Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі



Pdf көрінісі
бет28/35
Дата20.06.2022
өлшемі1,19 Mb.
#146837
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35
Байланысты:
Ойлау м дениетіні пайда болуы. Философияны п ні мен дісі
9 7U Music and Film. Types of films p75, 1 ghjrydbfgafds, 1000728540, 1000728540
әсемдік.
Оны, ең кең 
түсініктемесінде, кемел үйлесімділік деп қарастыруға болады. Әсемдікті түсіндірудегі 
үйлесімдік (гармониялық) деп отырғанымыз, белгілі бір тұтастықты құрастырып отырған 
бөлшектердің элементтерінің сыртқы қарама қайшылық өлшеміне сай бірлігі. Әсемдік – 
материалдық және рухани дүниенің адамды ләззатқа бөлейтін сипаты. Эстетикалық ұғым 
ретіндегі әсемдік әдемілікпен тектес. Бірақ, әдемілік объектілердің сыртқы және ішкі 
қырларын бірдей қамтыса, әсемдік құбылыстардың сыртқы көзге түсетін және пішіндік 
ерекшеліктерін эстетикалық тұрғыдан қабылдауға жатады. Әсемдік ең алдымен, тепе-
теңдік, тұтастық, үйлесімдік, ырғақтылық, мақсатқа сәйкестілік, түс пен жарықтың белгілі 
бір мөлшері т.б. табиғи өлшемдерін эстетикалық түсінуде адамның сезім мүшелерімен 


қатар, оның ішкі түйсігі мен ақыл парасаты ерекше рөл атқарады. Пішіннің сыртқы әсемдігі 
оның ішкі мазмұнымен сәйкес келмеуі мүмкін. Ізгілік пен жылылықтан алыс әсемдік 
кейпіне ежелгі қазақ аңыздарындағы Пері қызы, грек мифологиясындағы Нарцисс 
бейнелері жатады. Әсемдікті рухани сұлулықтан алшақтатып жіберген дұрыс емес. Өмір 
мен өнерді әсемдік рухани қуаныш пен ләззатқа бөлей отырып, қоғамда зор танымдық және 
тәрбиелік рөл атқарады. Адам дүниені әсемдік үлгісінде қайта құруға ұмтылады. Адамның 
түрі де, киімі де, жаны да, ойы да әсем болуы керек. Адамның сұлу тұлға мұратына 
ұмтылуына қай халық өмірінде болмасын үлкен көңіл бөлінген. Мысалы, Қазақтар киелі 
әйел Құдай Ұмайды өте әсем, сұлу және қайырымды, жарқын жүзді, күміс шашы аспанды 
жарқыратқан, күн сәулесімен кемпірқосақ нұрына шомылған, қолында балаларды 
қорғайтын алтын садағы бар жас келіншек немесе қыз ретінде таныған.
Өнер өзінің нақты түрлерінде өмір сүреді: әдебиет, театр, кескіндеу, мүсін, би, ән, 
графика, сәулет қолданбалы және декоративті өнер, цирк, көркем фотогафия, кино, 
теледидар. Өнердің түрлерге бөліну принципі-шындықтың эстетикалық байлығына 
сүйенетін, әлемді көркемдік игеру саласындағы адамның қоғамдық практикасы типтерінің 
алуан түрлілігі. Адамзаттың әлемдік-тарихи практикасының негізінде, адамдардың еңбек 
әрекеті үдерісінде дамзат рухының байлығы қалыптасты, адамның эстетикалық сезімдері, 
оның әуезді құлағы, форма сұлулығын көретін көзі, сұлулықпен шабыттану қабілеттері 
дамыды. 
Сазгер табиғат картинасын естіп қабылдайды, ал суретші сол картинаны дыбыспен 
емес, көз жанарымен қабылдайды, формалар сұлулығынан, желілер ,жарық пен көлеңке 
ойынынан ләззәт алады. 
Өнердің дамуы үшін оның әрқайсысы өз ерекшеліктеріне орай бөлінуімен қатар, 
әрқайсысы өз қайталанбастығымен дараланатын музалардың өзара әрекеті де маңызды 
ықпал етеді. Өнер түрлерінің бірігуге, қосылуға жақындығына қарамастан, олар осы 
өздерінің айрықша ерекшеліктерін сақтай отырып, адамзаттың көркемдік мәдениетіне
әлемдік эстетикалық игілікке жаңа, өзгеше үлестерін қосып отырады. 
Философия статусы жеке ғылымдарға қарағанда кеңірек, яғни ауқымды, сондықтан 
Батыс елдерінде философияны тіпті өнер саласына жатқызатыны мәлім. А.Шопенгауер: 
«Философия ғылымының кемшіліктері – оның ғылым жолымен дамуында, ал шынында 
философия көркемөнердің бір түрі ғана» деген пікір айтқан болатын.Егер біз философияны 
көркемөнер саласымен салыстыратын болсақ, онда біз олардың бір-бірімен біршама көп 
ұқсас жақтарын ашуымызға болады. Менің ойымша философияға қанша тұлға атсалысса, 
соншалықты философияның түрлері бар. Өнер саласындағы туындылар да бір-бірін 
қайталамайды, ол жерде өнерпаздың дүниеге деген тұлғалық, сезімдік қарым-қатынасы 
өзгеше болып көрініп тұрады. Шынайы философиялық шығармалар көркем өнердегі ұлы 
туындылар сияқты, адамның жүрегінде, ой өрісінде өшпес із қалдырады,оның жан дүниесін 
ұлылық, құлаштап жетпес биіктік, әсемдік, гармониялық сезім билейді. 
Философияны өнерге жақындататын келесі мәселе Дүниенің біртұтастығын көрсету, 
ішке және сыртқа қарай шексіз Дүниенің суретін жасау философия саласындағы ең қиын 
істің бірі. Өйткені Дүние жөніндегі ғылыми деректер әр уақытта өзінше шектелген. Олай 
болса, тек қана ғылыми жолмен шексіз Дүниені шектелген білім арқылы біртұтас ретінде 
суреттеу мүмкін емес.Ал, бірақ адамның жүрегінде Дүниені толығынан түсіну ұмтылысы 
ешқашанда бітпес іңкәр болып қала береді де, әртүрлі Дүние суре-тін тудырады. Ол үшін 
философ өзінің Дүниесуретін ғылыми деректер жетіспеген жағдайда қиял арқылы 
толықтырады, сезім толқындарымен бояйды. Олай болса, философия өзін тудырған 
мифологиядан толығынан бөліне алмайды. Философия мен көркемөнердің бір-біріне 
жақындығын, бір-біріне өтіп жатқанын айқын көрсететін нәрсе тарихтағы ұлы тұлғалардың 
шығармалары. Оған Платонның «Диалогтарын», нақыл сөздерін, Ницшенің афоризмдерін, 
Камюдің эсселерін жатқызуға болады, өйткені олардың философиялық мазмұны көркем 
сөзбен берілген. Ал Абайдың өлеңдері мен Әуезовтың романдарында Достаевский, Толстой 


сияқты орыстың ғұлама жазушыларының шығармаларында терең философиялық сыр 
жатыр. 
Сонымен, философияда өнер көркем образдар жүйесі арқылы адамның 
дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана 
мен адам танымының формасы. Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, 
өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық 
құбылыс. Бірақ, қалай дегенде де, философияның әртүрлі жақтарын бір-бірінен ажыратып 
бөлек алуға болмайды. Философия біртұтас ерекше Дүниеге деген көзқарастық білім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет