Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж



бет9/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)
40841 Келісімшарт Аружан, e9e0fdc7-747f-40fa-adc4-e435b2e7bf93, МУ по произ практике каз (2), 2 5325882729781268778

Қортық немесе ергежейлі қаракүйе.Қоздырғышы –Tilletia controversa Kuсhn.,маманданған екі физиологиялық түршеге жіктеледі:T. controversa f.sp.tritici күздік бидайды залалдайды,ал T. controversa f.sp.agropyri- жатаған бидайықта кездеседі. Бұл аурудың қатты қаракүйеден біраз айырмашылығы бар. Ол тек күздік бидайды залалдайды, жаздық бидайда кездеспейді. Алматы облысыныңиТалдықорған аймағында тау бөктерінде теңіз деңгейінен 800-1000 м биіктікте орналасқан егістерде таралған, Жамбыл облысының таулы аймақтарында да кездесуі мүмкін. Кей жылдары күздік бидай бұл ауруға 20-30% дейін шалдығады, жиналған дән мал азығына да жарамайды. Қатты қаракүйеден бір-бірінен сырт белгілері, телиоспоралардың пішіні, қоздырушысының биологиялық ерекшеліктері бойынша ажыратылады. Ергежейлі қаракүйеге шалдыққан өсімдіктер көбірек түптенеді, сау өсімдіктерге қарағанда бойы аласа келеді. Бұл аурудың тағы бір ерекшелігі–кеселге қосымша сабақтар шалдығып, көбінесе негізгі сабақ сау болуы мүмкін. Қатты қаракүйеге щалдыққан масақшаларда түзілетін түйіршектер саны2-3-тен аспайды, ірілеу және сопақтау болса, 0орты0 қаракүйеде олардың саны6-7-ге жетеді, пішіні домалақтау келеді. Осыған байланысты бұл ауруға шалдыққан масақтар бұталанғандай көрінеді. Tilletia controversa-ныңтелиоспоралары ірілеу (20-21 мкм), сыртқы қабықшасы торланған, қалыңдығы 1,5-4 мкм аралығында. Күңгірт-қоңыр телиоспоралармен қатар қабықшасы біртегіс немесе торланғандары да кездеседі. Бидайдың қатты қаракүйесінің телиоспоралары топырақта бір жылдан артық сақталмайтын болса, ергежейлі қаракүйенікі 5-7 жылға дейін тіршілік қабілетін жоймайды. Телиоспоралардың өнуінетопырақ температурасы +2-15 0С, ылғалдылығы 15 -60% аралығында болғаны қолайлы. Күздік бидай қатты қаракүйемен тек өскін кезінде залалданатын болса, ергежейлі қаракүйеге түптену кезеңіне, демек күз айларынан көктемге дейін шалдығуы мүмкін..

Тозаңды қаракүйе. Қоздырғышы –Ustilago tritici (Pers.) Yensen. Залалданған бидай масақтары жапырақ қынаптарынан жаңадан шығып келе жатқан кезде байқалады. Орталық өзекшесінен басқа барлық мүшелері толығымен ауру қоздырғышының телиоспораларынан тұратын қаракүйе тозаңына айналады. Олардың пішіні дөңгелектеу, немесе сопақтау, реңі қоңырқай келеді, сыртқы қабықшасы жылтыр,мөлшері 7-9х5-7 мкм,үстінде сүйел тәріздескішірек өскіндер байқалады. Олар сау өсімдіктер гүлдеген кезеңде тозаңдап, ауа ағынымен егіске таралады. Телиоспоралар гүлдің аналығына келіп қонып, тамшы ылғал немесе ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғары болса, өніп 4 жасушалы промицелий түзеді. Қарама-қарсы жынысты жасушалар бір-біріне қосылғаннан пайда болған саңырауқұлақтың қос ядролы жіпшесі жыныс түтікшесі арқылы ұрыққа еніп, онда келесі маусымға дейін тыныштық қалпында сақталады. Тозаңды қаракүйемен залалданған және сау дәнді сырттай ажырату мүмкін емес. Гистологиялық және люменесценттік әдістерді пайдалан отырып, дән ұрығында мицелий бар-жоғын анықтауға болады. Бидайдың тозаңды қаракүйеге шалдығуы масақтану кезеңіндегі ауа-райына, сорттардың гүлдеу ерекшеліктері мен ауруға беріктігіне тікелей байланысты. Телиоспоралардың өнуіне 20-25 0С аралығындағы температура қолайлы. Тамшы ылғал немесе ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 65-70% және одан жоғары болса,олар өніп, болашақ ұрықты залалдайды. Осыған байланысты бұл ауру бидайдың масақтану-гүлдеу кезеңінде жаңбыр жиірек жауатын солтүстік және шығыс аймақтара жиірек, ал батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде сирек кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет