1.ОЖЖ тежелу дегеніміз не? ОЖЖ интеграциялық қызметі қозу және тежелу үрдістері арқылы іске асырылады. 1863 жылы академик М.И. Сеченов «Орталықтағы тежелу» атты тақырыпта тәжірибе жасап, орталық жүйке жүйесінде қозумен қатар тежелу де болатынын дәлелдеді. Ч. Шеррингтон, Н.Е. Введенский, А.А. Ухтомский, И.П. Павлов тежелу үрдісі мидың барлық бөлімдерінде орын алатынын көрсетті. Жұлын рефлекстерінің тоқтауы мұнда тежелудің дамығанын көрсетеді. Тежелу - қозу сияқты белсенді үрдіс. Орталықтағы тежелу шеткі ағзалардың қызметінің қозуын әлсіретеді, не тоқтатады. 2.ОЖЖ рефлекстерді үйлестіруі дегеніміз не? Үйлестіру – бұл ОЖЖ-дегі нейрондар мен жүйке орталықтарының интеграциялық бірлескен іс әрекет қызметі. Нәтижесінде адекватты рефлекстер пайда болады. 3.ОЖЖ рефлекстерді үйлестіру негізін құрайтын құбылыстар
4.Орталық жүйке жүйесінде туатын тежелу үрдістерінің пайда болу механизмдеріне қарай 4 түрге бөлінеді оларды ата және түсінік бер Постсинапстық (синапстан кейін) тежелу – Реншоу жасушасы тәрізді тежеуші
нейрондардың қатысуына байланысты туады (постсинапстық мембрана гиперполяризацияланады). 2. Пресинапстық (синапсқа дейінгі) – Реншоу жасушасы қатысады (деполяризация салдарынан мотонейронды қоздыратын жүйке талшығынан медиатор бөлінбей қалады). 3. Пессимальды тежелу - күшті серпіністердің жиі-жиі келіп түсуіне байланысты медиаторлар көбейеді де – постсинапстық мембранада тұрақты деполяризация пайда болады. 4. Қозудан кейін туатын тежелу - реполяризация кезеңі аяғында туындайтын гиперполяризацияға байланысты.