3. Пәні «Гистология»: Терінің қалыпты құрылысын қысқаша жазып беріңіз. Жұқа жэне қалың терінің айырмашылықтарын атаңыз.
Тері бұл организмдегі сыртқы жамылғы болып табылады. Ересек адамдардағы онын ауданы 1,5-2 м2 болады.Тері құрлысы бойыншаа эпидермис яғни эпителиалды тіннен және дерма бұл дәнекер тіннен тұрады.Тері организмнің басқада бөліктерімен гиподермамен байланысып жатады.Ал құрлысы бойынша эпидермиске клетін болсақ эпидермисте жасушалардың 4 диферонын: эпителиоцит, меланоцит, лангерганс жасуш, меркел жасушаларынан тұрады. Бұл жасушалардың 85 пайызын эпителоциттер мен кератионциттер алып жатады. Қалың орналасқан теріде эпидермис 5 қабаттан тұрады: Базальды, тікенекті,түйіршікті, жарқырауық,мүйізденген. Жұқа теріден айырмашылығы жарқырауық қабатының болмауында.
Келесі Дерманың құрлысы бойынша бүртікті және торлы деп аталатын 2 қаббатан тұрады. Бүртікті қабаты эпидермистің астында орналасқан. Ол борпылдақ талшықты пішінделмеген дәнекер тіннен тұра, трофикалық қызмет атқарады да эпидермиске кіріп орналасады. Бұл дерма қабатың\ның дәнекер тіні жіңішке коллаген, эластикалық, ретикулярлық талшықтар мен жасушалардан тұрады. Бұлардың арасында фибробласты макрофаги тіндік базофилдер кездеседі. Ал торлы қабаты тығыз пішінделмеген дәнекер тіннен тұра терінің беріктігін қамтамасыз етеді.
Гиподерма май тіндерінен тұрады. Ол теріге әсер ететін әртүрлі механикалық факторларды жұмасарту қызметін атқарады және бұл май тіндері жылуды сыртқа шығарылудан яғни жоғалудан қорғап тұрады. Жәнеде қоректік заттарды жинап, судың депосы ретинде де қызмет атқарады. Туындыларына шашты,тырнақты, май, тер бездерін аита аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |