Денесі және екі бұтасы болады. Денесі жамбастың ұршық ойысының төменгі жағын жасауға қатысады. Бұталары қолсұғар тесігін қоршап жатады. Шонданай сүйегінің астыңғы жағында отырған кезде денеге тіреу болатын шонданай бұдыры болады, сондықтан оны отырғыш сүйек деп те атайды. Осы бұдырдың арт жағында сәл жоғары жатқан шонданай өскіні болады.
Шат сүйек
Денесі және екі бұтасы болады. Оның бұтасы қолсұғар тесігінің жоғарғы және алдыңғы жақтарын қоршайды. Шат сүйегінің жоғарғы жағы қасағалық қыр жасайды. Ол жамбастың алдыңғы бөлігін түзеді. Шат сүйектері алдыңғы жағынан өзара қосылып қасаға (симфиз) жасайды.