Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж



бет2/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Қаракүйе.Өсімдіктің ауруға шалдыққан мүшелері, әсіресе масақ пен собық пен гүл шоғырыUstilaginales қатарына жататын саңырауқұлақтардың әсерінен қаракүйе тәріздес ұнтаққа айналады. Бұл ауру көбінесе астық дақылдарының жыныс мүшелеріндекездеседі,дәнектің немесе масақтың орнына қаракүйе қалташалары, болмаса түйірлері түзіледі. Ауру белгілері өсімдіктің сабағы мен жапырағында да кездесуі мүмкін.
Пустулалар (күлдіреуіктер).Ауруға шалдыққан өсімдік жапырақтары мен басқа мүшелерінде паразитті тіршілік ететінUredinalesқатарына жататын тат саңырауқұлақтарының мицелийлері шоғырланып, олардың споралану мүшелерінен тұратын пустулалартүзіледі. Пісіп жетілген кезде ұлпаның сыртқы қабықшасы қақырап споралар ауа ағысымен егіске таралады.
Дақтар (теңбілдер)меннекроздар.Өсімдіктердің жапырақ пен сабағының, жемісі мен дәнінің, бұршақ қынапшалары мен бұта қабықшаларының ауруға шалдығуынан аталған мүшелерде алуан түрлі дақтар немесе теңбілдер пайда болады. Ауруды саңырауқұлақтар қоздырса дақтардың үстінде мицелий мен конидиялардан тұратын үлпілдеген жұқа өңез немесе өсімдіктіңжабындыұлпасының астында споралану мүшелері түзіледі. Дақтармен некроздар үстінде мөлтілдеген қоймалжың, түссіз немесе сарғылт экссудат-тамшылар байқалса, ауру қоздырғышы бактерия болғаны.
Өңез немесе үлпек.Өсімдіктердің ауруға шалдыққан мүшелерінің үстінде саңырауқұлақтардың мицелийі, конидия мен оның сағақтарынан және жеміс денелерінен тұратын жұқа өңез пайда болады. Ол жетілмеген саңырауқұлақтардың әсеріненжәне ақ ұнтақ (эризифоз), жалған ақ ұнтақ (пероноспороз) ауруларына шалдыққанөсімдік мүшелеріндетүзіледі.
Мумификация немесе сему.Саңырауқұлақ мицелийлері ауруға шалдыққан өсімдік мүшелерін торлап, соның нәтижесінде олар семіп, сүректенеді, қатаяды. Аурудың бұл түріне астық дақылдарының қастауышы, алма мен алмұрттың және сүйекті жеміс ағаштарының монилиозы немесе сұр шірігі жатады.
Шіру.Су мен қоректік заттарға бай өсімдіктердің жемістері, тамыр-жемістері, түйнектері, сабақтары шіруге өте бейім келеді. Бактериялар мен саңырауқұлақтардың паразитті тіршілігінің әсерінен жасушалар арасындағы перне еріп, өсімдік ұлпасыұнтаққа, немесе шырыш тәріздес қоймалжың затқа айналады, жөке сияқты талшықтанып, тарамдалады.Қызбаған топыраққа ерте егілген тұқым зеңденіп, одан өніп шыққан жас өскіндердің төменгі буынаралықтары ментамыршалары жиі шіриді. Мәдени дақылдар мүшелерінің шіруінің негізгі себепшілері – топырақта тіршілік ететін, паразиттік мамандануы немесе тоғышарлық қасиеті жете қалыптаса қоймаған саңырауқұлақтар мен бактериялар.
Солу.Фитопатогенді саңырауқұлақтармен бактериялар тамыр жүйесі мен сабақтатіршілік етуінен су мен қоректік заттарды өткізетін түтікшелер бітеліп, өсімдіктердің өсуі баяулайды. Ауру белгілері алғашқы кезде ауа температурасы жоғарылап, күн қыза бастаған кезде байқалып, кешке қарай ттургор қалпына келуі мүмкін.Инфекция кейде тез өршіп, кеселге шалдыққанөсімдіктер біртіндеп немесе тез арада солып қалады. Паразитті ағзалардың тіршілігінің әсеріненұлпаға улы заттар бөлініп, өсімдік жылдам солады. Бұл ауру бір жылдық дақылдар және шөптесін өсімдіктермен қатар, көпжылдық жеміс ағаштарындада кездеседі.
Ісік.Бактериялар мен саңырауқұлақтардың әсерінен өсімдік жасушалары мен жеке мүшелері шамадан тыс көбейеді (гиперплазия), немесе көлемін ұлғайтады (гипертрофия). Осының салдарынан тамырда, түйнектерде, тамыр-жемістерде және басқа мүшелердепішіні әртүрлі келетін ісіктер пайда болады. Олар қырыққабаттың, алма мен басқа жеміс ағаштарының тамырларында және картоп түйнегінде жиі кездеседі. Кейбір жағдайда ісіктер бунақденелілердің әсерінен, немесеөсу үрдісінің физиологиялық ауытқуы салдарынан туындауы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет