бойынша конференция материалдары. - 1 қазан 2014 жыл. – Алматы, 2014. – 54 б.
3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі – Мәңгілік Елдің Ұлы тарихы. Тәуелсіздік күніне орай салтанатты шарада сөйлеген сөзі. - Егемен Қазақстан, 16 желтоқсан 2014 ж.
4. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы.-Алматы, 2018.
Достарыңызбен бөлісу: |