Ойын кезеңдері Таныстыру Бәйге Көкпар Полиглот



бет4/4
Дата13.12.2021
өлшемі38,75 Kb.
#125906
1   2   3   4
II кезең. Жоғары үлай жинаған 4 сайыскер II кезеңге өтеді. Ең көп ұпай жинаған оқушы сұрақтың тақырыбын, категориясын таңдайды. Егер ол сұраққа жауап бере алмаса, басқа сайыскер жауап беру мүмкіндігін алады. Сұрақ категориясы бойынша сайыскерге ұпай қосылады.

Тақтада тор көзді кесте көрсетіледі. Кестеде әр категория бойынша түрлі тақырыптарда сұрақтар жасырынған. Сұрақтың күрделілігі оның нөміріне байланысты.

Кесте

Мемлекеттік тіл - менің тілім


10

20

30

40

50

Қазақ әдебиеті

10

20

30

40

50

Ұлы отандастар

10

20

30

40

50

Спорт және ұлттық ойындар

10

20

30

40

50

Мемлекеттік мерекелер

10

20

30

40

50

Музыка және театр

10

20

30

40

50

Қазақ халқының қолөнері

10

20

30

40

50



1 .Мемлекеттік тіл - менің тілім:

10- Қазақ тіліне қай жылы мемлекеттік мәртебе берілді? (1989)

20- Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі)

30- «Закон сингармонизма» қазақша қалай? (үндестік заңы)

40- Сөздіктердің қандай түрлері бар? (аударма, түсіндірмелі, орфография,

орфоэпиялық, фразеологиялық сөздіктер)

50- Жинақтық сан есімдер қалай жасалады? (-ау, -еу жұрнақтары арқылы)
Қазақ әдебиеті:

10- Қазақ балаларына тұңғыш мектеп ашқан ағартушы кім? (Ы.Алтынсарин)

20- Абай Құнанбайұлының неше қарасөзі бар? (45)

30- «Көксерек», «Абай жолы» шығармаларының авторы кім?(М.Әуезов)

4 0- Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім» өлеңін орыс тіліне аударған кім? (А.Тарловский)

50- Атақты ақын, ағартушы-педагог, аудармашы, қазақ әліпбиінің негізін қалаған тілші ғалым. (А.Байтұрсынов)


¥лы отандастар:

10- Ш.Уәлихановтың ескерткішін көрсетемін. Мына ескерткіш кімдікі?

20- Астанада үш биге орнатылған ескерткішті көрсетемін. Бүл кімдердікі?

30- Біздің қаламызда Абылай ханның кеңесшісі, атақты жыршыға ескерткіш

қойылған. Ол кім? (Бұқар Жырау)

40- ¥лы Отан соғысында даңқты қолбасшы болған жазушы, Кеңес Одағының

батыры (Бауыржан Момышұлы)

50- Қазақтың тұңғыш академигі, геолог-ғалым. (Қ.Сәтбаев)


Спорт және ұлттық ойындар:

10- суретті көрсетемін. Ұлттық спорттың қай түрі? (Қазақша күрес)

20- суретті көрсетемін. Ұлттық спорттың қай түрі? (Бәйге)

30- Бейжің олимпиадасы қай жылы өтті? (2008ж.)

40- «Сидней» олимпиадасынан алтын медаль алып келген қазақстандық

боксшы (Бекзат Сәттарханов)

50- Қазақ халқының ұлттық ойындары көбіне немен байланысты? (төрт

түлікпен)


Мемлекеттік мерекелер:

10- Қазақ халқы Жаңа жылды қашан тойлайды? (22 наурыз)

20- 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік күні)

30- Ата Заң күні (30 тамыз)

40- Қазақстан Республикасының туған күні қай күн? (25 қазан)

50- Б.Майлиннің әңгімесінде қандай діни мейрам туралы жазылған? (Құрбан айт)



Музыка және театр:

10- Тұңғыш қазақ театры қашан ұйымдастырылды? Оның режиссері кім болған? (1926ж. Жұмат Шанин)

20- Қарағандыдағы қазақ драма театры кімнің атында? (С.Сейфуллин)

30- «Әлия» әнін орындайтын қазақ эстрадасының жүлдызы? (Р.Рымбаева)

40- Домбыра немесе қобызда ойналатын музыкалық шығарма. (күй)

50- Қарағанды облысында туған қазақ халқының атақты күйшісі. (Тәттімбет)



Қазақ халқының қолөнері:

10- Суретті көрсетемін. Мына бұйым қалай аталады? (жүзік)

20- Зергерлік бүйымдар жасайтын адамды кім дейміз? (зергер)

30- ¥ста деп кімді атайды? (Темірмен айналысатын адамды)

40- Киім тігетін адамдарды қалай атайды? (тігінші)

50- Шаңырақ, кереге, уықты неден жасаған? (ағаштан)


Осымен біздің сайысымыздың екінші кезеңі де аяқталды. Құрметті сайыскерлер, бүгінгі додада барлықтарың Еліміздің болашақтағы білімді, өнегелі азаматы болатындарыңды дәлелдедіңдер. Келешекте сендерге шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз!

Қазір қазылар алқасы сайыскерлердің ұпайларын есептегенше сіздерге музыкалық сәлем жолдаймыз.

Ән немесе күй тамашалайды.

Қазылар алқасына сөз беріледі.



ІІ кезеңге қатысқан оқушылардың арасынан көшбасшы анықталады-ол ұпайы ең жоғары сайыскер. Барлық қатысқан оқушылар белсенді қатысқаны үшін мадақтамамен марапатталады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет