Мектеп психолог қызметінің 2015-2016 оқу жылының жарты жылдық есебі
Раздольный орта мектебі
мектеп психологы
Ахметжанова Замзагуль Талгатовна
Мектептегі психологиялық қызметке дұрыс әлеуметтік сұранысты қалыптастыру мақсатындағы міндет – педагогикалық ұжымды, оқушыларды және ата-аналарды психологиялық ағарту арқылы, сұраныс иелерін психолог жұмысының түрлерімен, бағыттарымен құқықтары және міндеттерімен таныстыру арқылы, бүкіл педагогикалық ұжымды психологиялық қызметтің жұмыс стратегияларын жасауға қатыстыру болып табылады.
Мақсаты: психологтың атқарған жұмыстарына тоқталып, шолу жасап, атқарған жұмыстарына байланысты есеп беру.
2015-2016 оқу жылының жарты жылдық жұмысына есеп берер болсақ, көптеген жұмыстардың атқарылғандығы көрсетіледі.
Мектебіміздің 5 сынып оқушыларымен жаңа орта буынға бейімделуін аңықтауға жүргізілген жұмыстар мынадай:
5 сынып дегеніміз не?
5 сыныпқа бейімделуі
Өзіңді таны
Орта мектептегі жаңа оқушы
Біз бір-бірімізді түсінемізбе?
Біздің мұғалімдеріміз! атты 5 сыныпқа жаңа орта буынға бейімделуіне арналған сабақтар, тренингтер, әдістемелер жүргізілді.
Орта буынға 11 оқушы келді. Олардың ішінде 7 ұл бала және 4 қыз бала. Оқушылар «Психология» сабағына өте белсенді қатысты. Олар өте шапшаң, қозғалыстары, қимылдары тез, ойлау қабілеттері жақсы, ойындарға қызығушылықпен қатысты. Мирзабек Нұрқасым өзін толық ұстай білмейді, шыдамсыз, әр уақытта қозғалыста, қасындағы оқушыларға кедергі жасап, өзінің ісіне жауап бере алмайды. Социометриялық әдіс бойынша өзі шеттеп қалған оқушы. Осы әдіске байланысты лидерлік қасиетке ие болғандар: Жүсіп Жасқанат, Шаймуратов Айдос, Қажыбай Нұралы және Қайролла Жансерік. Оқшау қалғандардың ішіне Салимтай Наргизді жатқызуға болады. Қыздармен жеке жұмыс жүргізілді. Олардың өз ойлары жоқ екендігін көрсетті де, Оспанова Алина үлкен рөл атқаратының түсіндірді.
«Мен үшін ең маңызды» жаттығуында оқушыларға сұрақ қойылды. Алыс сапарға аттану үшін ең маңызды 3 затынды ал? деген сұрақ қойылды. Оқушылардың ең 1 таңдауы бойынша «Сотка» (қазіргі заман талабына сай), екінші таңдауда су (оқушылар өмірде судың алатын орны бөлек екенің біледі) үшінші таңдауда басым болған компос (балалардың өмірлік жолды таңдау үшін, өзіне көмек беру үшін, адасып қалмау үшін) ал фантазиясы мықты болып, өмірге қорқынышпен қарап, өзін сенімсіз ұстаған тағы да Мирзабек Нұрқасым болып шықты. Мирзабек Нұрқасыммен жеке әңгіме жүргізілді. Жаңа ортаға буынға бейімделуіне арналған 5,10 сынып оқушылар арасында тренинг жүргізілді.
1 «А», «Б» сынып оқушыларымен мектепке бейімделуіне байланысты Керн-Йерасек тесті жүргізілді. «Корректорлық байқау» әдістемесі өткізілді. 1 «Б» сынып оқушысы Калипенова Дильназ Керн-Йерасек тестін орындай алмады деуге болады, қиынсынды. Ол қызды шыдамсыз, айтқанды түсінбейтін, басқа оқушыларға кедергі жасайтын, өте шапшаң қозғалатын (гиперактивный) балаға жатқызуға болады деп саналады.
6 сыныпқа тоқталсақ, «Сынып арасындағы қарым –қатынас» атты тақырыпта тренинг жүргізілді. Социометриялық әдіс қолданылды. Сынып бойынша лидерге басым Кеңес Арайлым мен Имамағзам Айгерім оқшау қалғандары жоқ деп саналады, өйткені Ахметжан Ұлағатты шеттеп қалғандар арасына жатқызуға болмайды деп саналады сыныптағы жалғыз 1 ұл бала.
Психологиялық жұмыс бағыты бойынша мынадай психологиялық диагностика жүргізілді:
Психогеометриялық тест - 6-10 сыныптар,
Социометриялық әдіс 5-11 сыныптар
Жаңа орта буынға бейімделуін анықтауға арналған зерттеу жұмыстары 5,11 сынып
Таным қабілеттерінің даму деңгейін диагностикалау 5-11 сыныптар
Психологиялық алдын-алу мынадай жұмыстары жүргізілді:
9- 10 сыныптарда «Мінез адам көрсеткіші» атты сабақ өткізілді, сабақтың мақсаты: оқушылардың мінез-құлық туралы түсініктерін кеңейту, адамгершілікке тәрбиелеу.
«Ашық хат», «Менің отбасым» жаттығулары 9-11 сынып оқушыларымен өткізілді де ата-аналар жиналысында талқыланды.
«Мамандық таңдау болашақты таңдау» атты 9 сынып оқушыларымен сауалнама, пікіралмасу жүргізілді.
«Біздің мұғалімдеріміз. нағыз мұғалім, ол....» мұғалім оқушы көзімен атты әдістеме 5-11 сыныптар арасында өтті.
«Біздің сынып» атты жаттығу 5-11 сыныптарда жүргізілді.
Психологиялық кеңес беру жұмыс бойынша 8-9 сынып қыздарымен сырласу, Кәсіптік бағдар бойынша кеңес беру 9 сынып
Жеке және топтық әңгімелесу
Суицидтік мінез-құлықтың алдын-алу мақсатында жұмыс жоспары жүргізілді. «Өз-өзіне қол жұмсау қоғам детрі ме?», «Суицид тығырықтан шығар жол емес» дегендей 8-11 сыныптарға арналған баяндамалар оқылды. «Мен өміріме, қажеттілігіме жауаптымын» атты 10 сынып оқушылар арасында тренинг өткізілді. 8, 10 сынып оқушыларымен ИСН (индивидуальное суициальное направление) әдістемесі жүргізілді.
11 сынып оқушыларымен ҰБТ (Ұлттық бірыңғай тестілеу)ге байланысты жоспар бойынша жұмыстар жүргізілді. «Сенім менің серігім», «Емтиханда өзінді ұстау ережесі», «ҰБТ сеніммен барайық», «Стресспен қалай күресуге болады» атты тренингтертер жүргізіліп, лекциялар оқылды. Тренинг мақсаты: мектеп түлектерінің ҰБТ-ға дайындығын тексере отырып, қорқыныш пен іштей қиналған сезімдерден құтылуға, адал болуға психологиялық көмек көрсете отырып, бойларына сенімділік ұялату.
10-11 сынып арасында «Мен және менің ортам» атты топтық тренинг жүргізілді.
Ата-аналармен жұмыс жүргізілді. 2015 жылдың 18 қыркүйек күні «отбасылық тәрбие конференциясы» атты 1 сынып ата-аналарына арналған конференциясы өткізілді. Конференцияға 9 ата-ана қатысты. Конференция мақсаты ата-аналарға бала тәрбиесі жөнінде әр отбасында жақсы тәрбие берілуіне ықпал ету, өз баласын жақсы тану, көмек беру және кеңес беру.
Достарыңызбен бөлісу: |