Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж



бет78/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Зығырдың аурулары
Бұл дақыл ежелден егілетін Ресейде тат,пасмо немесе септориоз, полиспороз, антракноз және т.б. аурулар кең таралған. Олар келешекте еліміздің солтүстік өңірінде айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Сонымен қатар, зығырсаңырауқұлақтар қоздыратынфузариозды және вертицеллезды солу, альтернариоз және т.б. ауруларға шалдығады.
Тат. Қоздырғышы –Basidiomycota класының Урединиялылар қатарына жататын Melampsora lini Desm. Барлық даму кезеңдері зығырда өтетін бір иелі саңырауқұлақ. Өскін кезінде жапырақтардың төменгібетіндегі дақтарда реңі ақшыл-сары эций, ал үстінде, қабықша астында, спермогоний сатылары дамиды. Өсімдіктердің шанақтану-гүлдеу кезеңінде жапырақтардың екі жағында және гүл күлтешелерінде кішірек, күңгірт-сары, дөңгелектеу, немесе созыңқы, дөңгелек, ал сабақтарда жайылған қоңырқай урединийлер түзіледі. Залалданған ұлпалардың қабықшасы қақырап,спораларауа ағынымен егіске таралады. Урединиоспоралардың пішіні дөңгелектеу немесе эллипс тәріздес, мөлшері 16-27х 13- 18 мкм. Жаз бойы ауру қоздырғышы бірнеше ұрпақ береді. Күзге қарай сабақтарда, жеміс қауашығы мен сағақтарындателийлертүзіледі. Олар қатар-қатар орналасқан, пішіні призма тәріздес,жоғарғы ұшы жіңішкелеу, қабықшасы сарғылт-қоңыр, мөлшері 56-80х7-10мкм телиоспоралардан тұрады. Ауруға қатты шалдыққан өсімдіктердің түсімділігі біраз төмендейді. Урединий сатысының дамуына 18-220 С, телийлерге 11-130 С аралығындағы температура қолайлы. Ауру қоздырғышы өсімдік қалдықтарында қыстап шығып, көктемнің соңына қарай телиоспоралар өніп,базидиоспоралар жасушаларының жұптасуы нәтижесінде түзілген мицелийлер өскіндерді залалдайды.
Пасмо немесе септориоз.Қоздырғышы –Septoria linicola Grass.Deuteromycotaкласының Сферопсидалылар қатарына жатады. Аурудың алғашқы белгілері жарнақ жапырақтар жайылып келе жатқанда ортасында пикнидалар орналасқан қоңырқай дақтар ретінде байқалады. Кейінірек олар нағыз жапырақтарда да байқалып, олар мезгілінен ерте қурайды. Ауру біртіндеп өсімдіктердің сабақтарына, гүл шанағы менқауашағына және түзілетін дәнектерге жұғады. Саңырауқұлақ пикнидалары дөңгелектеу, мөлшері 80-150 мкм, жоғарғы ұшында саңылаушасы бар. Конидиялар түзу немесе сәл иілген, ұштары доғал,1-3 көлденең перделермен бөлінген, мөлшері 20-25х2-3мкм. Аурудың дамуына жаңбыр жиі жауып, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғары, температурасы төменірек (15-200 С) болғаны қолайлы. Инфекция өсімдік қалдықтарында сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет