Эризифалылар, немесе ақ ұнтақтылар қатары– - Erysiphales.Жаз бойы саңырауқұлақ мицелийінің ұшында орналасқан сағақтарда моншақ тәріздес тізбектелген конидиялар түзіледі.Ауру қоздырғышы бірнеше ұрпақ беріп, инфекция ауа ағыны мен жаңбыр тамшыларымен егістіктер мен бау-бақшаларға тез таралады. Күзге қарай жеміс денелері – клейстотецийлер ішінде аскоспоралар түзіледі, олар қыстап шығып инфекция ошағының рөлін атқарады.
Базидиомикоталар -Basydiomycota.Мицелийі жақсы жетілген, тарамдалған көп жасушалы. Бұларға тән қасиет жынысты көбеюнәтижесіндебазидия деп аталатын жыныс мүшесінде түзілетін базидиоспоралар, немесе гаплоидты мицелий жасушаларының бір-біріне құйылуы нәтижесінде іске асады. Базидиялар бір жасушалы, түйрегіш немесе цилиндр тәріздес келсе, оларды холобазидия деп атайды. Егер олар көлденең перделер арқылы екіге немесе төртке бөлінген болса, гетеробазидия деп атқарады. Базидияның үшінші түріне фрагмобазидия жатады. Ол көлденең перделермен төрт жасушаға бөлінеді, әрқайсысында базидиоспоралар түзіледі. Кейінннен олартыныштық қалпында сақталатын, сырт қабықшасы қалыңдау склеробазидияларға айналады. Астық тұқымдастардың тат және қаракүйе ауруларын қоздыратын саңырауқұлақтар осы класқа жатады.
У стилагиналылар қатары, немесе қаракүйесаңырауқұлақтары–Ustilaginales. Астық дақылдарында қаракүйенің 3-4 түрі кездесуі мүмкін . Олар аурудың сырт белгілері және қоздырғыштарының морфологиялық ерекшеліктері бойынша ажыратылады.Өсімдіктердің масақтары мен шашақтары, собықтары, кейде сабақтары мен жапырақтары шалдығады.
Урединиялылар қатары немесе тат саңырауқұлақтары – Uredinales. Оларға тән қасиет–жоғары сатыдағы өсімдіктерде паразитті тіршілік етуге бейімделген, мицелийлері өсімдік жасушаларында тарамдалып, гаусторийлер арқылы дайын органикалық заттарменқоректенеді. Тіршілік кезеңі өте күрделі, бірнеше саты және споралану түрлері: базидия, спермогония, эций, урединий және телий кездеседі.Тіршілік айналымы әр түрлі өсімдіктерде өтетіндерін әр иелі тат саңырауқұлақтары деп атайды. Мәселен сабақ татықоздырғышыныңэций және спермогоний cатыларыбөрі қарақатта, урединий мен телийлерібидайдыдамиды.Егер тат саңырауқұлақтарының өсу айналымы бір өсімдікте ғана өтетін болса, оларбір иеліболғаны.