Ойын терапиясы


ІV ТАРАУ. ЕСТЕ САҚТАУ, ОЙЛАУ ЖӘНЕ ЕЛЕСТЕТУ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ДАМЫТАТЫН ОЙЫНДАР



бет62/168
Дата03.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#108879
түріСабақ
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   168
Байланысты:
Түзету дамыту үйде оқыту көмекші мектеп 2018 2019 ж

ІV ТАРАУ. ЕСТЕ САҚТАУ, ОЙЛАУ ЖӘНЕ ЕЛЕСТЕТУ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ДАМЫТАТЫН ОЙЫНДАР

Білім, икемділіктер, дағдылар: танымдық қызмет негізін – есте сақтау, ойлау және елестетуді дамытуды жалғастыру; есте сақтау, ойлау, елестету элементтеріндегі кемшіліктерін түзету.

Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдаяттардың сан алуан түрлілігі:

Есте сақтауды дамыту ойындары:



  • «Менің соңымнан қайтала», «Барлық себептерді тізіп шық», «Қимылды есте сақта», «Тәртіпті есте сақта!», «Барлаушылар», «Қалыпты сақта», «Лото», «Логопедиялық лото»;

  • «Сенің туысқандарың мен достарыңның тұратын біздің республиканың қалалары мен ауылдарының аттарын еске түсір және жаз».

  • Саяхат ойын: «Сен өз қалаңды білесің бе?».

Ойлау қабілетін дамытуға берілген ойын кешендері, тапсырмалар, жағдаяттар және әңгімелер:

  • «Үш ұсыныс», «Әңгіме құра», «Жұмбақты шеш».

  • Әңгімелер: «Сен қандай адамсың?», «Сенің ата-анаң сені қандай адам болғаныңды қалайды?», «Сен қандай адам болғың келеді?».

  • «Өз мектебіңе, сыныбыңа арналған мереке ойлап тап және оны ата».

  • Өзің үшін төмендегі жағдайларды қалай қызықты жасар едің:

  • «Тығылып қалған фигуралар» (ормандағы, саябақтағы шөп арасына тығылып қалған аңдар, құстар, адамдар бейнеленген сурет – оларды табу керек).

Елестетуді дамытуға арналған берілген ойын кешендері, тапсырмалар, жағдаяттар:

  • «Тірі сурет», «Неге ұқсас?», «Сөйлейтін заттар», «Қызықты дорба», «Теңіздегі фигура».

  • Ауладағы әткеншекте екеуіңнің де бірінші болып тепкілерің келгендіктен досыңмен ренжісіп қалдың. Сен өз кезегіңді досыңа беруге, өзіңді қалай үгіттер едің?

  • Ата-анаң қонаққа кетті, ал үйдің іші былығып жатыр. Сен үй ішін жинауға, өзіңді қалай үгіттер едің?

  • Үзілісте сен абайсызда парталас көршіңді итеріп қалдың, ол құлап қалды. Ары қарай не болады?

  • Әңгімені аяқта: «Балалар таңертең мектепке қарай асықты, олар көшенің жолаушылар жүрмейтін жерінен, жүгіріп өте бастады ...».

  • Кішкентай балаларға ертегі ойлап тап және оны бейнеле.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   168




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет