«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет148/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia
E øûðûøòû ?àáàòòû? îðãàíèêàëû? ïàòîëîãèÿñûíû? áîëìàóû, АКТ 1
Қызыл шие
жылу сҥйгіш, оңтҥстіктің сҥйекті жеміс дақылдарымен 
салыстырғанда қысқа тӛзімді. Кӛлемі жағынан бҧрынғы ССРО-да алма, шие, 
алмҧрттан кейін тӛртінші орында (1,6%). Қызыл шиенің ӛндірістік аймақтары 
Қырым, Дағыстан, Украинаның оңтҥстігі, солтҥстік Кавказ, Молдова, 
Краснодар ӛңірі, Азербайжан, Армения, Орта Азия және Қазақстанның 
Шымкент облысы. Қазақстанда 2 сорты бар. Ағаштары отырғызылғаннан кейін 
4-6 жылда жеміс береді. Орта есеппен әрбі гектардан 100-150 ц ӛнім алынады. 
Ағаштарының тіршілік етуі 50-80 жыл, биіктігі 10-15 м, бӛрікбастары сирек. 
Жемісі ерте піседі (Шымкент облысында 15-20 мамырда). 
Алхоры
тегіне оның 30-ға жуық тҥрі кіреді. Олардың ішінде 
маңыздылары – кәдімгі алхоры, шомыр, алша. Канада алхорысы т.б. Бҧрынғы 
ССРО-да 251 мың гектар жерге егіледі. Алхорының ӛндірістік аймақтары – 
Молдова, Ӛзбекстан, Солтҥстік Кавказ, Украина, Белорусь, Азербайжан, 
Грузия, 
Армения, 
Қазақстан. 
Алхорының 
Қазақстан 
бойынша 
аудандастырылған 15-тен астам сорты бар. Алхоры ағаштары (биіктігі 6-12 м) 
отрғызылғаннан кейін 3-5 жылда жеміс береді. Әр гектардан 250-300 ц ӛнім 
алынады. Жемісті жыл сайын салады. Ағаштарының тіршілік ету ҧзақтығы 20-
60 жылға созылады.
Шабдалы 
Қытайда, Оңтҥстік Европа мемлекеттерінде, Америкада кең 
тараған ӛсімдік. Ол оңтҥстік аудандарда (Азербайжан, Армения, Грузия, Орта 
Азия, Қырым, Солтҥстік Кавказ, Молдова) кеңінен тараған жеміс ӛсімдігі. 
Шабдалы тегіне 6 тҥр кіреді, олардың ішінде ӛндірістік екпе тҥрлері – 
қарапайым шабдалы және Ферганалық шабдалы.
Қазақстанда ӛндірістік кӛлемде шабдалы Шымкент облысында, 
Қызылорда облысының оңтҥстік аудандарында және Талдықорған облысының 
Панфилов ауданында аудандастырылған. Қазіргі кезде жер жҥзінде 
шабдалының 5 мыңға жуық сорты белгілі, Қазақстанда 21 сорты бар. Шымкент 
облысында аудандастырылған сорттардың ішінде кең орын алып отырған 
Эльберг, ал басқа аймақтарда Киевский ранний, бҧл сорт қысқа ӛте тӛзімді.
Шабдалы ағашы бҧта тәріздес келеді немесе ағаш тәріздес болып ӛседі 
(биіктігі 3-8 м). Ӛнімі мол, жыл сайын және ерте бере бастайды (2-3 жастан). 
Ӛнімі аяқталатын дәуірі – 12-15 жасында. 20-30 жыл ӛнім береді, ал Азияның 
таулы аймағында 50-80 жылға дейін тіршілік етеді. Ӛнімі орта есеппен әрбір 
гектарынан 120-180 ц, ал кейбір жылдары 400-500 ц дейін жетеді. Шабдалы 
ӛте тез пісіп, тез ӛсетін, жарық, жылу сҥйгіш дақыл.
Өрік 
ӛндірістік дақыл ретінде Орта Азияда, Дағыстанда, Арменияда, 
Молдовада, солтҥстік Кавказда және Украинаның оңтҥстік аудандарында 
аудандастырылған. Қазақстанда ӛрік Шымкент облысында кеңінен орын алған 
дақыл, басқа аймақтарда ӛндірістік жеміс ретінде ӛте аз пайдаланылады. Бізде 
ӛріктің басқа да жабайы тҥрлері ӛседі. Олар кәдімгі ӛріктің, Манжур ӛрігінің, 
Сібір ӛрігінің, Давид ӛрігінің, т.б. екпе сорттары селекциясы негізінде кәдімгі 
ӛріктен шығарылған.
Ӛрік ағаштары биік (5-8 м) немесе ӛте биік (10-15 м) болып ӛседі. Ӛнімді 
ерте, яғни отырғызылғаннан кейін 3-5 жылда бере бастайды. Ӛнім беру 


ҧзақтығы – 20-30 жыл, 40-80 жыл тіршілік етеді. Орта есеппен әрбір гектардан 
100-120 ц ӛнім береді. Ӛрік жарық пен жылу сҥйгіш ӛсімдік және кӛктемде 
басқа жеміс ағштарына қарағанда ерте гҥлдейді. Қуаңшылыққа тӛзімді. 
Қазақстанда ӛріктің 6 сорты аудандастырылған, оның 3-і Европалық және 3-і 
Орта Азиялық. Жабайы ӛрік Қазақстаның оңтҥстік, оңтҥстік шығысының 
таулы аймақтарында кӛп ӛседі.
Алша
қуаңшылыққа тӛзімді ӛсімдік. Ӛнімді 2-4 жылда, ерте береді. 
Алша ағашы бҧта тәрізді келеді, биіктігі 4 м дейін жетеді. Ӛріктен кейін 
гҥлдейді. Қазақстанда алша дақылы Шымкент облысында ӛседі. Бҧл облыста 
алшаның екі сорты аудандастырылған. Олар Фиолетовая десертная және 
Малиновая. Қазақстанның оңтҥстік, оңтҥстік шығыс таулы аймағында 
алшаның жабайы тҥрлері ӛседі. Жабайы тҥрінің тҧқымы алхорыға, ӛрікке, 
шабдалыға телісуші (ҧластырушы) ретінде қолданады.
Алшаның ӛнімі аяқталатын дәуірі 15-20 жыл, ал тіршілігі 20-60 жылға 
созылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет