«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты тақырыпта өтілген «адал ұрпақ» еріктілер клубының мүшелері ауылдық округ әкімімен кездесуі жайлы анықтама



Дата01.11.2019
өлшемі4,16 Mb.
#50961
Байланысты:
адал ұрпақ кездесуі
Хим Пром 14-апта
« Айтжан Түркебаев атындағы орта мектебі

мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты тақырыпта өтілген «адал ұрпақ» еріктілер клубының мүшелері ауылдық округ әкімімен кездесуі жайлы

анықтама
23.05.2019 жылы «Адал ұрпақ» еріктілер клубының мүшелері, яғни 9-11 сынып оқушылары Саты ауылдық округ әкімі Ибраимов Әлібек Тұрыскелдіұлымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты тақырыпта кездесу өтті. Кездесу барысында топ қатысушылары ерекше белсенділік танытып, сыбайлас жемқорлықтың қалай алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық жасағаны үшін қандай жаза беретіні туралы сұрады.

Кездесу соңында қатысушылар қойған сұрақтарына жауаптар алды, және ауыл әкімі Ибраимов Әлібек Тұрыскелдіұлына алғысын айтып, мұндай кездесулер өскелең ұрпақты тәрбиелеуде өте маңызды екенін атап өтті.



Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Шонмурынова А



«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты тақырыпта өтілген «адал ұрпақ» еріктілер клубының мүшелері ауылдық округ әкімімен кездесуі

«Айтжан Түркебаев атындағы орта

мектебі мектепке дейінгі шағын

орталығымен» коммуналдық

мемлекеттік мекемесі бойынша

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп

клубының атқарған жұмыстарына

Анықтама

«Айтжан Түркебаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылды.

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубына 5-11 сынып аралығында әр сынып оқушыларынан 1 жетекші, 1 көмекшіден тағайындалды.

15.09.2018 жылы Мектеп ұжымымен оқушыларға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» жұмыс жоспары таныстырылды.

18.10.2018 жылы Мектеп кітапханасында «Парасатты азамат» бұрышы ұйымдастырылды. «Парасатты азамат» бұрышы тоқсан сайын өзгертіліп отырады жауапты мектеп кітапханашысы Толыбаева Жанар

15.11.2018 жылы «Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты тақырыпта ата-аналар жиналысы болып өтті . Сынып жетекшілерімен пед ұйымдастырушысы бірлесе өткізген жиында баяндамалар оқылып ата-аналар өз ойларын ортаға салды. Жемқорлық біздің қоғамға өте зиян екендігі айтылды.

12.12.2018 жылы Мектеп пед ұйымдастырушысы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» Заңының баптарымен оқушыларды таныстыру мақсатында әңгіме-сұхбат құрды. Оқушыларды «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» Заңының баптарымен таныстыру кезінде кеңінен түсініктеме жұмыстары жүргізілді.

17.01.2018 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында мұғалімдерден сауалнама алынды. Сауалнама бойынша қортынды жасалып анықтамасы жазылды. Мұғалімдер сауалнаманы еркін түрде ашық толтырды.



07.02.2018 жылы «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» атты тақырыпта 5-11 сынып оқушылары арасында суреттер байқауы болып өтті. Оқушылар өз өнерлері бойынша суреттер салып көрмеге қатысты. Жалпы жұмыстар жоспар бойынша орындалып келеді.

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шонмурынова А

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет