Егіншілік Қазақстанның барлық аймақтарындағы тарихи тұрақтарда тас кетпен, тас орақ, тасдәнүккіш, мүйіз теселер, тастан жасалған түйгіштер, келі-келсаптар табылған. Бұл — қола дәуірінің басынан бастап-ақ жерімізді мекендеген тайпалар тек малшылықпен ғана емес, қарапайым кетпенді егіншілікпен де айналысқандығының дәлелі. Алғашқы егіншілік үлкенөзендердің бойында емес, ұсақ өзен-сулардың, аққан бұлақтардың, көлшіктердің жағасында да дамыды. Өйткені өзендердің биік жағасына су шығару үшін жетілген құралдар, суландырудың дамыған тәсілдері қажет. Қола дәуірінде Қазақстан аумағында ұсақ өзен-сулар маңында егіншіліктің алғашқы қарапайым түрлері дамыды. Табиғи-географиялық жағдайы қолайлы Жетісу, Оңтүстік Қазақстан аймақтарында малшылықегіншіліктен басым болғанымен, солтүстік өңірлерде егіншілік жақсы дамыған.
Қола дәуірінің соңына жататын қоныстарда қола және мыс орақтар кездеседі. Көкшетау маңындағы Шағалалы қонысынан қола шалғытабылған.Алдыңғы қола дәуірінің қоныстарында тастан және бұғы мүйізінен жасалған теселер табылды. Жер қопсытатын таяқтармен және мүйіз теселермен салыстырғанда тас кетпендер өнімдірек болды: бұлармен жерді жақсырақ қопсыту болатын еді. Тастан астық үгетін құралдар да: астық түйгіштер, тоқпакшалар, түйгіштер, келілер, келсаптар пайдаланылтан болса керек, ал соңғы қола дәуірінде бітімі әр түрлі қола және мыс орақтар, кола шалғылар пайдаланылды (Шағалалы конысы). Олар, сондай-ақ мал үшін қысқа пішен дайындауда, қамыс дайындауда колданылған болуы мүмкін. Неғұрлым жетілген құралдардың пайда болуына байланысты eric те біраз өсті. Негізінде бидай, қарабидай, тары егілді. Дәнді дақылдардың бұл түрлерінің бәрі қоныстарда салынған үйлер мен қора-қопсыларда айқын көрінеді. Егіншілік өзінің сипаты жағынан қарапайым болып қала берді және мал өсірумен салыстырғанда көмекші рөл атқарды, бірақ ол тамақ өнімдерін алудың манызды көзі болды.
Қазақстан жерінде қола дәуіріне жататын қоныстар өте көп анықталған, оның 60-тан астамында қазба жұмыстары жүргізілген. Қоныстар көбінесе өзендердің жайпақ жағасында, кең жайылымдарда, кейде көл жағалауларында орналасқан. Қоныстарда, әдетте, 5—10 үй, кейде 20 шақты үй болды. Тұрғын үйлерді екі түрге бөлуге болады. Біріншісі — жартылай жертөле үйлер де, екіншісі — жер бетіне салынған үйлер. Жартылай жертөле үйлердің қабырғасы жартылай таспен қаланып, жерге батып тұрғанқабырғасы кейде қақпатаспен де шегенделетін. Төбесін жуан сырғауылмен төртжаппа етіп жауып, содан соң арасына қурай, шөп араласқан шыбықтармен шегендеп тастайтын.
Жер үстіне салынған үйлердің қабырғаларының әр жеріне жуан сырғауылдар орнатылып, сырғауылдың арасына шетен тоқып, оны іші-сыртынан балшықпен сылаған. Кейде тіреме бағанды құрылыс жасап алып, соған сырғауылды бірінің үстіне бірін көлденеңінен байластырып, үйдің қабырғасын жасаған.
Қола дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген тайпалар рулық тайпалық құрылыста өмір сүрді. Тарихи-мәдени жағынан оларауқымы кең Андрондық тарихи-мәдени бірлестіктің бір құрамдас бөлігі болды. Андрондық тарихи-мәдени қауымдастық шығыстан батысқа қарай 3000 шақырымға, ал оңтүстіктен солтүстікке қарай 14000 шақырымға жуық аумақта өмір сүрген. Осы тарихи-мәдени бірлестік өз ғұмырында ру-тайпалық құрылыстан бастап, дамыған патриархалдық қоғам, мүлік теңсіздігі, әлеуметтік әрқилылық деңгейге дейін жетті.
Қола дәуірінің басында бұл тайпалар үй маңындағы бақташылық, кетпенді-теселі егіншілікпен айналысты. Күнкөрістің қосымша көзі кей жерде аңшылық, өзен-су маңайында балықшылық болды. Дегенмен қола дәуірі тайпаларының шаруашылық-мәдени тұрпатын анықтайтын кәсіп, ол —малшылық еді. Ал малшы тайпалардың ең бастапқы қоғамдық құрылысы — рулық-патриархалдық құрылыс. Мал шаруашылығының, тау-кен өндірісінің дамуына байланысты өндірісте ер адамның рөлі артты. Бұл патриархалдық қатынастардың дамуына жағдай жасады. Андронов дәуірі ескерткіштерінде кездесетін ерлі-зайыптыларды қатар жерлеу дәстүрі осы патриархалдық салттың көрінісі. Андрондықтардың көлемі 300 шаршы метрге дейін болатын үлкен үйлері де оларда үлкен патриархалдық отбасы тұрғандығының көрінісі.
Мал шаруашылығымен айналысқан, кейіннен көшпелі тұрмыс кешкен андрондықтардада, қазақ жерін одан кейінгі мекендегенбасқа тайпадарда да әйел затының қоғамдағы рөлі ешқашан төмендемеген. Бұдан 2300 жыл бұрын Батыс Қазақстанды мекендеген сарматтардың әйелдері қоғамдағы орны жағынан ерлерден кем түспеген.
Енисейдегі тағар мәдениетін қалдырушытайпалар мен сарматтардың әйелдерін де қару-жарағымен жерлеу дәстүрі осыны көрсеткендей.