Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі



Pdf көрінісі
бет25/35
Дата20.06.2022
өлшемі1,19 Mb.
#146837
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35
Байланысты:
Ойлау м дениетіні пайда болуы. Философияны п ні мен дісі

Ж-П.Сартр


 
Әлемдік 
философияда 
еркіндік 
туралы 
бір-біріне 
қайшы 
көзқарастар 
қалыптасқан. Гегель еркіндікті 
субъективті 
рухпен, 
Фейербах 
адамның 
өзінің 
ерекшелігімен байланыстырса, дін оны адамдардың құдайға құлшылық етуімен, 
экзистенциалистер адамның психикалық актілерімен байланыстыра қарастырады. К.Маркс 
еркіндік мәселесін қажеттілікті және заңдылықтарды білумен, оны игерумен байланысты 
түсіндіреді. Ф.Энгельс өзінің “Анти-Дюринг” атты еңбегінде еркіндік әлдебір нәрседен 
тәуелсіздік нышаны емес, керісінше, ол адамның жаратылыс күштеріне, қоғамдық қарым-
қатынастарға және өз болмысына үстемдігі дейді. Еркіндік — нақты және салыстырмалы 
ұғым. Мысалы, адам әр түрлі жағдайларға байланысты еркін болады немесе одан мүлдем 
айырылады. Ол өмірдің бір саласында өзін еркін сезінгенімен, өзге бір салада оған жете 
алмауы да мүмкін. Сол секілді жеке адамның және ұлттың еркіндік дәрежесі де әр 
түрлі. Шынайы еркіндік — адамдар арасындағы мәдени қарым-қатынастардың кепілі. 
Әр адам өзі үшін қандай қиындықтар маңызды екенін өзі таңдайды. Дегенмен
көптеген рухани абсолюттер барлық адамдарға бірдей және ұқсас. Философия тарихында 
әр түрлі жағдайларда және орындарда көтерілген құндылықтар «теңдік», «еркіндік», 
«еңбек», «әділеттілік», «өмір сүйгіштік» т.б. жалпы адамзаттың рухани құндылықтары 
қатарына жатады.
Рим стоиктері тұлға психологиясымен айналысты. Ұждан моральдың функционалды 
ұғымы, ал еркіндік моральдық, әрекеттің тетігі ретінде қарастырылды. 
Спиноза адамгершілік принциптерініңтабиғи сипатын ерекше атап кәрсетеді. 
Ең бастысы — Спиноза адамның еркіндігін, оның ақыл-ойының еркіндігін жария етеді. 
Оның ойынша, адам адамгершілікті өз бойында еркін қалыптастыруға қабілетті, қорқыту, 
үрей (мемлекет және басқа адамдар тарапынан) арқылы адамгершікке тәрбиелеу мүмкін 
емес, себебіоның табиғаты ізгілікті.Адам өмірінің мәнін Спиноза бақытқа жету деп түсінді, 
осы бақытқа жету жолында оның ақыл-ойы адамгершілік ережелерін туындатады. Спиноза 
еркіндік мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Оның пікірінше, еркіндік ұғымы қажеттілік 
ұғымына қайшы емес.
Еркіндік дегеніміз – танылған қажеттілік, яғни саналы түрде және нақты не нәрсе 
қажет екендігін түсіну деп ойлады. 
Фихте философиясы онтологиялық алғашқы сипаттағы іс - әрекет ілімімен тығыз 
байланыста. Бұндағы жалғыз субстанция – субъект, мен, таза іс - әрекет. Іс - әрекеттің 
жоғары принципі – адамгершілік заңы. Маңызды мәселе – еркіндік мәселесі. Еркіндік 
дегеніміз - жалпы қажеттілікке өз еркіңмен бағыну. Жалпы еркіндіктің негізі – барлық 
адамдарды жеке меншікпен қамтамасыз ету. Фихте бейсаналық мәселесін де шешуге 
тырысады. 
Ф.Шеллинг шығармашылығында еркіндік философиясы мен өнер философиясы маңызды 
орын алады. 
Ж.П.Сартрдың негізгі мәселесі – таңдау мәселесі. Өзекті философиялық ұғым - өзіндік 
болмыс. Ол адам үшін жоғары реалдылық, оның шын мәнін басқалармен қарым – қатынас 
процесінде түсінесің. Өмір сүрудің маңызды шарты – еркіндік. Бүкіл өмір - әртүрлі кішкене 
өмірдің жиынтығы, байланысы, өйткені адам өз өмірінің жекелеген кезеңдерінде өзі үшін 
аса маңызды таңдау жасайды. Мысалы: жұбай таңдау, кәсіп таңдау, жұмыс орынын таңдау, 
күреске қатысу, соғысқа аттану т.б. 
Адам еркіндігі абсолютті. Еркіндік мәселесімен қатар жауапкершілік те туындайды. 
Ш.Уәлиханов ағартушы – ғалым ретінде халықтың білімді және еркін болғандығын 
армандады. «Тек білім өмірді бағалауға үйретеді, адам өміріне жайлы тұрмыс құруға 
жағдай жасайды. Халықтың рухани өсіп – жетілуі үшін еркіндік пен білім өте қажет» деп 
жазды Ш.Уәлиханов. 
Жауапкершілік пен еркіндік өмірлік маңызды экзистенциалдық категориялар ретінде 
философия тарихында діни, этикалық, заңдық, тарихи тұрғыда әр қырынан қарастырылып 
келді, әлі де зерттеліп бітпеген. Бұл философиялық ұғымдар адам тіршілігінің 


маңыздылығын сипаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет