Мақсаты: қатысушыларды ұйымшылдыққа, ғылымға, тапсырмалардың шешімін оңай және жылдам шешуге, топта жұмыс жасауға және өзіндік пікірді дамытуға бағыттау.
Жүргізуші: Құрметті ойынға қатысушылар, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі жанынан құрылған «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы Қазақстанның жалпы ұлттық киелі орындары қатарына кіретін 100 нысанның тізімін жариялаған болатын. Бұл нысанға Батыс Қазақстан облысынан 6 киелі орын енгізілді. БҚО киелі жерлері белгіленген интерактивті картаны құрастырыңыз.
Тапсырма №1. Орал қаласында Достық даңғылы 206/1 мекенжайында орналасқан, жалпы алаңы 260,2 шаршы метрді алып жатқан генерал Л.Л.Аничхиннің үйі қай жылы тұрғызылды?
1. Шыңғыс берді гүл
Алмас берді 3 гүл,
Саят пенен Жақсылық
Тағы берді 7 гүл
Нұршат пенен Назерке
Әкеліп берді 3 гүл
Қалғандары қосылып,
Берді тағы 4 гүл.
Қанша гүл болды барлығы? (18 гүл)
2. Үш пар ат 9 км-ге шапса,әр ат қанша км-ге шабады? (9 км)
3. Үстел үстінде үш алма тұр. Бір алманы алып, ортасынан бөліп қайта қойды. Үстел үстінде неше алма болды? (3 алма)
Жауабы: 1893 жыл Бөлмеге 1 8 9 3 деген сандарды жапсырып қою. Қатысушылар сандарды қосқан кезде артынан сөздер шығады. Ежелгі сармат кезеңіне жататын ақсүйек бай әйелдің жерленген орны табылды. Қабірден әйел адамның алтын әшекей бұйымдары, ерекше шошақ төбелі алтындаған бас киім қалдығы, соғыс көрінісі бейнеленген тарақша т.б. жалпы салмағы 3 келіге жуық көптеген алтын бұйымдар табылған орын қай қорған және елді мекен өлкенің қай жерінде орналасқан? Алдарыңыздағы теледидардан тауып беріңіз. Сол киелі жер картасының бөлігін табыңыз.