Ошақтардың көлемі 5-10 мм болып, бір-біріне қосылуға икемді, екі өкпенің барлық аймағында тепе-тең орналасады. Өкпенің жоғарғы бөлігінде ошақтар едәуір үлкендеу, ал төменгі бөліктерде олардың көлемі кішілеу және үдемелігі төмен болып келеді, ол – ошақтардың пайда болған кезеңін көрсетеді. Жедел диссеминация сияқты ошақтартізбек тәріздес қан тамырлары бойының көлеңкесінде орналасады.
Өкпе түбірінде және кеуде аралық ағзаларында томографиялық зерттеу арқылы тығыздалған, толық әктенбеген лимфа бездерін көруге болады.