«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»


Жасанды ортада ӛсірілетін ӛсімдіктердің аурулары мен



Pdf көрінісі
бет144/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia
E øûðûøòû ?àáàòòû? îðãàíèêàëû? ïàòîëîãèÿñûíû? áîëìàóû, АКТ 1
10.5 Жасанды ортада ӛсірілетін ӛсімдіктердің аурулары мен 
зиянкестері және оларға қарсы кҥрес шаралары 
Кӛкӛніс дақылдары ӛсіп-ӛнуіне ыңғайлы жылыжай жағдайлары тҥрліше 
ауру қоздыратын организмдердің кҥшті қарқынмен дамуына қолайлы орта 
болып есептелелді. Зақымданған кӛкӛніс дақылдарының кӛшеттері ӛсу 
барысында кӛптеген ауруларға ҧшырайды. Қияр ӛсімдігі кӛбінесе жас 
ӛскіндері тамыр шірімесі, антакноз, аскохитоз, вентуриоз, ақ шірік, ақ ҧнтақ 
(мучинистая роса), ал қызанақта қоңыр дақты оңтҥстік фитофтороз 
ауруларымен зақымданады.
Жылыжайлардың ішінде тазалық сақтау ӛсімдік аурулары мен 
зиянкестердің болмауын қамтамасыз етеді. Бірақ, жылыжайды ҥнемі 
санитарлық тазалықта ҧстау мҥмкін емес, сондықтан ауру тҥрлері мен, сол 
ауруларды тарататын зиянкестермен кҥресу шаралары ҥнемі жҥргізілуі қажет. 
Жылыжай бҧл шектеулі кеңістігі бар жабық орын болғандықтан, ондағы 
зиянкестер мен ауруларды жою қарапайым бақшаларда гӛрі анағҧрлым 
жеңілірек. Жасанды субстраттарда ӛскен кӛкӛністер ауруға бейім болады. Ауру
бір ӛсімдіктен екіншісіне тез тарайды. Себебі организмдердің споралары 
қоректік ерітінді арқылы бҥкіл жылыжай ішінде тез таралып, барлық ӛсімдікті 
тез зақымдайды. Ауру қоздырғыштар қоректік ерітінділерді ауыстырғанға 
дейін жойылмайды. Олар әсіресе кеуекті, жасанды субстраттарда тез ӛседі. 
Кеуекті субстраттардың, қуысында қоректік ерітінді мол болады. Мҧнда 
бактериялар ҧзақ уақыт сақталады. Мысалы, гидропондық жылыжайларда
қиярдың ауру қоздырғыш зиянкестері қҧрғақ керамзитте бір жылға дейін 
тіршілігін жоймайды. Егер сол керамзитті екінші жылы зарарсыздандырмай 
пайдаланса, зиянкестер қайтадан тіріліп, ӛсімдікті зақымдайды. Кейбір 
зиянкестерді, мысалы шырыштыларды қолмен тереді, ал басқа да кӛптеген 
тҥрлер ҥшін химиялық препараттар пайдаланылады. Сонымен қатар 
биологиялық және агротехникалық шаралар да қолданылады. Химиялық 
жолмен кҥресу кезінде ӛсімдікке анағҧрлым зиян келмейтіндей болуы керек.
Кӛптеген пестицидтер порошок тҥрінде болады, оларды кӛбіне ӛсімдік 
гҥлдеріне, ылғалдылыққа сезімтал ӛсімдіктерге пайдаланады. Фумигаттарға газ 
немесе бу кҥйінде әсер ететін химиялық заттар жатады. Жылыжайды кешке 
таман немесе тҥніне есік терезелерді жауып, препаратпен ӛңдейді. Бҧл шаралар 


адам денсаулығына зиян келмеу ҥшін жҥргізіледі, себебі кӛміртегі жанғанда 
адам ҥшін улылығы жоғары кӛміртегі ангидрид газы бӛлінеді.
Өсімдіктерді қорғаудың биологиялық жолдары
. Ашық грунтта 
зиянкестерді табиғи жаулары – қҧстар мен жәндіктер жояды. Ал жабық грунтта 
табиғи тепе-теңдік жойылады, нәтижесінде жаппай зиянкестердің кӛбеюі 
байқалады. Химиялық препараттарды аз пайдалануды кӛздеп, кӛптеген 
ғалымдар ӛсімдіктерді биологиялық қорғау жолын ҧсынды. Тәжірибелер 
кӛрсеткендей, бҧл әдіс кӛптеген зиянкестердің жойылуына әкеліп соқтырады.
Қызанақ сабақтарының шіруі (ауру қоздырғыш –Didymella lieopersici ) кезінде 
ӛсімдік тез солып қалады. Сабағының бетінде қара немесе қоңыр тҥсті ӛзек 
пайда болады да, айналасында саңырауқҧлақ ретінде белгілі майда дақтар 
пайда болады. Осы жерлердегі споралыр қыстап шығады да, келесі 
вегетациялық кезеңде инфекцияның жаңа ошағы бола алады. Қатты 
зақымданған ӛсімдіктерді алып тастап, қалғандарын бенамил немесе каптан 
ерітінділерімен бҥрку қажет. Ӛсімдік гҥлдерінің тҥсуі топырақтың 
қҧрғақтығына байланысты болады. Сондықтан профилактика ҥшін ҥнемі 
суарып отырады. Қызанақ жемісі тҥсінің ӛзгеруі кезінде жасыл дақтың болуы 
немесе қызанақтың бірқалыпты қызарып піспеуі байқалады. Бҧл ауру 
жылыжай температурасы жоғары болғанда ӛсімдік денесінде калийдің 
жетіспеуі байқалады. Сонымен қатар бҧл белгі болуы кӛкӛністе азот 
жетіспеуінен және кҥн сәулесінің кӛп мӛлшерде тҥсуінен де пайда болады. Бҧл 
жағдайды жылыжайдың ішін желдету, ӛсімдіктерге кӛлеңке тҥсіру, дҧрыс 
қоректендіру мен суару арқылы болдырмауға немесе алдын алуға болады. 
Жылыжайға қызанақтың жасыл даққа тӛзімді сорттарын (Московский 
осенний, Ленинградский осенний, Внуковский, Ласточка, журавль,т.б.) таңдап 
алу қажет. Сонымен қатар қызанақта сҧр тҥстің пайда болуын темекі 
мозайкасы тудырады. Жемісті кескен кезде қабықтың астынан сақина тәрізді 
сҧр дақтар кӛрінеді. Бҧл аурумен ауырған ӛсімдіктің ӛсуі тоқтайды. Алғаш 
ауру басталғанда-ақ зақымданған ӛсімдіктің барлығын жою тиімді.
Қиярдың сарғаюы азоттың топырақта кӛп мӛлшерде болуынан немесе 
бірқалыпты піспеуі кезінде байқалады. Ол ҥшін ауруға тӛзімді сорттар
Бирюса, Грибовчанка, Московский тепличный, Малахит, Зузуля, Манул, т.б. 
егіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет