Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж



бет4/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

ХитридиомикотаChytrodiomycotaкласына жататын саңырауқұлақтардың денесі жақсы жетілмеген, тек бір ядролы цитоплазма жиынтығынан тұрады, кейінірек ол көп ядролы плазмодийға айналады. Жыныстық үрдіс нәтижесінде өсімдіктер жасушасында қос ядролы спора немесе қалың қабықшамен көмкерілген циста пайда болады. Бұл кластың өкілі қырықабат тамырының ісігін қоздырады.
ОомикотаOomycotaжақсы жетілген көп ядролы мицелийден тұрады . Жыныссыз көбею - қос талшықты зооспорангийлер(Perenosporaceae) немесе конидиялар (Phytophthoraceae) арқылы іске асады. Жынысты көбею – оогамия нәтижесінде қалың қабықшамен көмкерілген, тыныштық қалпында қыстап шығатын ооспоралар түзіледі. Бұл класқаPerоnosporales қатарына жататын Pythiaceae, AlbuginaceaePhytophtoraceaeжәне Perenosporaceae тұқымдастарының өкілдері кіреді. Соңғыларының ішінде фитопатогенді түрлер жиі кездеседі. Олар картоптың фитофторозымен қатар жүзім мен күнбағыстың және темекінің жалған ақ ұнтақ немесе пероноспороз, қызылшаның тамыр жегішін және т.б. ауруларын қоздырады
Зигомикота–Zygomycota.Вегетативті денесі жетілген, көлденең перделермен бөлінбеген мицелийден тұрады. Қоректік ортаға арнайы тамыршалар– ризоидтарды жібереді.Жыныссыз көбею мүшелері спорангий ішінде түзілетін споралардан тұрады. Олар көбінесе шар тәріздес, немесе сопақтау, мөлшері ұсақ келеді, белсенді қозғалмайды, саны бір спорангийде бірнеше мыңға дейін жетуі мүмкін. Бұл класқа жататын саңырауқұлақтардың негізгі ерекшелігі жынысты көбею, зигогамия арқылы іске асады
Аскомикоталар, немесе қалталысаңырауқұлақтар класы – Ascomycota. Мицелийлері тарамдалған, бір немесекөп ядролы, көлденең перделермен бөлінгенжасушалардан тұрады. Тіршілік кезеңінде жыныссыз, немесе анаморфа және жынысты яғни телеморфа жолымен көбейеді. Бұл саңырауқұлақтарды бір класқа біріктіретін негізгі қасиет – күрделі жынысты жолмен көбеюдің нәтижесінде жеміс денесінің немесе аскокарптың ішінде түзілетін қалташалар, немесе асклар мен аскоспоралар. Жоғарғы сатыдағы аскомицеттерде сырт пішіні әртүрлі келетін аскоген аналық антеридий мен аталық жасушалар бір-біріне құйылуының нәтижесінде түзіледі. Кейбір түрлердің мицелийі оидий немесе хламидоспораларға бөлшектенуі және өсімдік жасушаларынан қоректік зат соратын – гаусторий мен апрессорий, сонымен қатар склероций мен өрілген таспа тәріздес жіп-шумақтар түзуі мүмкін. Аскоспоралардың түзілу ерекшеліктеріне байланысты хемиаскомицеттер(Hemiascomycetidae), эуаскомицеттер (Euascomycetidae) және локулоаскомицеттер(Loculoascomycetidae) қатарларына жіктеледі. Біріншілерің қалташалары мицелий ұшында орналасатын болса (өріктің қалташасы, шабдалы және алмұрт жапырақтарының бұйралануы); екіншілерінде–клейстотеций, перитеций және апотеций деп аталатын жабық немесе ұшында саңлауы барарнайы жеміс денелері пайда болады (ақұнтақ саңырауқұлақтары, астық тұқымдастардың қастауышы), ал үшіншілерінде қалташалар арнайы стромада түзіледі ( алма мен алмұрттың таз қотыры, астық тұқымдастардың офиоболезді тамыр шірігі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет