8.3. Мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандартына сәйкес мамандықтар бойынша мемлекеттік емтиханды бітіруші курстың барлық студенттері тапсырады.
8.4. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаудың орнына, мамандықтың бейінді пәндері бойынша мемлекеттік екі емтиханды тапсыру келесі жағдайларда мүмкін болады:
1) ұзақ уақытта емделуде болу (1 айдан артық), денсаулығы жөніндегі медициналық анықтаманың негізінде;
2) 3 жасқа дейінгі баласы болса, баланың туу туралы куәлігі негізінде;
3) сырқатталған ата-анасын бағады, ата-анасының денсаулығы туралы медициналық анықтама негізінде;
4) мүмкіндігі шектеулі мүгедек, мүгедектік туралы анықтама.
Бұл ретте білім алушы жоғары оқу орны басшысының атына өтініш жазады және тиісті құжаттарды ұсынады. Қосымша мемлекеттік емтихандарды тапсыру үшін дипломдық жұмысты алмастыру басқа жағдайларда мүмкін болмайды.
Мұндай жағдайда мемлекеттік емтихандар тізімі шығарушы кафедраның ұсынуымен факультет кеңесінің шешімімен бекітіледі.
8.5. Екі мемлекеттік емтихан пәндері бітіруші кафедра ұсынысы негізінде факультет кеңесінің шешімімен бекітіледі.
8.6. Қорытынды аттестацияға оқу-жұмыс бағдарламасына және жеке оқу-жұмыс жоспарының талаптарына сәйкес білім процесін толық аяқтаған студенттер ғана жіберіледі.
8.7. Білім процесін аяқтаудың негізгі критерийі жоғары білім беру мамандықтарының МЖМБС талаптарына сәйкес оқу және кәсіптік практиканың теориялық курсының қажетті көлемін студенттердің меңгеруі болып табылады.
8.8. Оқу-жұмыс бағдарламасын және жеке оқу-жұмыс жоспарының талаптарын орындамаған бітіруші курс студенті жазғы семестрді өтпей-ақ қайта оқу курсына қалдырылады.
8.9. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау үшін оқудың барлық түрлері үшін әрбір мамандық бойынша мемлекеттік аттестаттау комиссиясы (әрі қарай – МАК) құрылады.
8.10. Студенттерді қорытынды аттестаттауға рұқсат ету қорытынды аттестация басталғанға дейін екі апта ішінде студенттердің тізімдегі құрамы бойынша институт директорының өкімімен іске асырылады және МАК-қа ұсынылады.
8.11. Студенттерді қорытынды аттестаттау басталғанға дейін МАК-қа студенттің жеке оқу жоспарын орындағаны және барлық пәндер бойынша алынған бағалары, олардың көлемі, тапсырған курс жұмыстары (жобалары) және кәсіптік практика түрлері және GPA оқу мерзімі ішінде орташа өлшенген бағалар шамасы туралы анықтаманы факультет деканына ұсынылады.
8.12. Мамандық бойынша мемлекеттік емтиханды тапсыруға оқу-жұмыс жоспарындағы пәндер бойынша академиялық қарызы бар студенттер жіберілмейді.
8.13. МАК құзіреттілігіне енеді:
1) жоғары білім мамандықтарының МЖМБС белгіленген талаптарына бітіретін мамандардың теориялық және практикалық дайындықтарының сай келу деңгейін тексеру;
2) тиісті мамандық бойынша бакалавр, магистр академиялық дәрежесін беру;
3) мамандық бойынша сәйкес келетін біліктілікті бітіруші түлекке беру;
4) жоғары білім туралы диплом беру туралы шешім қабылдау;
5) мамандар даярлау сапасын әрі қарай жақсартуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу.
8.14. МАК мәжілісінің ұзақтығы күніне 6 академиялық сағаттан аспауы керек. Бұл ретте мемлекеттік емтиханды тапсыруға күніне 12-15-тен артық емес адамға, ал диплом жұмысын (жобасын) қорғауға 7-10 артық емес адамға рұқсат етіледі.
8.15. МАК-қа диплом жұмысын (жобасын) қорғау басталғанға дейін бес күн ішінде ұсынылады:
1) диплом жұмысының (жобасының) ғылыми жетекшісінің пікірі, пікірде «қорғауға жіберіледі» немесе «қорғауға жіберілмейді» деген дәлелденген тұжырым беріледі;
2) диплом жұмысына пікір, пікірде диплом жұмысын (жобасын) қорғауға ұсынылатын жан-жақты сипаттама, білімді бағалаудың балл-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағалары көрсетілген дәлелденген қорытынды, тиісті мамандық бойынша біліктілікті немесе «бакалавр» академиялық дәрежесін беру мүмкіндіктері беріледі.
8.16. Дипломдық жұмыстарды (жобаларды) плагиатқа тексеруді тиісті факультеттер, ал диссертацияларды - МҒТСҰО арқылы ЖОБ ұйымдастырады.
8.17. МАК-қа орындалған диплом жұмысының ғылыми және практикалық құндылықтарын сипаттайтын материалдар, бейресми пікірлер, диплом жұмысының (жобасының) бейіні бойынша практикалық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жазбаша қорытындылары, ғылыми зерттеулер нәтижелерін енгізу анықтамалары немесе актілері, макеттер, материалдар мен бұйымдар үлгілері, ауылшаруашылық өнімдері, минералдар коллекциялары, гербарийлер ұсынылады.
8.18. Студент, магистрант диплом жұмысын (жобасын) ғылыми жетекшінің оң пікірі және қорғалатын диплом жұмысының (жобасының) бейініне сәйкес келетін маманның бір пікірі болғанда қорғайды.
Егер ғылыми жетекші «қорғауға жіберілмейді» деген теріс баға берсе, білім алушы диплом жұмысын (жобасын) қорғай алмайды.
Білім алушы диплом жұмысын (жобасын) қорғауға пікір жазушы оң қорытынды жасаса да, теріс қортынды жасаса да жіберіледі.
8.19. Диплом жұмысына (жобасына) пікір айту біліктілігі қорғалатын диплом жұмысының бейініне сәйкес келетін тек тараптық ұйымдардың сыртқы мамандарымен ғана жүзеге асырылады.
8.20. Мемлекеттік емтихандар (мамандықтар және бейінді пәндер бойынша) кәсіптік оқу бағдарламасы көлемінде ауызша, жазбаша, тестілеу (кешенді тестілеу) түрінде өткізіледі.
8.21. Мамандықтар бойынша мемлекеттік емтихан аталған кешенді емтиханға енгізілген пәндердің оқу бағдарламасы негізінде ЖОО әзірленген бағдарлама бойынша жүргізіледі.
Мамандықтар бойынша мемлекеттік емтихан бағдарламасы ЖОО Ғылыми Кеңесінің шешімімен бекітіледі.
8.22. Бейінді пәндер бойынша мемлекеттік емтихандар мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандартымен және типтік оқу бағдарламасына сәйкес әзірленген оқу-жұмыс бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
8.23. Мемлекеттік емтиханның тесті түрі кезінде ЖОО тест тапсырмаларын, олардың түрлерін (ашық, жабық, аралас), тест өткізу технологияларын дербес әзірлейді және бекітеді. Мемлекеттік емтихан бойынша тест тапсырмаларының жалпы саны жүзге көбейтілген кредиттердің санына тең мемлекеттік емтихан бағдарламасына енетін әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының қосындысынан кем болмауы тиіс
8.24. Диплом жұмысын қорғау МАК ашық мәжілісінде оның мүшелерінің тең жартысы қатысқан кезде өткізіледі.
8.25. Бір диплом жұмысын (жобасын) қорғау ұзақтығы бір білім алушыға 50 минуттан аспауы тиіс. Білім алушы диплом жұмысын қорғау үшін МАК алдында 15 минуттан артық емес уақытта баяндама жасайды.
8.26 Мемлекеттік емтихан және диплом жұмысын (жобасын) қорғау нәтижелері бойынша білім алушының білімін бағалаудың балл-рейтингтік жүйесі бойынша баға қойылады. Бұл ретте білім алушының теориялық, ғылыми және практикалық дайындығының деңгейі, сондай-ақ ғылыми жетекшінің және пікір айтушылардың пікірлері қабылданады.
8.27. Мемлекеттік емтиханды тапсыру және диплом жұмысын (жобасын) қорғау нәтижелері МАК мәжілісінің хаттамаларына қол қойғаннан кейін күнде хабарлайды.
8.28. МАК барлық мәжілістері хаттамамен рәсімделеді.
8.28.1. Хаттамаға мемлекеттік емтиханда және диплом жұмысында (жобасында) анықталған білім бағалары енгізіледі, сондай-ақ берілген сұрақтар және МАК мүшелерінің пікірлері жазылады. Егер МАК бір мүшесінің пікірі комиссияның қалған мүшелерінің пікірлерімен сәйкес келмесе, ол хаттамада жеке пікірін жазады және қол қояды.
8.28.2. Хаттамада академиялық бакалавр, магистр дәрежесін және/немесе біліктілігін беру, сонымен қатар, білімін тәмамдаған студентке дипломның (үздік немесе үздік емес) берілуі көрсетіледі.
8.29. Диплом жұмысын (жобасын) қорғау бағалары, сондай-ақ, академиялық дәрежені беру немесе біліктілікті беру және мемлекеттік үлгідегі (үздік, үздік емес) диплом беру туралы шешімдер МАК жабық мәжілісінде қатысқан комиссия мүшелерінің басым ашық дауыс беруімен қабылданады. Дауыстардың саны тең болған кезде Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
8.30. Студент орынды себеп бойынша қорытынды аттестацияға келмеген жағдайда МАК төрағасының атына өтініш жазады, орынды себебін дәлелдейтін құжат ұсынады, оның рұқсат етуі бойынша МАК мәжілісінің басқа күні емтихан тапсырады немесе диплом жұмысын қорғайды.
8.31. Студент қорытынды аттестация нәтижелерімен келіспеген жағдайда аттестация болған күннен кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей апелляция береді.
8.32. Апелляцияны өткізу үшін Ректор бұйрығымен біліктілігі мамандықтардың бейініне сәйкес келетін тәжірибелі оқытушылар санынан апелляциялық комиссия құрылады.
8.33. Апелляция қанағаттандырылған жағдайда МАК мәжілісінің хаттамасы ресімделеді. Бұл жағдайда бірінші хаттама нәтижелері «Баға №_______хаттамамен ___________бетте____» деген жазумен жойылады және МАК барлық мүшелері қол қояды.
8.34. Қанағаттанарлықсыз баға алғаннан кейін денсаулығы туралы МАК-қа ұсынылған құжаттар қарастырылмайды.
8.35. Жақсы бағаға көтеру мақсатында мемлекеттік емтиханды қайта тапсыру және диплом жұмысын (жобасын) қорғауға жол берілмейді.
8.36. «Қанағаттанарлықсыз» баға алған тұлғалардың мемлекеттік емтихандарды қайта тапсыруға және/немесе диплом жұмысын қайта қорғауға қорытынды аттестацияның берілген мерзімінде рұқсат етілмейді.
8.37. Егер диплом жұмысы (жобасы) қанағаттанарлықсыз деп танылса, МАК осы жұмысты қайта өңдеп немесе жаңа тақырыпты әзірлеп қайта ұсыну мүмкіндігін бекітеді. МАК-тың бұл шешімі мәжіліс хаттамасына жазылады.
8.38. Қорытынды аттестацияны тапсыра алмаған тұлға ЖОО басшысына бір жыл бұрын, келесі оқу жылының қорытынды аттестациясы басталғанға дейін екі аптадан кешіктірмей қорытынды аттестацияны қайта тапсыруға рұқсат ету туралы өтініш жазады.
8.39. Қорытынды аттестацияны қайта тапсыруға рұқсат ету білім беру ұйымының басшымен ресімделеді.
8.40. Қорытынды аттестацияны қайта тапсыру алдыңғы қорытынды аттестацияда қанағаттанарлықсыз баға алған түрлері бойынша ғана жүргізіледі.
8.41. Мемлекеттік емтихандар қатарына енгізілген пәндер тізімі осы емтихандарды тапсыра алмаған тұлғалар үшін теориялық курста білім алған жылы бойынша әрекет ететін оқу жоспарымен анықталады.
8.42. Қорытынды аттестация бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған студенттер ЖОО-нан ЖОО басшысының бұйрығымен шығарылады және жоғары білімі аяқталмаған деген анықтама беріледі.
8.43. Қорытынды аттестациядан өткен және жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес меңгеруін растайтын студенттерге МАК шешімімен «бакалавр» академиялық дәрежесі ұсынылады немесе тиісті мамандық бойынша біліктілік беріледі, қосымшасы бар мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
8.44. Дипломға қосымша студенттің (білім алушының) жеке оқу жоспарына сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандартында және оқу-жұмыс жоспарында қарастырылған көлемдегі барлық пәндер бойынша алынған бағалары, тапсырылған курстық жұмыстар (жобалар), практика түрлері мен қорытынды аттестация нәтижелері туралы анықтамалар негізінде толтырылады.
Дипломға қосымшада әрбір оқу пәні бойынша білімді бағалаудың балл-рейтингтік жүйесі бойынша кредитте және академиялық сағатта оның көлемін көрсете отырып соңғы бағалар қойылады.
9. Жоғары білімнен кейін білім алушылардың аралық аттестациясын, сабақ үлгерімін ағымдық бақылауды өткізу тәртібі
9.1. Магистратура және докторантурада білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру Университет анықтайтын бақылау мен аттестацияның әртүрлі түрлерімен жүзеге асырылады.
9.2. Магистратура және докторантурада білім алушылардың сабақ үлгерімін ағымдық бақылау ЖОО студенттеріне ұқсас ретте жүзеге асырылады.
9.3. Магистранттар және докторанттардың аралық аттестация емтихандар және дифференциалды сынақтар түрінде оқу-жұмыс жоспарына, академиялық күнтізбеге, кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
9.4. Аралық аттестация мерзімділігі және ұзақтығы мамандықтардың оқу-жұмыс жоспарына және академиялық күнтізбеге сәйкес анықталады.
9.5. Емтихандар аралық аттестация мерзімінде кестеге сәйкес тапсырылады.
9.6. Емтихандар кестесін оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректор бекітеді және емтихан сессиясы басталғанға дейін екі апта бұрын білім алушылар мен оқытушыларға хабарланады.
9.7. Емтиханға рұқсат беру сабақ үлгерімін ағымдық бақылауды бағалау негізінде жүзеге асырылады, соның нәтижесі бойынша нақты пәндер бойынша рұқсат ету рейтингісі анықталады.
9.8. Аталған пән бойынша рейтингте жақсы баға ала алмаған білім алушылар қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберілмейді.
Курс жұмысын (жобасын) тапсыра алмаған білім алушы тиісті пәндер бойынша емтиханға жіберілмейді.
9.9. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бастығы жеке жағдайда (ауырғаны, отбасы жағдайына, объективті себептер бойынша) жеке график бойынша білім алушыға емтихан тапсыруға рұқсат етеді.
Жеке график бойынша емтихандар тапсыру жоғары білімнен кейінгі бөлім бастығына ауырғаны туралы, баланың тууы туралы, жақын адамдарының қайтыс болуы туралы, қызметтік немесе оқу іссапарына байланысты анықтама ұсынылған жағдайда рұқсат етіледі.
9.10. Емтихан сессиясы кезеңінде (аралық аттестация) Ректор бұйрығымен біліктілігі апелляциялаушы пән бейінен сәйкес келетін оқытушылардан апелляция комиссиясы құрылады.
9.11. Емтихандар жазбаша, ауызша, тест немесе құрама түрде өткізіледі. Емтиханның тестілеу түрі кезінде олардың бейіндігі мен жақындық принциптерін сақтай отырып екі және одан артық пәндер бойынша кешенді емтиханды белгілеуге рұқсат етіледі.
9.12. Оқу пәндері бойынша аралық аттестацияны өткізу кезінде емтиханда алынған баға және академиялық кезең ішінде сабақ үлгерімін ағымдық бағалаудың орташа балы (рұқсат ету рейтингісінің бағасы) есептеледі.
9.13. Білім алушыға әрбір пән бойынша емтихан біткеннен соң ЖОО студенттері сияқты қорытынды баға қойылады.
9.14. Емтихан ведомостісі Тіркеу бөліміне беріледі, ол бөлім оқудың барлық мерзімі ішінде барлық білім алушыларға бөлінетін кредиттер санын есепке алу және жинақталуымен айналысады.
Тіркеу бөлімі соңғы емтихан ведомостісін жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөліміне береді. Әрбір оқу пәндерінің емтихан ведомостілері негізінде аралық аттестация бойынша жиынтық ведомость жүргізіледі.
9.15. Білім алушылар барлық емтихандарды жеке оқу-жұмыс жоспарына және пәндердің бекітілген бағдарламалары бойынша қатаң сәйкестікте тапсыру керек.
9.16. Білім алушылар оқудың қосымша түрлері бойынша пәндерден емтихан тапсыра алады, тапсырған нәтижелері емтихан ведомостісіне және білім алушының жеке ведомостісіне енгізіледі.
9.17. Білім алушы емтиханды «қанағаттанарлықсыз» деген бағаны жақсы баға алу мақсатында қайта тапсыру үшін ақылы негізде аталған пән бойынша оқу-жұмыс жоспарында қарастырылған барлық сабақ түрлеріне қатысады, рұқсат алады және қорытынды бақылауды тапсырады.
9.18. Қорытынды бақылау бойынша жақсы бағаға қайта тапсыру осы академиялық кезеңде рұқсат етілмейді.
Қорытынды бақылау бойынша жақсы бағаға қайта тапсыру осы Өкімнің 9.17. тармағына сәйкес анықталады.
9.19. Қорытынды бақылау нәтижелерімен келіспеген білім алушылар емтихан өткен күннен кейін келесі күні апелляцияға беруге құқығы бар.
9.20. Егер білім алушылар толық көлемде о0у бағдарламасын орындап, емтиханға келмесе, емтихан ведомостісінде оның аты-жөніне қарсы «келмеді» деген белгі жасалады.
Орынды себептері болған жағдайда (сырқаттануы, отбасылық және қызметтік жағдайлар) жоғары оқу орнынан кейінгі білім басшысының өкімімен емтихан тапсырудың жеке графигі белгіленеді. Емтиханға келмеудің орынсыз себептері кезінде «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға теңестіріледі, ол емтиханды тапсыру Осы өкімнің 9.17 тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
9.21. Транскрипте магистранттың, докторанттың барлық қорытынды бағалары және емтиханды қайта тапсырудың оң нәтижесі жазылады.
9.22. Оқу жылы аяқталған соң емтихан сессиясының қорытындысы негізінде Ректор бұйрығымен жоғары білімнен кейін білім алушыны курстан курсқа ауыстыру жүзеге асырылады. Осы мақсатта ауысу балы анықталады.
9.23. Емтихан нәтижелері және емтихан сессиясы (аралық аттестация) аяқталғаннан кейін оқу процесін жақсарту бойынша ұсыныстар кафедралар, директораттар және ЖОО Ғылыми Кеңесінің мәжілістерінде талқылауға енгізіледі.
9.24. Университеттен шығарылған тұлғаларға жоғары білімді аяқтамағаны туралы анықтама беріледі.
10. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушыларды қорытынды аттестаттау тәртібі
10.1. ЖОО білім алушыларды қорытынды аттестаттау академиялық күнтізбеде және мамандықтардың оқу-жұмыс жоспарында қарастырған мерзімде кешенді емтихан тапсыру және магистрлік (докторлық) диссертацияларды қорғау түрінде өткізіледі.
10.2. Қорытынды аттестацияға оқу-жұмыс жоспарын және оқу жұмыс бағдарламасының талаптарына сәйкес білім процесін аяқтаған білім алушылар жіберіледі.
10.3. Бітіруші курста білім алушы жеке оқу жұмыс жоспарын және оқу жұмыс бағдарламасының талаптарын орындамаған жағдайда жазғы семестрден өтпестен қайталап оқу курсына қалдырылады.
10.4. Білім алушылардан кешенді емтихан қабылдау және магистрлік диссертацияларды қарастыру үшін Университет Мемлекеттік аттестаттау комиссиясын құрады (МАК).
10.5. Университет МАК Төрағасының кандидатурасын 1 қарашаға дейін білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсынады:
- магистратура мамандықтары бойынша – осы ұйымда жұмыс істемейтін, бітіретін мамандардың бейіндерімен сәйкес келетін ғылымдар докторы немесе кандидаты ғылыми атағымен немесе PhD/бейін бойынша доктор академиялық дәрежесімен;
- докторантура мамандықтары бойынша - осы ұйымда жұмыс істемейтін, бітіретін мамандардың бейіндерімен сәйкес келетін ғылымдар докторы немесе кандидаты ғылыми атағымен немесе PhD/бейін бойынша доктор академиялық дәрежесімен;
10.6. МАК құрамына оның мүшелері құқығында келесі мүшелер кіреді:
- магистратура мамандықтары бойынша – бітіретін мамандардың бейіндерімен сәйкес келетін ғылыми атағы бар докторлар және ғылым кандидаттары дәрежесі немесе академиялық дәрежесі бар PhD докторлар және магистрлар (бейінді магистратура үшін МАК құрамына бітіретін мамандардың сәйкес келетін бейіндері бар тұлғалар, жоғары білікті мамандар енуі мүмкін);
- докторантура мамандықтары бойынша – бітіретін мамандардың сәйкес келетін ғылыми атағы бар докторлар және академиялық дәрежесі бар PhD докторлар.
10.7. МАК-тың сандық құрамын Университет анықтайды және Ректор бұйрығымен 31 желтоқсаннан кешіктірілмей бекітіледі және сол күнтізбелік жыл ішінде жарамды.
10.8. Магистранттар мен докторанттарды қорытынды аттестацияға жіберу Ректор бұйрығымен ресімделеді және қорытынды аттестаттау басталғанға дейін екі аптадан кешіктірмей бекітіледі, МАК-қа ұсынылады.
10.9. Мамандықтар бойынша кешенді емтиханға магистратура мен докторантураның кәсіптік оқу бағдарламасының негізгі және бейінді пәндер циклінің міндетті компонентінің пәндері енеді.
10.10. Кешенді емтихан мынадай түрде жүргізіледі: бекітілген бағдарлама көлемінде ауызша, жазбаша, тестілеу.
10.11. Кешенді емтихан бағдарламасы, оны өткізу түрі және тапсырмалар құрамы аталған кешенді емтиханға енгізілген пәндер оқу бағдарламасы негізінде Университет кафедраларында әзірленеді.
10.12. Кафедра тест тапсырмаларын, олардың түрлері (ашық, жабық, құрама тестілер) және тестілеу өткізу технологияларын әзірлейді. Тестілеу кезінде тест тапсырмаларының жалпы саны емтихан бағдарламасына енетін әр пән бойынша кредиттердің жиынтық санына көбейтілген жүзден кем болмауы қажет
10.13. Кешенді емтихан қабылданады:
- магистрлік диссертацияны қорғауға дейін 1 ай ішінде кешіктірмей;
- докторлық диссертацияны қорғауға дейін 3 ай ішінде кешіктірмей.
10.14. Кешенді емтихан нәтижелері магистратура және докторантурада әрбір білім алушыға жеке толтырылатын хаттамамен ресімделеді.
МАК отырысының хаттамасын бітіруші кафедраның оқу-көмекші персоналдарының ішінен МАК құрамына бекітілген хатшы жүргізеді.
10.15. Тестілеу түрінде кешенді емтиханды өткізу кезінде жеке хаттаманы ресімдеу негізі емтихан ведомостісі болып табылады.
10.16. Жақсы бағаға көтеру мақсатында кешенді емтиханды қайта тапсыруға жол берілмейді.
10.17. Білім алушы кешенді емтихан нәтижелерімен келіспеген жағдайда емтихан болған күннен кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей апелляция береді.
10.18. Апелляцияны өткізу үшін Ректор бұйрығымен біліктілігі мамандықтардың бейініне сәйкес келетін тәжірибелі оқытушылар санынан апелляциялық комиссия құрылады.
10.19. Апелляцияны қанағаттандыру жағдайында МАК мәжілісінің хаттамасы қайта ресімделеді. Бұл жағдайда бірінші хаттама нәтижелері «Баға №_______хаттамамен ___________бетте____» деген жазумен жойылады және қатысқан МАК барлық мүшелері қол қояды.
10.20. Кешенді емтихан бойынша «қанағаттанарлықсыз» баға алған білім алушылар білім немесе ғылым ұйымы басшысының бұйрығымен, білімін аяқталмаған азаматтарға берілетін анықтама беріле отырып, ЖОО-дан немесе ғылыми ұйымнан шығарылады.
10.21. «Қанағаттанарлықсыз» баға алған тұлғаларға кешенді емтихандарды қайта тапсыруға магистратурада немесе докторантурада қорытынды аттестация кезеңінде рұқсат етілмейді.
10.22. Кешенді емтихан тапсырған магистрант немесе докторант диссертациялық жұмысты қорғауға жіберіледі. Диссертацияны қорғауға рұқсат ету ректордың бұйрығымен ресімделеді.
10.23. Авторға және иемдену көзіне сілтеме жасамай-ақ иемдену тақырыбына диссертациялық жұмысты тексеру (диссертацияның көшіріп жазылғандығын тексеру) магистратура және докторантурада жоғары оқу орнынан кейінгі мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартымен жүзеге асырылады.
10.24. Тексеруден кейін Ережелердің 200 пунктіні сәйкес докторанттардың диссертациялық жұмыстары сараптамадан өтеді. Осы мақсатта диссертациялық кеңес әр диссертациялық жұмыс бойынша сарапшы комиссияны тағайындайды. Магистерлік диссертацияны қорғау мыналар болған жағдайда жүзеге асырылады:
- ғылыми жетекшінің оң пікірі;
- ғылыми баспаларда диссертация тақырыбы бойынша біреуден кем емес жариялым немесе халықаралық немесе республикалық конференцияларға қатысу;
- шығарушы кафедраның қорғауға (кафедра отырысы хаттамасынан көшірме) берген ұсынысы туралы шешім;
- бір ресми оппоненттің пікірі, оның біліктілігі (ғылыми немесе академиялық дәрежесі) қорғалатын жұмысқа сай келуі тиіс, онда диссертацияға жан-жақты сипаттама және бағалары көрсетілген («өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз») дәлелді қорытынды және жоғары академиялық философия докторы немесе тиісті мамандықтар бойынша дәрежесін беру мүмкіндіктері беріледі.
Егер ғылыми жетекші және/немесе сараптама комиссиясы «қорғауға жіберілмейді» немесе «қорғауға ұсынылмайды» деген теріс қорытынды берсе, магистрант магистрлік диссертацияны қорғай алмайды
10.25. Магистерлік диссертацияны қорғаудың нәтижелері әрбір магистрантқа жеке хаттамамен рәсімделеді.
10.26. Қорытынды аттестациядан өткен және магистратураның сәйкес кәсіптік оқу бағдарламасын меңгергенін растаған, магистрлік диссертацияны көпшілік алдында қорғаған білім алушыларға магистрлік диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің шешімімен тиісті мамандықтар бойынша «магистр» академиялық дәрежесі ұсынылады және қосымшасы бар мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі. МАК шешімі хаттамамен рәсімделеді.
10.27. Төраға орынбасары, ғылыми хатшы және мүшелері көрсетілген магистрлік диссертацияларды қорғау бойынша диссертациялық кеңес құрамы ректордың бұйрығымен бекітіледі және күнтізбелік жыл бойы әрекет етеді.
10.28. Магистранттардың қорытынды аттестациясының нәтижелері туралы есепке Төраға қол қояды және Ғылыми Кеңес отырысында бекітіледі.
10.29. Университет магистранттарды қорытынды аттестаттау аяқталғаннан кейін бір ай мерзім ішінде магистранттарды қорытынды аттестаттау нәтижелері туралы есепті білім беру саласындағы өкілетті органға ұсынады.
10.30. МАК төрағасының есебіне тегі, аты, әкесінің аты, мамандығы және берілген диплом нөмірі көрсетілген, ректор қол қойған магистратура бағдарламасын аяқтаған студенттер тізімі тіркеледі.
10.31. PhD докторлық диссертацияларды қорғау бойынша немесе профиль бойынша диссертациялық кеңес доктарантураның әр мамандығы бойынша жасалады.
10.32. Университет Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетіне (ары қарай – Комитет) төрағасы, төраға орынбасары, ғылыми хатшы және мүшелері көрсетілген докторлық диссертацияларды қорғау бойынша диссертациялық кеңес құрамын ұсынады.
11. Білім алушылар білімін бағалау критерийі
11.1. Білім алушылардың барлық бақылау түрлері бойынша білімі, дағдысы, машықтары, құзіреттілігі тікелей пропорционалды ара қатысы бар балл-рейтингтік әріптік жүйесінің бағаларымен анықталады.
11.2. «Өте жақсы» деген бағаға А бағасы сәйкес келеді, сандық баламасы - 4,0 және пайыздық құрамы - 95-100% және А-, сандық баламасы -3,67 және пайыздық құрамы 90-94%.
Аталған баға, егер білім алушы пәндердің барлық бағдарламалық материалын толық меңгергенін көрсетсе және қандай да бір қателер, олқылық жібермеген, бақылау және зертханалық жұмыстарды уақытында және дұрыс орындаған және солар бойынша есеп берген, осыған орай түпнұсқалы ойлау, уақытылы және қандай да бір қатесіз коллоквиумдерді тапсырған және үй тапсырмаларын орындаған, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысқан, пәнді зерделеу кезінде қосымша ғылыми әдебиетті өз бетінше пайдаланған, бағдарламалық материалды өз бетінше жүйелендіре алған жағдайда қойылады.
11.3. «Жақсы» деген баға В+ бағасына сәйкес келеді, сандық баламасы - 3,33 және пайыздық құрамы 85-89%, және В бағасы, сандық баламасы 30 және пайыздық құрамы 80-84% және В- бағасы, сандық баламасы - 2,67 және пайыздық құрамы - 75-79%.
Аталған баға, егер студент пәндердің нақты тақырыптарының негізгі мазмұнын ашатын сұрақтар бойынша жақсы білім көрсетсе және бағдарламадағы материалдарды 75%-дан кем емес меңгерген жағдайда, бұл ретте бақылау және зертханалық жұмыстарды дер кезінде орындап тапсырған, ешқандай ескертусіз үй тапсырмаларын және коллоквиумдарды дер кезінде дұрыс орындаған, оқытушы нұсқауымен қосымша әдебиетті пайдаланған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысқан, бағдарлама материалдарын оқытушы көмегімен жүйелі меңгерген жағдайда қойылады.
11.4. Қанағаттанарлық» бағасы С+ бағасына сәйкес келеді, сандық баламасы 2,33 және пайыздық құрамы 70-74%, С бағасына сәйкес келеді, сандық баламасы 2,0 және пайыздық құрамы 65-69%, С- бағасына сәйкес келеді, сандық баламасы 1,67 және пайыздық құрамы 60-64%, D+ сандық балама 1,33 және пайыздық құрамы 55-59% сәйкес келеді және D- сандық баламасы 1,0 және пайыздық құрамы 50-54%.
Аталған баға, егер студент бағдарламадағы материалдарды 50%-дан кем емес меңгерген жағдайда, бұл ретте бақылау және зертханалывқ жұмыстарды, үй тапсырмаларын орындау кезінде оқытушының көмегіне сүйеніп, коллоквиум тапсырғанда нақты жауап бермей және түбегейлі қателер жіберген, ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенділік танытпаған, тек қана оқытушы көрсеткен оқу әдебиеттерімен шектеліп, материалдарды жүйелеуде қиындықтар жиберген жағдайларда қойылады.
11.5. Қанағаттанарлықсыз» бағасы "F" бағасына сәйкес келеді, сандық баламасы 0 және пайыздық құрамы 0-49%. "F" бағасы студентке, егер ол бағдарламада қарастырылған негізгі материалдар туралы білмінде олқылық байқалған, пән бағдарламасының жартысынан астамын меңгермеген, жауаптарында түбегейлі қателер жіберген, ағымдық, аралық және қорытынды бақылау түрлерінде қарастырылған тапсырмаларды орындамаған, бағдарламада қарастырылған барлық негізгі әдебиетпен жұмыс істемеген, сабақтарға қатыспаған және оқу жоспарында қарастырылған жұмыстарды орындауға қатыспаған, ағымдағы және аралық бақылаудан өтпеген жағдайда қойылады.
12. Оқу тәртібі
12.1. Жеке оқу жоспары негізінде оқу сабақтарының кестесі жасалады, ол кестені академиялық кезең басталғанға дейін 5 күн ішінде оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректор бекітеді.
12.2. Аудиториялық сабақ кестесі байланыс сағаттары бойынша жасалады. Сабақтың бастауы сағат 9.00-де.
12.3. Студенттердің оқытушы жетекшілігімен өз бетіндік жұмыстары (СӨДЖ) графикке сәйкес аудиториялық сабақтар және оқытушылар білім алушымен жеке, келісілген график бойынша жүргізетін сабақтар түрінде, сағатын көрсете отырып енгізіледі. Сабақ кестесіне аудиториялық сағаттар (байланыс сағаттары) және СӨДЖ графигі қойылады.
12.4 Академиялық сабақ (пара) ұзақтығы 50 минутпен анықталады. Оқытушылар мен студенттерге сабақтың басталғанын қоңырау үнімен хабарлайды. 4 сағаттық сабақтан кейін 15-20 минут түскі үзіліс болады.
12.5. Студенттердің аудиторияға сабақ басталғаннан кейін кіруіне тыйым салынған.
12.6. Сабақ басталғанға дейін (сабақтар арасындағы үзілістерде де) лаборанттар және ассистенттер қажетті оқулық құралдарын және аппаратураны дайындайды.
12.7. Сабақ топта, бірнеше топтарда, қосымша топтарда ұйымдастырылады. Топ құрамы ректор бұйрығымен бекітіледі.
12.8. Әрбір топқа топ старостасы және оның орынбасарын барынша сабақты жақсы оқитын және тәртіпті студенттерден тағайындайды.
12.9. Топ старостасы және оның орынбасары тікелей факультет деканына бағынады және топта деканның барлық өкімдері мен нұсқауларын жүргізеді.
12.10. Топ старостасы және ол болмаған кезде оның орынбасары:
- топ журналына және журналда жазылған жазбалардың сақталуына жауап береді;
- топ журналында әрбір пәнге «Сабақ үлгерімі мен қатысуын есепке алу» туралы бірнеше бетті арнайды. Бұл ретте:
- оқу жоспарына сәйкес осы пән бойынша сабақтар санын ескереді;
- студенттердің сабақтың барлық түрлеріне қатысуын арнайы есепке алу жүргізіледі. Әрбір пәнге «Сабақ үлгерімі және қатысуын есепке алу» туралы журнал беттерін толтырады;
- орынсыз себептер бойынша сабаққа қатыспаған студентке тиісті бағанға «Н» әрпі, науқастану бойынша «В» қойылады;
- сабаққа қатысқан студенттің тегіне қарсы ешқандай жазба қойылмайды;
- топ студенттерінің арасынан күн сайын кезекші тағайындалады және ол аудиторияда тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етеді;
- ректорат, директор, кафедра меңгерушілері, кураторлардың өкімдерін топ студенттерінің орындауын қамтамасыз етеді;
- топ студенттерінің сабақты босатқандығы туралы деканатқа күнделікті баяндап тұрады;
- деканатқа немесе оның орынбасарына оқытушының сабақты өткізбегені туралы тез арада хабарлайды;
- студенттер өміріндегі мен топтағы олқылықтар туралы деканатқа тез арада хабарлайды;
- студенттердің ҚарМТУ Жарғысында қарастырылған олардың міндеттері мен құқықтарын орындауын қамтамасыз етеді;
- әрбір оқу аптасының соңында және айдың соңғы күнінде деканатқа журналды тексеруге тапсырады;
- аудиториялық сабақтарда топтың оқу пәндерін, сондай-ақ оқу жабдықтарын бақылайды және қамтамасыз етеді;
- топ студенттері арасында оқулықтар мен оқу құралдарын алуды дер кезінде ұйымдастырады;
- сабақ кестесіне енгізілген өзгерістерді студенттерге дер кезінде хабарлайды.
12.11. Старостаның көрсетілген қызметі шегіндегі өкімі топ студенттерінің барлығы үшін міндетті.
12.12. Студент, магистрант құқылы:
- білім гранты және шарт негізінде оқуға;
- мамандықтардың жалпыға міндетті стандарттары аясында білім алуға;
- белгіленген көлемде стипендия алуға (мемлекеттік тапсырыс бойынша оқып жатқан тұлғалар үшін);
- жеке траектория және оқыту графигі шеңберінде оқуға;
- өзінің қабілеттілігі мен мүмкіндіктеріне сәйкес білім және қосымша көрсетілетін білім қызметтерін алуға;
- оқу жоспарына сәйкес баламалы курстарды таңдауға;
- жоғары оқу орнында немесе аталған елді мекенде профессорлық-оқытушылық құрамның саны жеткілікті болған жағдайда оқытушыны таңдауға;
- заңмен белгіленген тәртіпте бір оқу орнынан басқа оқу орнына, бір мамандықтан басқа мамандыққа ауысуға және қайта қабылдануға;
- жеке пікірлері мен ойларын еркін жеткізуге;
- баға жариялығына;
- академиялық демалысқа (денсаулық жағдайына байланысты, соның ішінде жүктілік пен босану бойынша)
- Университет келісім-шарт жасасқан басқа жоғары оқу орындарында жеке оқу пәндерін оқуға;
- зертханалық жабдықтарды және компьютерлерді, институт, кафедра, кітапханалардың ғылыми-анықтамалық материалдарын пайдалануға;
- оқу процесі және студенттердің құқықтары мен міндеттері туралы ақпаратты қамтитын «Анықтамалық-жол көрсеткішпен» қамтамасыз етілуге;
- қоғамдық ұйымдар арқылы Университет қызметі мен студенттік өмірдің маңызды шешімдерін шешуге қатысуға;
- Университет Жарғысы және тиісті ережелермен байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстары мен қызметтің басқа түрлеріне қатысуға;
- ұйымдастырушы болуға және ғылыми-техникалық шығармашылық орталықтар, кооперативтер, баспа қызметі, ғылыми-техникалық проблемаларды шешуге қатысатын басқа шаруашылық-есептегі ұйымдардың жұмысына қатысуға;
- медициналық қызмет көрсету және студенттердің белгілі бір топтары үшін белгіленген басқа жеңілдіктерді алуға;
- оқуда, ғылыми-өндірістік пен басқа қызметтердегі табыстары үшін марапаттау және сыйлық беру, алғыс жариялау, грамотамен, ақшалай сыйлықпен, құнды сыйлықтармен марапаттау және профилакторияларға немесе спорттық-сауықтыру лагеріне тегін жолдама алуға (материалдық марапаттау түрлерін таңдау директорат және кафедраның ұсыныстары бойынша жүзеге асырылады).
- Университет жатақханасына тұруға құқылы.
12.13. Студент міндетті:
Университет орынжайында ҚарМТУ-дың ішкі тәртіп ережелеріне бағынуға;
- еңбекті қорғау ережесін және қауіпсіздік техникасын және өндірістік санитарияны қатаң сақтауға;
- оқу жоспарының талаптарын орындауға;
- Университет ректоратының, факультет деканатының, кураторлардың, старосталардың тапсырмаларын орындауға;
- таңдап алған мамандығы бойынша теориялық білімге және практикалық дағдыларға ие болуға;
- оқу жетістіктерін ішкі бағалау ойынша Унивеситет және ҚР БҒМ өткізетін барлық іс-шараларға қатысуға;
- қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өтуге;
- оқу пәндеріне дер кезінде жазылуға және деканатқа жеке оқу жоспарын беруге;
- оқу пәндері бойынша СӨЖ орындауға;
- сабаққа күн сайын қатысу, сабаққа ауырып қатыса алмаған жағдайда институт секретариатын ауырғаны жөнінде ескерту керек, сосын тиісті емдеу мекемесінің белегіленген үлгідегі анықтамасын 3 оқу күні ішінде инстиут директорына беруге;
- оқу-әдістемелік әдебиеттерге және мүліктерге ұқыпты қарауға;
- бірге оқитын курстастарына, оқытушыларға және т.б. мейірімді болуға;
- сабақ кезінде ұялы телефондарын өшіруге;
- қоғамдық орындарда этикалық нормаларды және жалпыға ортақ тәртіп ережелерін сақтауға;
12.14. Университетте өткізу жүйесі бар. Корпусқа кіруге студент билеті (сынақ кітапшасы) болған жағдайда рұқсат етіледі.
12.15. Студенттерге, Университеттің және студенттер жатақханасының оқу тәртібін, ішкі тәртіп ережелерін, сонымен қатар осы ережелердің 7-тарауының 10-тармақшасында көрсетілген студент міндеттерін бұзғаны үшін тәртіптік жаза шаралары қолданылуы мүмкін, ол жаза шаралары:
ескерту;
сөгіс;
Университеттен шығару.
12.16. Ескерту, сөгіс, Университеттен шығару сияқты тәртіптік жаза шараларын қолданғанда ақталу үшін медициналық анықтаманы ұсыну қабылданған шараларды жоюға негіз бола алмайды.
12.17. Білім алушылар тәртіпті және сүйкімді таза жүруге тиіс (спорт кешенінен басқа Университет корпустарына спорттық киіммен келуге тыйым салынады).
Оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректор В.В. Егоров
Достарыңызбен бөлісу: |