7. Пәні «Патологиялық анатомия»:
Табанның бірінші плюснефаланг буынында қандай құрылымдық өзгерістер болады?
Табанның бірінші плюснефанг буынында сіңірлер, олардың сөмкелері және тері астында натрий урат кристалдарының түзілуі болады,бұл құрғақ түрінде – тофустарда кристалдар бар әр түрлі көлемдегі дөңгелек түзілімдердің пайда болуына әкеледі.
Натрий урат кристалдары табанның 1-ші плюснефаланг буындағы қалтада және сіңірде шөгуге бейім болады, сол себепті құрғақ тофустар әр түрлі дөңгелек пішінді құрылымдар пайда болғызады.
8. Пәні «Сәулелі диагностика»
Бұл патология қандай рентгенограммада көрсетілген? Осы R-суретті сипаттаңыз
A B C
А-суреті. Берілген Рентген суретінде сол жақ табанн 1-ші плюснефалангылық эрозивті зақымдануы байқалады. Бұл өзгерістер тофустар жиналуынан пайда болады. Тофус дегеніміз тұздардың кристал түрінде шоғырлануы. Бұл тофустан ретгенолог суретке қарап подагра немесе подагра емес екенін ажырата алады.
9. Пәні «Фармакология
Қандай липофильді препарат жасушаның цитоплазмасына еніп, рецептормен өзара әрекеттеседі, кешенді түзе отыра, қабынуға қарсы цитокиндердің түзілуін күшейтеді. Осы науқасқа оңтайлы препаратты және тиімді енгізу жолын таңдаңыз.
Бұл науқасты емдеуде глюкокортикостероидты препараттар қолданған жөн. Атап айтар болсақ Преднизолон 30мг в/в, в/м; Метипред 250 мг В/в, в/м.
Достарыңызбен бөлісу: |