Тақырып. Ұлттық және қазақ зиялы қауымға қарсы бағытталған Кеңес үкіметінің құғын-сүргін саясаты
1980-жылдардың екінші жартысынан бері академик М.Қ.Қозыбаев 30-40-жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің құрбандарын анықтау және оларды ақтау жолында жалпы мемлекеттік маңызы бар көлемді де жүйелі жұмыстар жүргізді.
1980-жылдардың соңы мен 1990-жылдардың бас кезі отандық тарих ғылымында ұлтазаттық қозғалыс тарихына байланысты, соның ішінде Кенесары Қасымов,Жанқожа Нұрмұхамедов,Әбдіғаппар Жанбосынов бастаған ұлт-азаттық қозғалыстары және Алаш қозғалысы мен Алашорда автономиясына қатысты тыңғылықты зерттеулер жүргізілуімен, сөйтіп объективті шындықты қалпына келтіруде елеулі жұмыстар атқарылуымен ерекшеленді. Сонымен қатар осы кезеңнен бері Қазақ хандығының тарихы жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақ халқының Отан соғысы, Абылай ханның өмірі мен қызметі туралы және тарихымыздың басқа да өзекті проблемаларына байланысты ауқымды зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Соңғы он жыл ішінде осындай күрделі де аса қиын ізденістер мен зерттеулердің барысында М.Қ.Қозыбаев «История и современность», «Ақтандақтар ақиқаты», «Жауға шаптым ту байлап», «Тарих зердесі»(2 томдық), «Проблемы отечественной истории: методология,историография, и источники» (2 томдық), «Труд во имя победы» және тағы да басқа еңбектері дүниеге келді.
Достарыңызбен бөлісу: |