Өкпеде қуыс синдромының клиникалық симптомдары мен диагностикалық критериилері. Орындағандар: Сатыбалды Зарина



бет3/3
Дата26.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#129917
1   2   3
Байланысты:
Сатыбалды Зарина өкпе қуыс
300 demo

Сұрап тексеру

Сұрап тексеру

Шағымдары – себебіне байланысты:

  • Жөтел;
  • Қақырық – іріңді, қанды, жағымсыз иісті, көп мөлшерде;
  • Ентігу
  • Дене қызуының көтерілуі.

Пальпацияда

Пальпацияда

1.Дауыс дірілі әлсірейді:

-оқшауланған қуыс үстінен

-бронхпен жанасып жатса, бірақ бос болмаса (сұйықтық болса)

2.Дауыс дірілі күшееді

-бронхпен жанасып жатса және бос болса

Перкуссияда:

Перкуссияда:

  • тимпаникалық дыбыс – ауасы бар немесе бронхпен байланысқан қуыс үстінен анықталады;
  • тұйықталған тимпаникалық дыбыс - бос, айналасында қабынулық тін бар қуыс үстінен анықталады;
  • тұйықталған немесе айқын тұйық дыбыс
  • – қуыс ішінде сұйықтық болса анықталады

Аускультацияда:

Аускультацияда:

  • бронхиалды тыныс – қуыс бронхпен жанасып жатса тыңдалады;
  • ашық дыбысты, ірі көпіршікті сырылдар қуыста сұйықтық болса естіледі
  • амфорикалық тыныс – қуыс үлкен - d= 6см н/е одан>, қабырғасы жұқа және тегіс болса естіледі (қумыраға үрлеген дыбыс тәрізді).
  • Жекелеген ауалы қуыстың үстінде аускультация жүргізгенде, тыныс дыбыстары естілмейді.

Зерттеу әдістері:

  • Рентгенологиялық зерттеу дәл, ең жиі өкпедегі қуысты аңықтайды. Рентгенде сұйықтық деңгейімен және перифокальды қабынумен өкпеде дөңгелек бірқалыпты қарайған дақ көрінеді. Сұйықтықтың үстінде ашық кеңістік болады.
  • Қанның жалпы анализнде – қабыну процестерінің көрсеткіштері.
  • Қақырықта – ірі элементтер, өкпе тканінің ыдырау белгілері – эластикалық талшықтар табылады.
  • КТ көптеген шағын сипатты фиброзды альвеолиттің соңғы сатысында қалыптасатын «ұялы өкпе» қуыстарды (кисталарды) аңықтауға мүмкіндік береді.

Қорытынды

  • Өкпеде қуыс пайда болу синдромы деп – каверна және абсцестер айналасында инфильтративті немесе фиброзды қабатпен қоршалған қуыс пайда болған кездегі белгілер жиынтығын айтамыз. Өкпеде қуысты аңықтаудың ең негізгі зерттеу әдісі рентген болып табылады, ол қуыс сұйықтықта толы болса қою, ал ауаға толған болса ашық түс береді.

Пайдаланған әдебиеттер

  • Ішкі аурулар пропедевтикасы 2016ж (Н.А Мухин; В.С Моисеев)
  • https://ansya.ru/health/kpede-uis-bolu-sindromini-tsinigi-klinikali-jadaj-sebepteri-me/main.html
  • https://kazmedic.org/archives/tag/%D3%A9%D0%BA%D0%BF%D0%B5%D0%B4%D0%B5-%D2%9B%D1%83%D1%8B%D1%81-%D0%BF%D0%B0%D0%B9%D0%B4%D0%B0-%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D1%83-%D1%81%D0%B8%D0%BD%D0%B4%D1%80%D0%BE%D0%BC%D1%8B
  • Википедия сайты.

Тыныс алу жүйесі ауруларының синдромдарын атаңыз?

Тыныс алу жүйесі ауруларының синдромдарын атаңыз?


Өкпенің тығыздалу синдромы

Плевралды синдром

Қуыс синдромы

Өкпеде ауа мөлшерінің жоғарылауы синдромы

Тыныс алу жеткіліксіздігі синдромы

Өкпеде қуыс пайда болу синдромының пайда болу себептері?

Кисталар, абсцедирленген пневмония, абсцедирленген өкпе инфаркті, туберкулез.

Клиникалық көріністері неге байланысты?

Пайда болу себебіне, қуыс көлеміне және орналасқан тереңдігіне, қуыстың бронхпен жанасуына, айналасында қабынулық тіннің болуына, бос немесе бос еместігіне.

Жекелеген ауалы қуыстың үстінде аускультация жүргізгенде қандай дыбыс естіледі?

Дыбыс естілмейді

Өкпе қуыс синдромы бар науқастың рентгенінде не көрінеді?

Рентгенде сұйықтық деңгейімен және перифокальды қабынумен өкпеде дөңгелек бірқалыпты қарайған дақ көрінеді.

Перкуссия кезінде тұйықталған немесе айқын тұйық дыбыс естілсе?

– ол қуыс ішінде сұйықтықтың белгісі болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет