ОЙЫН ТЕРАПИЯСЫ
Көмекші (түзету) мектептің 0-сыныбына арналған бағдарлама
2009
ТҮСІНІКТЕМЕ
Білім беру жүйесінің барлық буынының гуманистік және демократиялық негізде құрылуын көздейтін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын қазіргі заманға жағдайда іс-жүзіне асыруда, зерде дамуы бұзылған балаларды мектепке оқуға дайындықтың уақытылы, ойланған жүйесін құрудың маңыздылығы айқындалды. Жоғарыда көрсетілген мәселе қазіргі заманғы психология мен педагогикада табысты зерттелуде (Л.С.Выготский, Л.А.Венгер, В.В.Давыдов, А.В.Запорожец, Л.В.Занков, А.Р.Лурия, А.Н.Леонтьев, М.Н.Скаткин, Д.Б.Эльконин және т.б.)
соның негізінде ол тұлғалық-бағдарлы және дамыта оқыту концепциясы аясында шешілуі мүмкін.
Л.С. Выготский мен оның мектебінің жұмысы бойынша даму концепциясы дамудың екі деңгейіде бағдарлануы керек: І деңгей – өзекті даму (дамудың бар деңгейі – бала өз бетімен қол жеткізеді) және ІІ деңгей – жақын даму аймағы (бала бірге жасалатын жұмыс барнысында қол жеткізеді, яғни баланың ереңгі күні). Л.С.Выготский негіздеген жақын даму аймағының феномені баланың дамуының сентизитивті кезеңдерін есепке ала отырып, жас шамасының психологиялық жаңа пайда болуларына бағдарлай отырып, оқудың өзімен дамуды ілестіретін, алға тарта білім беруді білдіреді. Даму ойындарында баланы бастауыш мектепте оқуға дайындауға көмектесетін, оқу мен тәрбиелеудің дамумен байланысын білдіреді.
Ойын терапиясы – екінші дүниежүзілік соғыстан кейін шетел мектептерінде (А.Фрейд, К.Роджерс, Р.Нельсон, К.Мустакас, Г.Лэндрет және т.б.) белсенді түрде әзірленіп жатқан ойынмен емдеу, бұл бастауыш мектеп жағдайында да тиімді қолданылуы мүмкін. Ойын терапиясы балалардың көптеген қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, ұсынылатын білімді меңгеруге қажетті дайындыққа көмектеседі. Бала қарым-қатынастың вербальді құралдарын толық меңгермейінше, ойын және ойын материалы ересек адаммен эмоциялық қатынасты орнатуға, оқу дағдыларын дамытуға қажетті тәжірибені алуға көмектеседі.
Көмекші мектептегі оқудың дайындық кезеңінде міндеттерді іс-жүзіне асыруға байланысты, негізін дамыту ойындары, дамыту ойыншықтары, ойын тапсырмалары құрайтын ойын терапиясының арнайы курсы ендіріледі. Даму ойындары мен ойыншықтарды ойынның мазмұнын жіктеу және алдыңғы қатардағы даму қағидаларын есепке ала отырып, жүйелі түрде қолдану, көмекші мектептің бастауыш сыныпарында оқытудың диагностикалық-түзету және дамыту бағытына толық жауап береді. Осыған байланысты дамыту ойындары – бұл білім беру мекемесінің ойын мәдениетіне мазмұн беретін, балалардың танымдық және эмоциялық-ерік аясын дамыту бойынша мақсатты түрде бағытталған педагогикалық қызметті білдіреді. Дамыту ойыншықтарын алсақ, олар баланың психологиялық қызметін сапалы түрде өзгертуге бағытталған тиімді әсер ету құралы болып табылады.
Ойын терапиясы жағдайында оқушылардың жеке-дара сапаларының байқалуын, ителлектуальды қабілетін пайдалануын, өз бетімен іс-әрекет жасауын белсендіретін және т.б., олардың шығармашылық-ізденіс белсенділігін жоғарылатуға бағытталған мазмұнды қызмет түрі дамиды. Яғни, мектепке дайындық үдерісінде негізгі білімді меңгеруге арналған жағымды жағдай туындайды.
Ойын терапиясы бағдарламасының мақсаты – мектепке дайындық үдерісінде танымдық және эмоциялық-ерік қызметі бұзылған балаларды дер кезінде психологиялық диагностикалау және психологиялық түзету.
Көмекші мектептің дайындық сыныбының балаларын оқытудағы ойын терапиясы бағдарламасының міндеттері:
Танымдық және эмоциялық-ерік аясы бұзылған балалардың психологиялық даму еркшеліктерін зерттеу.
Балалардың даму деңгейі бойынша дамыту ойындыры мен ойыншықтары арқылы дәйектілікпен түзете-дамыта оқыту.
Балаларда жеке тұлғалық «Менді» айқындауға және оқуға деген жағымды әсер тудыруға арналған жағымды эмоциялық әсер ететін ойын тәжірибесін қалыптастыру.
Бағдарламаға Х.Т.Шерязданова мен Г.М.Касымованың дамыту ойындарын жіктеу және А.Т.Баймұратованың Түзеу педагогикасының Ұлттық ғылыми-практикалық орталығында қызмет жасайтын лекотека үлгісі негіз болды. Ойын терапиясы бағдарламасын құрғанда ТП ҰҒПО мамандарының зерде дамуы бұзылған балалармен дамыту ойыншықтарын пайдаланған тәжірибесі де есепке алынды.
Ойын терапиясы бағдарламасының бөлімдерін анықтау кезінде біз танымдық мазмұнды және тәрбиелік мәні бар дамыту ойындары мен ойыншықтарды ерекшелей отырып, баланың психологиялық қызметін дамыту қағидасын басшылыққа алдық. Дамыту ойындарын жіктеу жеке алынған ойында білім беру-тәрбиелік міндеттерді нақтылауға мүмкіндік береді. Дамыту ойыншықтарын заттық-дамыту ортасы жағдайында қолдану әсердің тиімді болуына көмектеседі.
Ойын терапиясы бағдарламасы төрт бөлімді қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |