4. Пәні «Қалыпты физиология»:
Температура анализаторының жолын сипаттаңыз.
Бірінші нейрондағы жасушалық денесі жұлынның түйінінде жатады, олардың жасушалары тері арқылы шеткері өсінділермен, ал ортаңғысы арқылы - жұлынның артқы мүйіздерімен байланыста болады, ол жерде екінші нейрон жасушалық денесі орналасқан. Екінші нейрон аксоны ақ борозда құрамында болып келесі жаққа ауысады да, шеткі жұлын таламустық жолы арқылы көру төмпешігіне дейн көтеріледі. Шеткі таламустық жол екі бөлікке бөлінеді - алдыңғы және артқы, оның алдыңғы тармағы арқылы ауырсыну сезімі сезілсе, артқы тармағы арқылы – термиялық сезгіштікті қабылдайды.. Көру төмпешігінде 3-ші нейрон денесі орналасады, өсіндісі таламокортикалды жол арқылы үлкен миға барады да артқы орталық қабықта аяқталады.
Брінші немесе екінші нейрон зақымдалған жағдайда олар келесі бетке өтіп тітіркендіргіш сезімі пайда болатының ескере кетуіміз қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |