Ойындар арқылы шетел тілін оқытуды ынталандыру


Бүгін əрбір мектептің негізгі мақсаты —



бет2/4
Дата04.01.2022
өлшемі22,6 Kb.
#109357
1   2   3   4
Байланысты:
Айзере, Мақала

Бүгін əрбір мектептің негізгі мақсаты — қоғамда қалыптасқан негізгі қажеттіліктерді жəне мемлекеттік бүгінгі заманға сай ұлттық тəрбиесі, жоғарғы кəсіби білімі бар, алдына қойылған мəселелерді шығармашылық пен əрі жанашылдықпен шеше білетін, жан-жақты білімі бар жəне шет тілдерін терең меңгерген ұрпақты қалыптастыру. Бұл орайда біздің қоғамымызда шет тілдерін үйрететін мұғалімдердің рөлі жоғары. Өйткені олардың міндеті оқушыға шет тілдері бойынша қазіргі заманға сай тіл білімдерінің негізін үйрету, шет тілінде еркін сөйлеп өз ойын білдіру қабілетін дамыту жəне тілін үйреніп жатқан елдің тарихын, мəдениетін қоса оқыту болып табылады. Əсіресе XXI ғасыр жаһандану жəне ел мəдениеттерінің интеграциялану жағдайында оқушыларға шет тілдері бойынша терең теориялық жəне практикалық негіздер қалыптастыру өте маңызды. Сондықтан да біздің мақаламыздың негізгі ерекшелігі — шет тілдерін үйрету бойынша оқушылардың білімдерін жəне сабақ барысында үйрену тетіктерін түрлі интерактивті, ақпараттық, мультимедиалық жəне тағы да басқа озық технологиялар, əдістер, педагогикалық технологиялар кешендері бойынша зерттеу жүргізіп, оның ғылыми негіздемесін көрсету.

Шетел тілін оқыту қоғамдағы сол тілге деген мұқтаждыққа байланысты өзгеріп отырады. Бүгінгі таңда орта мектепте шетел тілін оқыту төрт түрлі мақсатты дамытуды көздейді, олар: коммуникативті қарым-қатынас мақсаты, тəрбиелік, білімділік жəне жетілдіру мақсаты. Аталған мақсаттардың арасында коммуникативті қарым-қатынас мақсаты ең маңызды рөл атқарады, ал қалған мақсаттардың нəтижелері коммуникативті қарым-қатынас мақсатын орындау барысында жүзеге асады.

Орта мектептегі шетел тілін оқытудағы ең басты мақсат коммуникативті қарым-қатынас мақсаты болуы тиіс, өйткені орта мектеп түлегі пəн бағдарламасындағы белгіленген шетел тілі көлемін қатынас құралы ретінде меңгеріп, қолдана білуі тиіс. Яғни, сөз əрекетінің түрлерін: диалог жəне монолог түрінде сөйлеу, айтылған сөздерді түсініп тыңдау, жазылған мəтіндерді оқу жəне ондағы ақпаратты қабылдай алу іскерліктерін меңгеріп, қолдана білуі тиіс.

Орта мектепте шетел тілін оқыту жоғарыда айтылған практикалық мақсатпен қатар білімділік мақсатын да көздейді. Мəселен, шетел тілін оқытуда оқушылардың тілдік жəне сөздік білімін нығайтып, дамытумен қоса жалпы дүниетаным туралы ой-өрісін кеңейтеді. Шетел тілін үйрену барысында үйреніп отырған тілдің ел тарихымен, мəдени мұраларымен, əдебиетімен, көркем өнерімен, ғылымдағы жетістіктерімен танысады.

Қазіргі қоғамда болып жатқан терең əлеуметтік өзгерістер білім берудің дамуына жаңаша жағынан келуді, педагогикалық ғылымның əдістемелері мен парадигмасын өзгертуді талап етеді. Осыған байланысты өркениетті елдерде білім беруді ұйымдастыруда екінші жол пайда болды. Бұл əдістеме бойынша нақтылап айтатын «Не үшін оқытамыз?» деген сұраққа жауап алудан басталады. Бұл нəтижелерге жеке пəндер бойынша меңгерген білім, білік, дағды емес, өмірлік дағдылар жатады. Бұдан кейін шешілетін мəселе «Оқушыны қалай үйрету керек?» деген сұрақпен байланысты. Мұғалім оқушыларға жүйеленіп өңделген оқу материалын дайын күйінде ұсынбайды. Баланы өздігінен ізденіп, өзіне қажет білімді іздестіруге керекті қасиеттермен (білік, тəсіл т.б.) қаруландырады. Осындай негізде ұйымдастырылған оқу үдерісінің нəтижесінде оқушылар өмірге қажетті кең ауқымды дағдыларды, құзырлықтарды игеріп шығады.

Шетел тілін меңгеру барысында көзделетін ең маңызды жайт — оқушыларды өз бетімен жұмыс істеп, алған білімін əр түрлі жағдайларда шығармашылық жəне тапқырлықпен қолдануға машықтандыру. Оқыту процесінің мақсаты — оқушылардың дүниетанымын кеңейте отырып, оқытылып жатқан тілдің білімін арттыру. Сол себепті анықтама əдебиеттер пайдалану, мəтін мазмұнын өз бетімен түсіну жəне қысқаша айтып беру, хабарлар дайындап, сол туралы өз пікірін айтып, баға беру секілді əрекеттерге дағдыландыру қажет.

Шетел тілі пəні оқушылардың білім көтеруге ұмтылуына, дүниеге деген көзқарасын, сана- сезімін, рухани жəне эстетикалық көзқарасын қалыптастыруына, жан-жақты дамуына əсер етеді. Шетел тілін оқу процесінде оқушылар ойын жинақтап, сөйлейтін сөзін жоспарлауға икемделеді, əрі сөз əдебін дұрыс қолдануға дағдыланады.

Шетел тілі тек мектепте оқыту ғана емес, шарттарды ескере отырып, оқушылардың мектептен кейін де шет тілін оқу жəне түсіну қабілеттерін қалыптастыруға мəн берілуі керек. Сол себепті шетел тілін оқытудағы практикалық мақсатты жүзеге асырудың ең маңызды шарты — оқыту əдіс тəсіліне, коммуникативті қарым-қатынастық бағдар берілуіне назар аударылады.

Коммуникативтік лингвистика саласында қазіргі ғылыми зерттеулер нəтижелері, шетел тілдерін оқытуда көптеген теориялық жəне практикалық мəселелерін, дəлірек айтсақ, оқытудың мазмұны туралы мəселені жаңа əдістер қолдана отырып, жаңа тұрғыдан шешу керектілігін көрсетуде. Бүгінгі күнде шетел тілінің атқаратын ролі ерекше маңызды. Адамдардың тіл арқылы қарым-қатынас жасауында, мəн мағынасы бар міндеттерді ойдағыдай шешу жəне түсінісуде жəрдемге келетін əдіс- тəсіл жəне құралдар секілді мəселелерді дамытуға арнайы көңіл бөлуде.

Оқытушы оқушыларға шетел тілін үйретпес бұрын келесі сұрақтарға жауап беруі қажет: Не үшін керек? Қандай мақсатта қолданамыз? Қандай пайдасы бар? Осы сұрақтарға жауап бергеннен кейін оқытушы оқушылардың тілге деген қызығушылықтарын арттыру жолдарын қарастыруы керек. Сабақтың қызықты, əрі əсерлі өтілуі мұғалімге, яғни, сабақтың тартымды жəне қызықты түсіндірілуіне байланысы зор. Сабақ барысында көрнекілік жəне техникалық құралдарды ұтымды жəне дұрыс пайдалану жоғарыда айтылған міндетті ойдағыдай шешуге үлкен үлес қосады. Оқушылар шетел тілін оқып, үйренумен қатар сол елдің тарихымен, əдебиетімен, мəдениет жəне əдет-ғұрпымен танысады. Оқушылардың жаңа тақырыпты жеңіл жəне түсіне меңгеруіне мүмкіндік туғызып, олардың қызығушылық пен ынтасын, тілге қызығушылығын арттыру жолдарының бірі — ойын.

Соңғы жылдары тіл білімінің ғалымдары жəне мамандары назарларын тіл үйретудегі жеке грамматикалық формаларды дамытуға емес, тілді белгілі бір мақсатқа жету үшін бір тұтас жүйе ретінде қолдануға жəне дамытуға бөледі. Коммуникативті біліктілік деп аталатын бұл жаңа салада оқушыларға, тілді қолданыс арқылы дамытатын, мақсатты тапсырмалар беріледі. Ойындар дəл осы мақсатқа жетудің бірден-бір жолы. Біріншіден, ойындар оқушылардың сөйлеу қабілетін дамытады. Екіншіден, мұғалімнің бақылауымен тілді дұрыс қолдануды қамтамасыз етеді жəне, үшіншіден, оқушылар ойын болғандықтан, ынталана қатысады.

Көптеген тəжірибелі кітап жəне əдістемелік құралдар жазушыларының дауласуы бойынша ойындар тек уақыт өткізерлік іс-шаралар емес, сонымен қатар үлкен тəлімдік маңызы бар. В.Р.Ли тілге қатысты, «ойындардың көбі үйренушілерге тілдің дұрыс формаларын үйрену орнына тілді қолданысқа енгізеді» деген пікірді ұстанады. Оның айтуынша, «ойындар шет тілдік үйрету бағдарламасының аясынан тыс қалмай, керісінше, маңызды орын алуы керек» [1]. Дəл осы ойды қолдаған Ричард Амато, «ойындар — көңіл көтерерлік іс-шара, алайда тілдің педагогикалық маңызына, əсіресе шет тілін үйретуде немқұрайлы қарап кетпеу керек. Ойындарды қолданудың көптеген пайдалары бар. Ойындар дегбірсізденудің алдын алады жəне үйренуді жеңілдетеді» [2; 43]. Олар ұялшақ оқушыны өзінің сезімдері мен ойларын жеткізуде жігерлендіреді, себебі ойындардың адамның көңілін көтеруде, рух беруде маңызы зор. Сонымен қатар олар үйренушілерге өзіне тəн сабақтарда əрқашан мүмкін бола бермейтін шет тілімен бірге жаңа белестерді алуға мүмкіндік береді. Ричард Аматоның сөзіне назар аударсақ, «ойындар сынып жаттығуларынан аутқиды, бірақ тосқауылды бұзып, жаңа ойды таныстыруда қолданылады» [2; 50]. Жай сөздермен айтқанда, ойындар арқылы қалыптасқан атмосферада, оқушылар оқығандарын тезірек əрі жақсырақ сақтайды. А.Эрсоз да осы ойды қуаттап, «Үйренушілердің тілді болашақ өмірлерінде қолданулары үшін ойын арқылы тілді жаттықтырады» [3] деген.

Ойындар жігер береді, көңілді көтереді, үйретеді жəне жетік меңгеруді дамытады. Бұл айтылғандардың біреуі де көңіл толтырмаса да, ойындар шет тіліндегі проблемаларды ғана емес, сондай-ақ тілдің керемет сұлулығын сезінуге көмектеседі.

Ойындарды талқылағанда көңілге ой тастарлық факторлар өте көп. Солардың бірі — үйлесімділік. Үйрену процесіне пайдалы ойын таңдағанда мұғалімдер асқан сақтық таныту керек. Ойындардың жақсы көрсеткіш беруі үшін, оқушының деңгейі, жасы жəне оқыту бағдарламасымен үйлесуі керек. Жас ерекшелігіне байланысты кейбір ойындар оқушымен сəйкеспейді. Əр түрлі жас буындары əр қалай тақырыптарды, материалдарды жəне ойындардың да əр түрлі тəсілдерін талап етеді. Мысалы, жас бүлдіршіндер қимыл-қозғалысты қажет ететін, еліктіретін, бір-бірімен сайысқа түсетін ойындардан көбірек үйренеді. Сонымен қатар тілдің белгілі грамматикалық жақтарын жаттықтыратын немесе нығайтатын құрылымдық ойындар оқушының қабілетімен біліміне байланыстырылуы керек. Егер тақырыптар үйлеспесе немесе оқушының тəжірибе шеңберінің сыртында болса, ойын, біріншіден, қиындайды, екіншіден, маңызын жоғалтады.

Ойын əсерінің келесі факторы — ойынның ұзақтығы. Көп ойындардың уақыты шектеулі, алайда оқушының деңгейіне жəне біліміне байланысты ойын ұзақтығын ұзарту немесе қысқарту ұстаздың еркінде.

Ойындар көбінесе көңіл сергітерлік қысқа жаттығулар ретінде немесе сабақ соңында азғантай бос уақыт қалған кезде ойналады. Əйтседе, Лидің пайымдауы бойынша, «ойын оқушы мен оқытушының сабақ уақытында істейтін ісі қалмаған кезде қолданылатын тыс жаттығу ретінде бағаланбауы керек. Ойындар шет тілдік үйретудің жүрегі болуы керек» [4; 52]. Риксон «Ұқыпты əрі үйлесімді таңдалған ойындар дəрістердің барлық деңгейінде қолданылуы керек» [4; 54] деп, кеңес береді. Сабақтың əр түрлі кезеңдерінде ойынға байланысты мұғалімнің мақсаттары түрленуі мүмкін.

Ойындар көңілді, əрі ұнамды бағытта оқығандарын еске түсіру арқылы үйренушінің қайталау жаттығуларында жақсы қызмет атқарады. Аты аталған барлық авторлардың пайымдауы бойынша, ойындардың көрсеткіші тек айғай-шу мен көңілді оқушылар болса да, оқушыны жігерлендіретіндіктен, сөйлеу мəдениетін дамытатындықтан жəне жетік меңгертетіндіктен, көңіл бөлуге тұрарлық жайт екеніне еш қарсылықтары жоқ.

Сөз ойындарының жиынтығы — шет тілін үйретуде ұстаздар үшін өте құнды қор. Ең алдымен, жиі кездесетін сөздіктер мен құрылымдарды қолдану арқылы тілдің өркендеуіне негізделе отырып, олар сынып дəрістерін нығайтады, қосымша емле ережесі мен сөйлеу мəдениетін дамытады. Сонымен қатар тыңдауға да жаттықтырады.

Ең нұсқаулы тіл үйретуде ойындар — арнайы құрылымдарды айрықша екпіндейтін ойындар. Олар тек үйреншікті өрнектерді жаттықтырып қана қоймай, сонымен қатар жеңіл əрі ұнамды бағытта, грамматиканың қиындықтарын ұмыттырып, көңіл көтеруге маңыз бөледі. Мəселен, маңызына қарай Иə/Жоқ сұрақ ойыны, Wh-сұрақтар ойыны, салыстырмалы жəне күшейтпелі шырайлар ойыны, үстеулер ойыны т.с.с. ойындарды айтуға болады.

Шет тілін үйренуде грамматиканы меңгеру ең маңызды мəселе. Сол себепті оқушының назары мен күш-жігерін грамматикаға бағыттау үшін барлық жолдарды қарастыру қажет. Сол жолдардың бірі — балаларды емін-еркін атмосферада жаттықтыратын ойындар. Жасөспірімдер сыныптан, тақырыптан, бағдарламадан тыс емін-еркін сезінуді ұнатады жəне білім беру процесінің объектісі емес субъектісі болуды қалайды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, ойын тудыратын қуат көзі үлкен мақсаттарға жеткізетін күш-жігерді қалыптастырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет