Өкім қарағанды қ. №160 «31» тамыз 2016 ж. 2016-2017 оқу жылында оқу процесін



бет1/4
Дата22.03.2017
өлшемі0,87 Mb.
#12192
  1   2   3   4
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті бойынша
ӨКІМ
Қарағанды қ. № 160 «31» тамыз 2016 ж.
2016-2017 оқу жылында оқу процесін

ұйымдастыру, аралық және қорытынды

аттестаттауды өткізу тәртібі туралы
ҚР Үкіметінің 2013 жылы 17 мамырдағы №499 Қаулысымен бекітілген «Жоғарғы және ЖОО кейінгі білім беру ұйымы қызметінің типтік ережелеріне», ҚР БҒМ 18.03.2008 ж. № 125 Бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің типтік ережелеріне», ҚР Үкіметінің 20.01.2015 ж. №19 Қаулысымен бекітілген «Білім беру ұйымдарының типтері бойынша білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау ережелеріне», ҚР БҒМ 20.04.2011 ж. №152 бұйрығымен бекітілген «Оқу процесін кредиттік оқыту технологиясы бойынша ұйымдастыру ережелеріне», Университет Жарғысына, Ішкі тәртіп ережелеріне, Университеттің Академиялық күнпарағына және оқу процесінің графигіне сәйкес 2016-2017 оқу жылында оқу процесін ұйымдастырудың және аралық аттестаттауды өткізудің келесі тәртібі белгіленсін:

1. Жалпы ережелер

1.1. Университет Ректоры оқу процесінің келесі графиктерін бекітті:

1-кесте. Толық және қысқартылған оқу мерзіміндегі күндізгі оқу түрінің студенттері

Курс

Мамандық

Басталуы

Апталар саны

Аяқталуы

Сессия кезеңі

Күзгі семестр

1-4

Барлық мамандықтар

01.09.16ж.

15

14.12.16ж.

18.12.2016ж. -09.01.2017ж.

5

«Сәулет өнері» және «Дизайн» мамандықтары

01.09.16ж.

15

14.12.16ж.

18.12.2016ж. -09.01.2017ж.

Көктемгі семестр

1-3

Барлық мамандықтар

25.01.17ж.

15

07.05.17ж.

10.05.2017ж.-28.05.2017ж.

3

Қысқартылған оқу мерзімі

Диплом жобасын (жұмысын) жазу және қорғау

4

«Сәулет өнері» және «Дизайннан» басқа барлық мамандықтар

Өндірістік, дипломалды, педагогикалық практикалар.

8 семестр пәндері. Диплом жобасын (жұмысын) жазу және қорғау



4

«Сәулет өнері» және «Дизайн» мамандықтары

25.01.17ж.

15

07.05.17ж.

10.05.2017ж.-28.05.2017ж.

5

«Сәулет өнері» және «Дизайн» мамандықтары

Диплом жобасын (жұмысын) жазу және қорғау


2-кесте. Толық және жеделдетілген білім бағдарламасы бойынша білім алатын сырттай оқу түрінің студенттері

Курс

Мамандық

Басталуы

Апталар саны

Аяқталуы

Сессия кезеңі

Күзгі семестр

1-5

Барлық мамандықтар

14.09.16ж.

15

26.12.16ж.

28.12.2016ж. -23.01.2017ж.

4

Жеделдетілген оқу мерзімінің барлық мамандықтары

Өндірістік, дипломалды, педагогикалық практикалар.

7 семестр пәндері. Диплом жобасын (жұмысын) жазу және қорғау



Көктемгі семестр

1-4

Барлық мамандықтар

08.02.17ж.

15

21.05.17ж.

23.05.2017ж.-14.06.2017ж.

5

Толық оқу мерзімінің барлық мамандықтары

Дипломалды практикасы.

Диплом жобасын (жұмысын) жазу және қорғау




3-кесте. Қысқартылған оқу мерзіміндегі (екінші жоғары білім) сырттай оқу түрі бойынша білім алатын студенттер:

Курс

Мамандық

Басталуы

Апталар саны

Аяқталуы

Сессия кезеңі

Күзгі семестр

1, 2

Барлық мамандықтар

14.09.16ж.

15

26.12.16ж.

28.12.2016ж. -23.01.2017ж.

3

Барлық мамандықтар

Өндірістік, дипломалды, педагогикалық практикалар.

5 семестр пәндері. Диплом жобасын (жұмысын) жазу және қорғау



Көктемгі семестр

1, 2

Барлық мамандықтар

08.02.17ж.

15

21.05.17ж.

23.05.2017ж.-14.06.2017ж.


4-кесте. Магистранттар және докторанттар

Курс

Мамандық

Басталуы

Апталар саны

Аяқталуы

Сессия кезеңі

Күзгі семестр

1, 2

Барлық мамандықтар

01.09.15ж.

15

14.12.15ж.

18.12.2016ж. -09.01.2017ж.

2 ғылыми-педагогикалық (1,5 жыл)

Барлық мамандықтар

3 семестр пәндері

Магистерлік диссертацияларды дайындау және қорғау

(2017 ж. қаңтары)


Көктемгі семестр

1

Барлық мамандықтар

25.01.16ж.

15

07.05.16ж.

10.05.2017ж.-28.05.2017ж.

2

ғылыми


(2 жыл)

Барлық мамандықтар

4 семестр пәндері

Магистерлік диссертацияларды дайындау және қорғау



(2017 ж. маусымы)


1.2. Оқу процесін ұйымдастыруды оңтайландыру және оқу уақытын пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында сабақтар кестесіне оқу апталарын алым және бөлімге бөлу енгізіледі, ал сабақтар 5 кестеге сәйкес пар бойынша ұйымдастырылады.

1.2.1. Кесте тек аудиториялық сабақтарға құрылады. Шығарушы кафедралардың меңгерушілері 08.09.2016ж. дейін оқытушы жетекшілігімен орындалатын өздік жұмыс (СОӨЖ, МОӨЖ, ДОӨЖ) және оқу жоспарының барлық пәні бойынша оқытушы тапсырмасымен орындалатын білім алушының өздік жұмысына (СӨЖ, МӨЖ, ДӨЖ) бөлінетін студенттердің, магистрантардың, докторанттардың өзіндік жұмысының кестесін құруға және бекітуге тиіс. Әрбір пән бойынша СОӨЖ және МОӨЖ жүргізу үшін білім алушылар саны 50 адамнан аспайтын топ ағындарынан құрылады.

1.3. Білім алушылардың оқытушының қатысуымен орындалатын өздік жұмысы оқытушылардың жұмыс кестесінде бейлгіленген болуы керек. СОӨЖ, МОӨЖ, ДОӨЖ кестелері кафедра отырыстарында бекітіледі.

1.3.1. Білім алушының өздік жұмысына білім порталында немесе электронды кітапханада жарияланған, қатты көшірме (басылым) немесе электронды түрдегі оқу-әдістемелік кешендермен және қосымша материалдармен жұмыс істеу енеді.

1.3.2. Білім алушының оқытушы жетекшілігімен өздік жұмысының (БОӨЖ) кестесі сенбі күнін қоса алғанда, аудиториялық сабақтардан кейін басталуы керек.

1.3.3. Сырттай оқу түрінде білім алу теориялық материалды өздігінен меңгеруді және оқытушылармен (тьюторлармен) кеңесуді талап етеді.

1.3.4. Сабақтар кестесінің және СОӨЖ кестесінің барлық өзгерістері оқу-әдістемелік департаментпен (ОӘД), ал МОӨЖ және ДОӨЖ кестелері ЖОО кейінгі білім беру басқармасымен келісілген және бекітілген болуы керек.
5-кесте күндізгі оқу түріндегі студенттер мен магистранттар үшін сабақ жүргізу уақыты

Пар нөмірі

Сабақ нөмірі

Сабақты өткізу уақыты

I пар

1 сабақ

сағ.900 – сағ.950

2 сабақ

сағ.955 – сағ.1045

үзіліс




II пар

3 сабақ

сағ.1055 – сағ.1145

4 сабақ

сағ.1150сағ.1240

үзіліс




III пар

5 сабақ

сағ.1310 – сағ.1400

6 сабақ

сағ.1405 – сағ.1455

үзіліс




IV пар

7 сабақ

сағ.1505 – сағ.1555

8 сабақ

сағ.1600 – сағ.1650

үзіліс




V пар

9 сабақ

сағ.1700 – сағ.1750

10 сабақ

сағ.1755 – сағ.1845

1.4. Сабаққа қатысуды бақылау сабақ жүргізетін оқытушыларға, кафедра меңгерушілеріне, факультет декандарына және ОӘД қызметкерлеріне және Ақсақалдар Кеңесінің мүшелеріне жүктеледі. Факультет декандары оқу және әдістемелік ісі жөніндегі проректорға күнделікті есеп береді, оқу пәндерін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және іске асырады.

1.5. ЖОО Жарғысын, Ішкі тәртіп Ережелерін бұзғаны үшін Университет әкімшілігі білім алушыға тәртіптік жаза шараларын қолдануға, тіпті оқудан шығаруға құқылы.

1.6. Университеттен шығарылған білім алушыға академиялық анықтама беріледі.

1.7. Стипендия мемлекеттік тапсырыс (гранттар) бойынша білім алатын студенттерге (магистранттарға) семестрдің барлық пәндері бойынша, дуалды білім беру бағдарламасын ескере отырып, курстық жобаларды (жұмыстарды) қорғаудың, дене шынықтыру бойынша дифференцияланған сынақтың қорытынды бағалары болғанда тағайындалады. Барлық бағалар«А»; «А-»; «В+»; «В»; «В-» болуы керек және сессия кезеңінде немесе сессия мерзімін ұзартқан кезеңде, факультет декандарының өкімдері негізінде емтихандарды мерзімінен бұрын тапсырған кезеңде алынуы тиіс.

1.7.1. Практика бойынша есептерді қорғау нәтижелері көктемгі семестрге стипендияны тағайындау кезінде ескеріледі.

1.8. Білім алушылардың сабақтардың және тапсырмалары бойынша жетістіктері жоғары оқу орындарындағы білімді бақылау және бағалау бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес балдық-рейтингтік әріп жүйесі бойынша бағаланады, оны дәстүрлі бағалар шкаласына ауыстыру 6-кестеге сәйкес жүзеге асырылады.
6-кесте. Оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі


Әріптік жүйе бойынша баға

Әріптік бағаның сандық баламалары

Меңгерілген білімнің пайыздық құрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

А-


4,0

3,67


95-100

90-94


Өте жақсы

В+

В

В-



3,33

3,0


2,67

85-89

80-84


75-79

Жақсы

С+

С

С-



D+

D-


2,33

2,0


1,67

1,33


1,0

70-74

65-69


60-64

55-59


50-54

Қанағаттанарлық

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз


1.9. Емтиханды және дифференцияланған сынақтарды А, А- «үздік», В-, В, В+ «жақсы» бағалармен тапсырған және барлық оқу мерзімі ішінде орташа үлгерім балы 3,5 төмен емес, сонымен қатар барлық мемлекеттік емтихандарды тапсырған және дипломдық жұмысты (жобаны) А, А- «үздік» бағалармен қорғаған студентке үздік диплом (әскери дайындық бойынша бағаны ескерместен) беріледі.

1.10. Оқу мерзімінде қайта тапсырған сабақтары немесе қайта тапсырған емтихандары болған студент, осы Жарлықтың 1.9-тарауының талаптарына сәйкестігіне қарамастан үздік диплом алмайды.

1.11. Барлық пән емтихандары ережеге сәйкес бакалавриат, магистратура және докторантураның барлық оқу түрі бойынша жазбаша жүргізіледі.

1.11.1. Оқытушы дұрыс жауаптарды алу үшін техникалық құралдарды және шпаргалканы пайдаланған студенттерді аталған пән (модуль) бойынша емтиханнан шығарып жіберуге, ведомостқа қанағаттанарлықсыз бағаны қоюға міндетті, ол баға тек келесі академиялық мерзімде немесе жазғы семестрде ғана жойылуы мүмкін.

1.11.2. Оқытушы білім алушыны емтиханнан шығарып жіберген жағдайда қызметтік хат жазады, оны емтихан қатысқан барлық білім алушыларға хабарлайды, ол білім алушыдан алған материалмен бірге емтихан ведомосімен қоса беріледі.

1.12. Барлық мамандықтар бойынша барлық оқу түрлері мен мерзімдері бойынша төменгі курстарда -6 аспайтын, ал жоғары курстарда – 5 артық емес кешенді емтихандарды өткізу есебінен модульдік білім бағдарламалары құрылады.

1.13. Мамандарды дайындау траекториясы (бағыты) 2 курстан кейін осы траектория бойынша студенттер тобында 15 адамнан кем болмаған жағдайда құрылады.

1.14. Оқу процесінің графигін (сабақ, емтихан кестелерін, практика өту мерзімін) студенттердің (магистранттардың) ауырып қалған жағдайы мен құжат түрінде расталған басқа төтенше жағдайлардан басқа қандай да бір себептермен бұзуға тыйым салынады.

1.15. 3 және 4 курс студенттері оқу жетістіктерін сырттай бағалауға (ОЖСБ) дайындау үшін базалық және профильдік компонент пәндері (2 пән бойынша) бойынша кеңес беруге қатысуға және осы пәндер бойынша материалды меңгеру мониторингі үшін тестілеуге қатысуға міндетті.

1.15. Ақылы негізде оқитын студенттер (магистранттар) кезекті семестр басталғанға дейін оқу ақысын төлеуге міндетті, ал керісінше жағдайда оқудан шығарылады.

1.16. Сырттай оқу түріндегі студенттер кезекті емтихан сессиясы басталғанға дейін бір ай ішінде қарызын төлеген жағдайда қайта қабылданады.

1.17. Кафедра меңгерушілері ЖОО қызметінің негізгі парадигмасы - «Білім – ғылым арқылы» – өндірістерде сұраныстағы мамандарды даярлауды іске асыру бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік шараларды әзірлеуге міндетті.

2. Сабақ үлгеріміне ағымдық бақылау жүргізу

2.1. Білім алушылардың сабақ үлгерімін ағымдық бақылау – бұл оқытушының СОӨЖ-де пәндердің оқу бағдарламасына сәйкес жүргізетін білім алушылардың оқу жетістіктерін жүйелі тексеру.

2.2. Пәнді зерделеу кезінде білім алушылардың білімін ағымдық бақылаудың әр түрлі түрлері алдын ала қарастырылуы мүмкін:

2.2. Пәнді зерделеу кезінде білім алушылардың білімін ағымдық бақылаудың әр түрлері алдын ала қарастырылуы мүмкін:

  • ауызша сұрақ – материалдарды оқып болғаннан кейін сұрақтарға жауап алу және жағдайларды талқылау түрінде пәннің бір немесе бірнеше тақырыптары (тараулар) бойынша жүргізілетін бақылау;

  • жазбаша бақылау - қойылған сұрақтармен, есептерді шығарумен, жағдайларды талдаумен, курстың жеке тақырыптары (тараулары) бойынша практикалық тапсырмаларды орындаумен қатар жұмысты көздейтін бақылау;

  • аралас сұрақ-жауап – бір немесе бірнеше тақырыптар бойынша білімдерді бағалаудың ауызша және жазбаша түрлерін бір уақытта қатар қолдануды көздейтін бақылау;

  • үй тапсырмаларын қорғау және көрсету - жеке немесе топтық үй тапсырмаларын, олардың дұрыс орындалғандығын, өткен материалдарды қорытындылау және көпшілікке жеткізе білуді, курстық тақырыптар арасындағы логикалық байланысты қадағалай білуді тексеру мақсатымен жүргізілетін бақылау;

  • дискуссия, тренингтер, дөңгелек үстелдер - проблемалық сипаттағы мәселелерді топ болып талқылау;

  • тестілер – білім алушылардың оқу жетістіктерін дұрыс және сапалы бағалауға мүмкіндік беретін белгілі бір тапсырмалар түрінің жиынтығы (ашық, жабық, аралас);

  • ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып семестрде кемінде екі рет өтілген материалдар бойынша білімді тексеру;

- курстық жұмысты жобалау және орындау практикалық міндеттерді шешу арқылы теориялық материалды сапалы меңгеру мақсатында мамандықтың типтік және/немесе оқу-жұмыс жоспарына сәйкес қарастырылады, академиялық кезең барысында орындалады.

2.3. Курстық, есептеу-графикалық жұмыстар және оқу жоспарында көрсетілген басқа жұмыс түрлері кафедра отырыстарында бекітілген графикке сәйкес емтихан сессиясы басталғанға дейін комиссияда қорғалуы тиіс. Курстық жұмысты немесе жобаны қорғау бойынша бағалау бақылаудың берілген түрі бойынша қорытынды болып табылады.

2.4. Сабақ үлгерімін ағымдық бақылау барысында студенттердің оқу жетістіктері әрбір орындалған тапсырмаға сәйкес (ағымдағы сабақтарда жауап беру, үй тапсырмасын орындау, студенттің өздік жұмысы ( ары қарай – СӨЖ), аралық бақылау) 100 балдық шкала бойынша бағаланады және соңғы нәтижесі академиялық кезеңде алынған барлық бағалардың орташа арифметикалық сомасын есептеу арқылы жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет