Қойшыбаев м., ҚАлмақбаев т. Ж


Тат аурулары және ақұнтақ



бет12/157
Дата21.06.2022
өлшемі24,49 Mb.
#146907
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   157
Байланысты:
a-sh d-n n aurular (el.kniga) (1)

Тат аурулары және ақұнтақ

Дәнді дақылдардың тат ауруларының қоздырғыштарыBasidiomycotaкласының Uredinialesқатарына жататын, жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтар. Олартек тірі ағзада тіршілік етуге бейімделген облигатты паразиттерге немесе тоғышарларға жатады. Даму кезеңі бірнеше байқалады. Егер жиналған астықта кездесетін склероций мөлшері 0,5%-дан


спораланусатыларынан тұрады: 0спермогонийжәне спермация; I – эций және эциоспоралар; II – урединийурединиоспоралар; III – телий және телиоспоралар; IV – базидия мен базидиоспоралар түзіледі.Егер тат саңырауқұлақтарының аталған даму сатылары ие-өсімдіктің бір түрінде ғана өтетін болса, онда ол бір иелі, ал әртүрлі тұқымдастар, немесе қатарға жататын өсімдік түрлерінде дамитын болса, әр-иеліболғаны. Мәселен, астық тұқымдастардың сабақ татықоздырғышының спермогоний және эций сатылары бөріқарақатта, ал урединий мен телий астық тұқымдастарда дамиды. Тат саңырауқұлақтарының телиоспораларыжиын-терінен кейінгі өсімдік қалдықтарында қыстап шығып, көктемде өніп, базидия мен базидиоспоралар түзеді. Бөріқарақат ауру қоздырғышының аралық ие-өсімдігі болса, астық тұқымдастар негізгісі, бБірақта бұл саңырауқұлақ қысқарған сатымен дамуы мүмкін.
Астық тұқымдас дақылдардың тат ауруының қоздырғыштары Pucciniaтуысына жатады, олардыбір-бірінен ажырататын негізгі белгі– қысқалау сирақта орналасқан, жекелей қоңырқай, жиынтығы қара-қошқыл келетін, 2 жасушалытелиоспоралар. Урединиоспоралар эллипс тәріздес, кейде сопақтау, реңі сарғылт, күрең немесе қоңырқай. Бұл туысқа жататын саңырауқұлақ түрлерініңспермогоний және эций сатылары бөріқарақат, марал оты және т.б. қосжарнақты өсімдіктерде дамыса, ал урединий және телий сатылары мәдени және жабайы астық тұқымдастарды залалдап, олардың түсімділігіне айтарлықтай әсер етеді.
Тат саңырауқұлақтары көбінесе өсімдіктердің белгілі бір түріне маманданады. Көптеген астық тұқымдас жабайы шөптер мен мәдени дақылдарды залалдайтындарыбір немесе бірнеше өсімдік түрінеғана маманданғанформадан тұрады. Өз кезегінде олар дақылдың, мәселен бидайдың белгілі бір сорттарын ғана залалдайтын түрі физиологиялық нәсілге немесе биотипке (патотип) жіктеледі. Астық дақылдарының бір туысы немесе түрінде тат ауруының бірнеше түрі кездесуі мүмкін, мәселен бидайда сары, немесе қабыршықтанған, жапырақ немесе қоңыр және сабақ таты, сұлыда – тәжді және сабақтаты.
Тат саңырауқұлақтары жапырақтардыңфотосинтез жүргізетін көлемі азаяды,жабынды ұлпаларын залалдайтындықтан судың булану белсенділігін арттырады. Оларға сабақ шалдыққан жағдайда өсімдіктердің сумен қамтамасыз етілуімен қатар,жеміс мүшелерінежапырақтардан қор ретінде жинақталатын заттардың тасымалдануы төмендейді. Сонымен қатар,патогенді ағзаныңөсімдік ұлпаларына енуіне жауап ретіндекөптеген физиологиялық және биохимиялық өзгерістер орын алады. Осының бәрі ауруға шалдыққан өсімдіктердің өнімінің және дән сапасының төмендеуіне әкеп соғады.
Бидай мен қарабидайсырт белгілері мен таралуы бойынша біраз ерекшеліктері бартат ауруының үш түріне шалдығады. Жапырақ немесе қоңыр тат еліміздің солтүстік пен шығыс аймақтарындакең таралған. Сары немесе қабыршықтанған тат, көбінесе оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда, кей жылдары шығыста кездеседі.Сабақ татының негізгі ареалы – солтүстік өңірдің орманды-дала және онымен шектесіп жатқан дала аймақтары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет