Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Бидай мен қарабидай және тритикалеаурулары



бет8/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Бидай мен қарабидай және тритикалеаурулары


Жаздық және күздік бидайда кездесетін ауру түрлерінде айтарлықтай айырмашылық жоқ. Оларда қара күйенің 3-4түрі, жапырақ, сабақжәне сары тат, ақұнтақ, септориоз бен гельминтоспориозды теңбілдену, тамыр шірігі мен дән ұрығының қараюы және т.б. саңырауқұлақтар қоздыратын аурулар кездеседі. Сонымен қатар, вирустар мен бактериялар қоздыратын жолақ және орыс мозаикасы, жапырақ және масақ дақтары мен теңбілденулерітаралған. Елімізде тритикале соңғы жылдар егілуде, біраз аймақтар үшін келешегі зор дақыл, егіс көлемі аса үлкен емес. Ол септориоз, жапырақ таты және сары теңбіл ауруларына шалдығады , қарабидайда қастауыш, ақұнтақ және сабақ таты кездеседі.




Қаракүйе түрлері

Дәнді дақылдардың қаракүйе ауруларын Ustilaginales немесе қаракүйелер қатарына жататын TilletiaceaжәнеUstilaginacea тұқымдастардың өкілдері қоздырады. Оларға тән негізгі бір қасиет залалданған ие-өсімдіктің мүшелерінде мұржаның қаракүйесі сияқты. Олар ауру қоздырғышының өсу және көбею міндетін атқаратын, тыныштық қалпында сақталатын телиоспорлар жиынтығын түзеді.Мөлшерлері өте ұсақ, тек микроскоп арқылы ғана көруге болады. Жаздық бидайда қаракүйе ауруының екі түрі, ал күздікте үш түрі жиі кездеседі.


Қатты немесе дымқыл (сасық) қаракүйе. Қоздырғышы Tilletia caries (DC) Tul. Және T. levisKuсhn.саңырауқұлақтары. Бұл ауру күздікпен қатар жаздық бидайда таралған, белгілері дән балауызданып пісе бастағанда байқалады. Кесел жайлаған өсімдіктердің масақшалар қауызы толығымен жабылмай, олардың саңылауынан қоңырқай келген қаракүйе қалташалары байқалады. Ауруға шалдыққан масақтар дән салмағымен иілмей, қабықшасы сұрғылт тартып тұрады.Дән қамырланып пісіп келе жатқанда масақшаны жаншысақ одан сұрғылтқоймалжың зат бөлінеді.Кесел жайлаған масақшалар қара-қоңыр тартады, дән қауыздарының ұшы бір-біріне жанаспай, алшақтап тұрады. Масақта барлық масақшалар толықтай қаракүйе түйірлеріне немесе қапшықтарына айналады.Телиоспоралар құрамындакүрделі органикалық қосылыс триметиламин болатындықтан, сасыған балықтың иісісезіледі.Бұл ауру негізінен күздік бидай егілетін оңтүстік- шығыс пен оңтүстік аймақтарда және Шығыс Қазақстанда жиі байқалады, жаздық бидай егілетін солтүстік өңірде сирек кездеседі.
Ауру қоздырғыштары телиоспоралардың сырт пішіні және таралу аймақтары бойынша бір-бірінен ажыратылады.T. cariesкөбінесе оңтүстік, оңтүстік–шығыс және шығыс аймақтарда таралған,телиоспоралары дөңгелектеу, бірен-сараны сопақтау, реңі күңгірт-қоңыр, сыртқы қабықшасы бұрышталған бедермен әшекейленген, мөлшері 18-23 мкм.T. levisкөбінесе еліміздің солтүстік өңірінде таралған, телиоспораларыдөңгелектеу, кейде сопақтаукеледі, реңі түссіз, немесе ашық-қоңыр мөлшері 18,5х14,5-16,6 мкм.
Бидайдың қатты қаракүйесінің инфекциясы негізінен тұқымда сақталады. Жиын-терін кезінде телиоспоралар тозаңдап, тұқымның үстінежәне аңызға қонады. Күз айларында ауа райы көбінесе құрғақтау болатындықтан телиоспоралар бірден өнбей, топырақтың беткі қабатында келесі жылға дейін тыныштық қалпында сақталады. Осы себептен бидай бір танапқа қайталай егілсе, өскіндертопырақ арқылы залалданады. Телиоспоралар өніп, өскіндерді залалдау үшін 8-130 С аралығындағы температура қолайлы. Қатты қаракүйеге шалдыққан масақтарда дән мүлде түзілмейтіндіктен, көзгекөрінетінжәне бірден байқала қоймайтын шығын орын алады. Ең бастысы қаракүйе спораларымен ыластанған дәннің сапасы төмендейді, оны нан пісіру үшін қолдануға болмайды, немесе арнайы жуып-шаюдан кейін ғана пайдаланылады. Қатты спораланған дәнді мал азығы ретінде пайдалануға тиым салынады, жануарлар түсік тастауы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет