Шет тілін оқытуда ойындарды қолданудың басқа себептері төмендегідей:
Оқушының назарын арнайы грамматикалық құрылымдарға аударады.
Тілді жəне ойды нығайту, қайталау жəне байыту қызметтерін атқарады.
Қабілеттері əр түрлі деңгейдегі оқушыларды қатыстырады.
Үйренушілердің жасына жəне тілдік білім деңгейіне байланысты өзгертуге болады.
Сыныпта қызықты тартысты атмосфера болуына ықпал етіп, тілді тиянақты, тапқыр, əрі емін- еркін қолдануды қалыптастырады.
Кез келген тіл оқыту жағдайларында, дəлірек айтатын болсақ, оқу, жазу, сөйлеу жəне тыңдау бағыттарында қолданыла алады.
Оқушының тақырыпты түсініп-түсінбегенін бірден анықтайды.
Оқытушының көп еңбегін қажет етпей, бүкіл оқушылардың қатысуына кепіл болады.
Ойын оқытушының сабақ жоспарына жаттығулар жəне диалогтармен қатар алдын ала кіргізілуі қажет. Табан астында ойластырылған болмауы керек.
Ойындар тілге деген қызығушылықты оятатын маңызды жол. Қызықты жəне көңіл көтерерлік болғанымен, оқыту процесінің бір бөлігі. Сол себепті, оқушылардың бұған мұқият болуын талап ету керек. Сонымен қоса оқушылар ойын уақытының шегі бар екенін білгені жөн. Ойынды сабақтың соңғы 5 минутында бастаудың пайдасы жоқ. Ойынның бітуіне 5 минут қалғанда ескерту керек, себебі оқушылар соған қарай сөздерін аяқтайды.
Оқушылардың жасы өскен сайын, оқытушы ойналатын ойынды аса мұқият таңдау керек. Бүлдіршіндер қимыл, іс-əрекет ойындарын ұнатса, жоғары сынып оқушылары сөз жұмбақ, пазл, постер жарыстарын т.с.с. ойындарды ұнатады.
Жаңа технологиялармен жақын таныс заманауи оқушыларға сабақты қызықты етіп өткізу үшін заманауи тіл үйрету тəсілдері көп жұмысты қажет етеді. Жақын қарым-қатынас тек оқушылардың арасында ғана емес, оқушы мен оқытушының арасында да болуы керек. Бұл ересек оқушылар үшін өте маңызды, себебі олар көбіне мұғалімге сын тағуды ойлайды, яғни мұғалім қызықты əрі əдемі немесе мұғалім қорқынышты əрі қатал сияқты.
Оқытушының ақылға тоқу керек нəрсесі, оқушының қызығушылықтары істің, ойынның формасында, қалыбынды емес, мəнінде əрі мазмұнында.
Жоғарыда айтылған шет тілін үйрету тəсілдердің бəрі тек балалар үшін компетентті емес, сонымен қатар үлкен жастағы тіл үйренушілерге де арналған, өйткені заттарды тəжірибе арқылы үйрену адам табиғатында бар. Адамдар туған тілін есту, еліктеу, қайталау жəне өмірлік жағдайларда қолдану арқылы үйренеді. Дəл осы жол екінші тілді үйрену үшін де ең əсерлі жол. Сол себепті қазіргі тəжірибелі мамандар тіл мұғалімдеріне стандартты сөздік жазу, жаттығудан гөрі іс-əрекет, қимыл, ойындар арқылы үйретуге кеңес береді. Мамандардың айтуы бойынша, «ойын тəсілін қолдану арқылы үйретудің тамаша нəтижелерін бақылап жүріп, күндердің бір күнінде жаңа тілді қалайша жетік меңгергеніңе таңғаласың. Жəне де, өзіңнің жаңа идеяларыңмен тəсілдеріңді дамытып, оқушыларыңның оқу деңгейі жоғарлауына əсер бересің.»
Қорыта айтқанда, белгілі бір мақсатқа құрылған ойынның қашанда баланың жаңа сабақты терең меңгеруіне əсері күшті. Ойын баланы зерігуден, жалығудан құтқарады жəне сабаққа деген қызығушылығын арттырады
Достарыңызбен бөлісу: |