Ойын «Портфель»
Кесір: Балалар, мен енді түсіндім, жастықпен үйдегі төсекте ұйықтаймын, сағатты да үйге апарып қоямын, мені ерте ояту үшін. Ал бәліш пен кәмпитті сабаққа апаруға, сабақта тамақ жеуге болмайды. Бұдан былай мен енді:
Таң атқанда ұйқымнан ерте тұрамын
Тісімді тазалап, беті-қолымды жуамын
Әрқашан ұқыпты, таза жүремін
Мен енді әдепті бала боламын.
Мен де енді мектепке барамын
Жүргізуші: Бұл балалардың өнерлі боп өсуіне көп көмек берген осы балабақшаның апайлары. Ендеше, балдай тәтті балаларымыздың осы балабақша қызметкерлеріне арнаған жыр шумақтарын тыңдайық.
Орын берген бақшадан
Меңгеруші жақсы адам
Сондықтан да біз үшін
Артық өзі басқадан
Бұл бақшаның жүрегі
Бөбектердің тірегі
Ол _______ апай ғой
Оны бәрі біледі.
Әдіскер бар бақшада
Талапты, әрі әдемі
_____ апайдың байқасақ
Әрбір сөзі мәнерлі
Бөбектерге үлгі боп
Ашты білім есігін
_______________________ апайлар
Жүректе қалар есімің.
Ақ халатты киеді
Аппақ болып жүреді
__________ апай тілейді
Балалар ауырмай жүрсін деп,
Денсаулығы мықты боп
Ұзақ өмір сүрсін деп.
Ас әзірлеп бақшада
Көңіл бөлер бақшаға
Дәмді тағам дайындау
Еңбек қой бұл қаншама
Қолы алтын аспазшылар
_________________
Ешқашан да шаршама!!
Гули апай біздерге
Әсем әндер үйретеді
_______ _______
Тал шыбықтай иілген
Ұл-қыздарды билетеді
Сіздерге шексіз алғысты
Айтып жүреміз үнемі
Балабақша-бесігім
Қайсысын айтып бітейін
Ағылшынша үйреткен ______ апайға
Алғыс айтып кетейін.
Біздер үшін еңбек еткен шаршамай
Баршаңызға рақмет апайлар
Көмекші апай сізді де
Еске аламыз ешқашан да ұмытпай!
Жүргізуші: Иә. Бұл бақшадағы әрбір апайдың есімі балалардың жүрегінде мәңгі жатталып қалатыны сөзсіз. Әсіресе, тәрбиешілердің ерен еңбегі ешқашан да ұмытылмас. Олай болса, келесі әнімізді тәрбиеші апайларға арнаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |