Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж



бет1/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)


ҚОЙШЫБАЕВ М.,
ҚАЛМАҚБАЕВ Т.Ж.
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ АУРУЛАРЫ

Астана- 2015


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ АГРОТЕХНИҚАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ
ҚАЗАҚ ӨСІМДІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КАРАНТИНІ
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ
ҚОЙШЫБАЕВ М.,
ҚАЛМАҚБАЕВ Т.Ж.
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ АУРУЛАРЫ
оқу құралы

АСТАНА, 2015


ӘО К 632
ББУ
А
Қойшыбаев М. - ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, профессор,
Қалмақбаев Т.Ж. - биология ғылымдарының кандидаты
А 20 –Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары
Аграрлық университеттердің «Өсімдік қорғау және карантин» мамандығы бойынша дайындалатын студенттері мен магистрантарына арналған. - Астана, 2014 ж.

ISBN

Оқу құралында ауылшаруашылық дақылдары ауруларының негізгі түрлері мен белгілері, қоздырғыштарының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, инфекция ошақтарының табиғатта сақталу жолдары жайлы мәліметтер берілген.Сонымен қатар, аурулардың таралуы мен дамуынжәне зияндылығын шектеуге бағытталғанпрофилактикалық, агротехникалық, биологиялық және химиялық шаралар жүйесіқарастырылған. Аурулардың таралуы мен дамуын анықтау және болжау, өсімдік қорғау жұмыстарын жоспарлау жайлы нақты ұсыныстар көрсетілгенн.Оқу құралы аграрлық университеттердің өсімдіктер қорғау мамандығы бойынша дайындалып жатқан студенттері мен магистранттары және республикадаосы салада істейтін мамандарға арналған.
С. Сейфуллин атындағы агротехникалық Университтеттің оқу-әдістемелік кеңесінде қаралып, баспаға ұсынылған (хаттама № , 2014 ж. )
Пікір жазушушылар: НауановаА.П., биология ғылымдарыныңдокторы,
профессор
СарбаевА.Т., а.-ш. ғылымдарының докторы.
ISBN
Койшыбаев М.
Қалмақбаев Т.Ж.
КІРІСПЕ

Ғалымдардың болжауы бойынша үстіміздегі ғасырдың 20-жылдарына қарай дүниежүзін мекендейтін халық саны 8 миллиардқа жетеді екен. Олардынегізгі азықтық дақыл - астықпен қамтамсыз ету үшін, оның өндірісін 650 млн. Тоннадан 750-800 млн. тоннаға арттыру қажет. Өкінішке орай, мәдени дақылдардың түсімділігін көтеру халық санының өсуінен әлде қарай төмен болып отыр. Оған қоса қала тұрғындарының ұдайы өсуі және тұрғын үйлер мен өндіріс ошақтары салынуына байланысты астық,көкөніс пен картоп, техникалық және майлы дақылдар өсіретін және жеміс-жидектер отырғызатын жер ресурстары жылдан жылға азайып барады.Тығырықтан шығудың негізгі бір жолы –трансгенді селекцияны пайдалана отырып, мәдени дақылдардың түсімділігін күрт арттыру. Сонымен қатар, оларды арамшөптерден, зиянкестер мен аурулардан тиімді қорғау шараларының атқаратын рөлі зор.


Өсімдік аурулары эпифитотия дәрежесіне дейін даму салдарынаннегізгі азықтық дақылдар өніміне орасан зор шығынкеліп, халық ашаршылыққа душар болғанытарихтан белгілі.Мәселен, 19 ғасырдың екінші жартысында картоптың фитофтороз ауруының эпифтотиясы кезінде миллиондаған ирландықтар аштықтанқырылып, немесе басқа жаққа қоныстануға мәжбүр болған. 1943 жылы Оңтүсік Азияда күріш гельминтоспориозының эпифитотиясынан Бенгалияда үлкен ашаршылықорын алған.1970 жылы жүгері гельминтоспориозының уыттылығы жоғары жаңа–Т»нәсілі таралуы салдарынанАҚШэкономикасына 1 млрд долларға жуық шығын келген.Бұл мемлекетте зиянкестер мен аурулардан ауылшаруашылық өнімдеріне келген жалпы шығын мөлшері 1989 жылы150 млрд долларды құраған. 1964 және 1967 жылдары еліміздің солтүстік өңірінде орын алған сабақ және жапырақ таты ауруларының эпифитотиясы кезінде жаздық бидай түсімділігі 40-50 %-ға дейін төмендегені белгілі. 2002 жылы Шығыс және Орталық Азияны қамтыған сары тат ауруының эпифитотиясынан күздік бидай түсімділігі 30-40%-ға дейін төмендеді. Соңғы жылдары бидайдың сабақ татының алғаш 1999 жылы Кенияда байқалғанYg-99 деп аталатын жаңа нәсілі бар-жоғы 5-10 жылда Африка мен Шығыс Азия мемлекеттеріне таралып, қазір дүние жүзінің азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндіруде. Бұрынғы КСРО кезінде дәнді дақылдардың тат пен септориоз, картоптың фитофтороз аурулары биологиялық қару нысаны ретінде қаралып, олардан қорғану шаралары арнайы ғылыми-зерттеу институттарында жан-жақты зерттелген.
Өсімдік ауруларының этиологиясы және эпидемиологиясымен айналысатын ғылым саласы фитопатология деп аталады. Ол гректің «phyton»–- өсімдік және «patos» – ауру немесе патология, яғни онда орын алатын өзгерістер деген сөз тіркестерінен тұрады. М. Қойшыбаев пен А.Б. Жанарбекованың«Жалпы фитопатология» (Алматы:«Атамұра»,2013, 247 б.) деп аталатын оқу құралында өсімдіктерде кездесетін патологиялық өзгерістердің негізгі себептері,атап айтқанда қоршаған ортаның қолайсыздығынан орын алатын ауытқулар немесеинфекциясыз, яғни жұқпайтын және фитопатогенді микроағзалардың әсерінен туындайтын патологиялық өзгерістер, немесе жұқпалы аурулар жайлы толық мәліметтер берілген. Мәдени дақылдардың ауру қоздырғыштарының 70-80%-ға жуығы саңырауқұлақтар болғандықтан олардыңжүйеленуі, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері және т.б. деректер келтірілген. Өсімдік ауруларын қоздыратын бактериялар мен микоплазмалар және вирустар үшін деосындай мәліметтер бар.
Еліміз егемендік алғаннан кейін халықаралық байланыстар өсті, олардың саны мен жиілігімен қатар жағрафиясы күрт өзгерді. Осыған байланысты мәдени дақыл өнімдері - себуге арналған тұқым және отырғызылатын көшеттер арқылы Республика аумағында бұрын кездеспеген ауру түрлері таралу қатері артуда. Соңғы жылдары Қазақстанның Біртұтас кедендік Одақ (БКО), Дүниежүзілік сауда Ұйымына (ДСҰ) кіруі қауып-қәтердіәлде қайда арттыра түседі. Сондықтан ауылшаруашылық дақылдарының еліміздің аумағына тасымалдану мүмкіндігі жоғары деп саналатын карантинді ауруларына да біраз көңіл бөлінген.
Ұсынылып отырған оқу құралы «Жалпы фитопатология»оқу құралының жалғасы болып саналады.Бұл кітапта елімізде өсірілетін ауылшаруашылық дақылдарында кездесетін негізгі ауру түрлері, олардың белгілері мен қоздырғыштарының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, инфекция ошақтарының табиғатта сақталу жолдары жайлы толық мәліметтер берілді. Мәдени дақылдарды аурулардан қорғауда профилактикалық және агротехникалық шаралардың атқаратын рөлі, қажет болып жатқанда биологиялық немесе химиялық препараттар қолдану ерекшеліктері жан-жақты қарастырылған.
Оқу құралы Қазақ ұлттық аграрлық университеті бекіткен 5ВО81100 «Өсімдік қорғау және карантині» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының үлгісін негізге ала отырып дайындалды. Оны дайындаған кезде микроағзалардың жіктелуі жайлы мәліметтер және бактериялар, микоплазмалар мен вирустар қоздыратын көптеген аурулар жайлы нақты деректер академик В.И.Билай редакциялауымен профессорлар Р. И. Гвоздяк, И.Г. Скрипаль және т.б. ғалымдар дайындаған «Микроорганизмы - возбудители болезней растений» (Киев: «Наукова-Думка», 1988.- 551 с.) аны0тамадан алынды. Сонымен қатар, Л.Д. Казенастың «Болезни селскохозяйственных растений Казахстана»(Алма-Ата, Қайнар, 1974. 367 с.), М.М Исиннің «Болезни сада» (Алматы: Қайнар, 1984. с) М. Қойшыбаевтың «Болезни зерновых культур» (Алматы: «Бастау», 2002.348 с.), «Справочник по защите растений» (Алматы «Ронд»,2004,329 с. ) «Методические указания по мониторингу численности вредителей, сорных растений и развития болезней сельскохозяйственных культур» (Алматы, «Фолиант», 2004. 267 с.),«Справочник пестицидов, разрешенных к примению на территории Республики Казахстана» (Астана, 2011, С.57-90 ) және т.б. әдебиет көздері пайдаланылды. Оқу құралында орын алған бірен-саран кемшіліктер болса, олар осы кітап негізінде оқулық дайындағанда еске алынады. Олар жайлы mkoyshibayev@ mail. ru арқылы хабарлауға болады.
ӨСІМДІК АУРУЛАРЫ ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ

Өсімдік ауруы –патогенді ағзалардың әсерінен немесе қоршаған ортаның қолайсыз жағдайынан, механикалық жарақаттанудан және т.б себептерден туындайтын, өсу және жыныс мүшелерінде, жасушалар мен ұлпаларда байқалатын анатомиялық және физиологиялық өзгерістер. Олардың әсерінен өсімдіктерде жүретін қалыпты физиологиялық және биохимиялық үрдістер, атап айтқанда ұлпалардың су және қоректік заттармен қамтамасыз етілуі нашарлайды, тыныс алуы өзгереді, фотосинтез қарқыны төмендейді.Біраз фермент жүйелерінің қызметі, көмірсу, азот пен ақуыз айналымы, тотықтыру және қалпына келтіру үрдістерінің қалыпты реті бұзылады.


Өсімдік аурулары инфекциялы яғни жұқпалы және инфекциясыз немесе жұқпайтын аурулар деп екі үлкен топқа бөлінеді. Инфекциясыз аурулар қоршаған ортаның қолайсыз жағдайынан туындайды. Өсімдіктердің өсуі үшін су мен қоректік заттар, жарық және жылу қажет. Физиологиялық үрдістің ойдағыдай жүруіне аталған факторлар тікелей әсер етеді, біреуі немесе бірнешеуі оңтайлы мөлшерден ауытқыса, өсімдік мүшелерінде неше түрлі патологиялық өзгерістер байқалады. Олардан сауықтырудың негізгі жолы- кеселге себеп болып отырған абиотикалық факторды анықтап, оның теріс әсерін жою немесе төмендету.
Инфекциясыз ауруларға аптап ыстық пен аңызақ желден астық дақылдарының дәні ара-кідік байлануы, немесе толыспай семіп қалуы, оның толысу кезеңінде жаңбыр мол жауып , ауаның ылғалдылығы жоғары болса крахмал шайылып,қыс кезіндегі үскірік аяздардан күздік бидайдың үсіп кетуі , жеміс ағаштары діңінің шытынап жарылуы жатады.Ауада немесе топырақта ауыр металлдар шамадан тыс жоғары болуынан өсімдік жапырақтарында және т.б. мүшелерінде дақтар, күйіктер және т.б. морфологиялық және физиологиялық өзгерістер байқалады.Өсімдіктер қоректік зат ретінде пайдаланылатын макро және микроэлементтердің топырақта жетіспеуі немесе мөлшерден артық болуы олардың өсу және жыныс мүшелерінде кездесетін неше түрлі ауытқулардың себепшісі.
Инфекциялы ауруларды фитопатогенді микроағзалар – саңырауқұлақтар мен бактериялар, вирустар мен вироидтар және микоплазмаларқоздырады. Оларға тән бір қасиет – гетеротрофты қоректену, яғни ие-өсімдіктің жасушыларындағы дайын органикалық қосылыстарды өзіне қоректік зат ретінде пайдалану. Нәтижесінде өсімдіктің жеке мүшелерінде неше түрлі анатомиялық, цитологиялық, физиологиялық және биохимиялық өзгерістер байқалады. ауру белгілері бойынша олар төменде келтірілген топтарға жіктеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет