Жаңа сабақты меңгерту :« С » дыбысы мен әрпі
«С» дыбысы дауыссыз дыбыстар қатарына жатады. Себебі ол дауысты дыбыс сияқты еркін айтылмайды.Тіс пен тіл арқылы шығады. «С»дыбысы құлаққа қатаң естіледі.
Балалар суреттен не көріп тұрмыз?
Сағат
Сағат не үшін адамдарға қажет ?
Уақытты білу үшін
Сағаттың тілін қалай жүретінін білеміз бе ?
Білеміз
Сағатты танимыз ба?
-Танимыз
-Енді балалар бәріміз қосылып «С» дыбысын бірнеше рет қайталайық.
-Балалар үстел үстінде не тұр ?
- Сағат
- Қане тыңдайық ,сағат қандай дыбыс беріп тұр?
- Сырт –сырт
- Қане бәріміз қосылып осы сөзді қайталап айтайық
- «Сырт –сырт» сөзі сөздің басында «с»дыбысы кездесіп тұр.
- Балалар ,жаңбыр қайтіп жауады ?
- Жаңбыр «тырс –тырс »етіп жауады.
- Біздің өтіп жатқан «С» дыбысы бар ма ?
-Бар.
- Сөздің соңында «с»дыбысы кездесіп тұр .
Сергіту сәті
Аспаға қарап ай көрдік
Төменге қарап жер көрдік
Оңға ,солға бұрылып
Егеменді ел көрдік
4-кедергіден өту үшін суретпен жұмыс
Балалар , суреттен не көріп тұрмыз?
Сиыр
Сиыр қандай жануар?
Үй жануары
Сиыр сөзінде «С әрпі бар ма ?
Бар
Сиырдың адамдарға пайдасы бар ма ?
Сиыр адамдарға пайдалы , сиырдан сүт,қаймақ, айран , май ,құрт жасалады.
5-кедергіден өту үшін дәптермен жұмыс
1 .С с әрпін жазғызу
2.Сөзді оқытқызу С-а, са, са- ла, сала
3. Сағат ,сырға ,сәукеле , сандық
Ойын : «Сиқырлы сандық»
Сандық ашылады. Ішінен сурет алып, буынғабөліп ,сөйлем құрау.Мысалы : Сырға, сәукеле, сандық, сырмақ, сағат.
Жұмбақ шешу:
1.Дәміде жоқ түсі жоқ
Пайдаланбас кісі жоқ (Су )
2. Сыртылдайды күнімен
Сыртылдайды түнімен
Білгің келсе уақытты
Көрсетеді тілімен ( Сағат )
Сабақты бекіту . Суретпен жұмыс .Суреттерге қарап сөйлем құрау.
Достарыңызбен бөлісу: |