Өкпенің стромасы мен паренхимасының дәнекер тіндермен тығыздануы, рентгенологиялық көріністе тор-ұялы суретінің нәзік көлеңкелері және бронх қан тамырларының бойымен, бөлік аралық саңылауларда орналасқан тығыз тяж көлеңкесі түрінде байқалады. Өкпенің жоғары бөліктерінің дәнекер тінімен тығыздану салдарынан өкпе түбірі көлеңкелері тепе-тең жоғарға тартылады, жүрек ортаңғы жағдайда орналасады.
Туберкулин диагностикасы
Жедел түрінде дерттің ең басында туберкулин реакциясы орташа немесе айқын гиперергиялық түрде болады да, ал үрдістің әрі қарай өршуі басталғанда басылып жойылды және көп кешікпей теріс болады.
Жеделдеу және созылмалы диссеминирлі туберкулезбен ауыратын науқастарда туберкулинге сезімталдық әлсіз оң реакциядан бастап орташа айқын реакцияға дейін болады. Туберкулездің өршуі жойылғанда туберкулинге сезімталдық төмендейді немесе норморгиялық реакцияға дейін көтеріледі.