ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ОЙЫНМЕН ТҮЗЕТУДІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
(көмекші мектептің 5-сыныбына арналған)
№
|
Бөлімдер
|
Тақырыптар
|
Сағаты
|
І
|
Қарым-қатынас дағдылары мен жеке тұлғалық адамгершілік-ерік қасиеттері
|
Кіріспе.
Мен кіммін?
Мен қандаймын?
Мен кіммен біргемін?
Достық
Менің жанұям
Үй дегеніміз нені білдіреді?
|
1
1
1
1
1
1
1
|
ІІ
|
Сенсорлық даму
|
Түс
Пішін
Көлем
Бүтін және бөлшек
Кеңістіктік түсініктер
Тактильді-қимыл қабылдау
Қабылдау қасиеттері (тұрақты, саналы және ортақтастыру, бүтіндігі және т.б.)
|
1
1
1
1
1
1
1
|
ІІІ
|
Зейін және есте сақтау
|
Еріксіз зейін
Ерікті зейін
Зейін қасиеттері
Есте сақтау үдерісі: есте сақтау, сақтау, шығару.
Есте сақтау түрлері: моторлы-қозғалғыштық, бейнелік, эмоциялық.
Есте сақтаудың жеке айырмашылықтары.
|
1
1
1
1
1
1
|
І V
|
Ойлау және елестету элементтері.
|
Көрнекі-бейнелік ойлау.
Сөздік-логикалық ойлау.
Ойлау операциясы: талдау, жинақтау, салыстыру, жіктеу, абстракция.
Ойлау түрлері: түсіну, талқылау, тұжырымдау.
Ойлаудың жеке ерекшелігі. Ақылдың сапасы.
Елестету. Еріксіз елестету: қиял (фантазия), түс көру, қиялдану.
Ерікті елестету: туынды және шығармашылық.
Менің болашағым.
|
2
2
2
2
1
2
2
2
|
|
|
Барлығы:
|
34
|
КӨМЕКШІ МЕКТЕПТІҢ 5-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗМЕТІН ОЙЫНМЕН ТҮЗЕТУДІҢ МАЗМҰНЫ
1 ТАРАУ. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ДАҒДЫЛАРЫ ЖӘНЕ АДАМГЕРШІЛІК-ЕРІК ҚАСИЕТТЕРІ
1-тапқырып. Кіріспе
Білім, икемділіктер, дағдылар: қарым-қатынас дағдыларын меңгерудің қажеттілігі туралы түсінікті, балаларды жағымды эмоциялық қылықтырға, істерге ынталандара отырып, ойлау қызметін дамытудағы жағымды адамгершілік-ерік қасиеттердің рөлін түсіне білуді жетілдіру.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдаяттардың сан алуан түрлілігі:
Әдет-ғұрып ойындары: «Амандасу – қоштасу».
Әңгіме: «Тәрбиелі адам дегеніміз не?».
Тест ойыны: «Мен және ...» (маңызды сөзді қою: еңбек, жанұя, кітап, цирк, нан, ақша, үй, киім, оқу, демалыс, ереже, көмек ..) баланың таңдауын талқылау (мысалы, «Мен және жанұя», «маған жақсы», «мені жақсы көреді»).
Ойындар: «Сиқырлы шеңбер», «Бұзылған телефон».
Жағдаяттар: «Менің досың ауырып қалды ...». «Сен сыныптағы шыныны сындырдың».
2-тақырып. Мен кіммін?
Білім, икемділіктер, дағдылар: өзі, өзінің мүмкіндіктері туралы түсінікті жетілдіруді жалғастыру, жауапкершілікке, сабырлылыққа ынталана отырып, өзін дұрыс бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |