«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет153/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia
E øûðûøòû ?àáàòòû? îðãàíèêàëû? ïàòîëîãèÿñûíû? áîëìàóû, АКТ 1
 
11.2. Жеміс және тҧқым 
Жемістердің ботаникалық мәні тҧқым арқылы пісіп, тҥйін салуы болып 
табылады. Жемістер жеміс салушы немесе серігі (жемістің қабығы тҥйнек 
қабырғасында) перикарпий және тҧқым болып бӛлінеді. Перикарпийдің 
сыртқы қабатындағы экзокарпий (оң қабықша), ортадағы – мезакарпийдан 
және ішкі жағындағы эндокарпийдан тҧрады. Кӛптеген тҧқымдар жемістерінің 
тағамдық бӛлігіне етті, шырынды мезокарпий (алма, алмҧрт, шие, алхоры, 
таңқурай) жатады. Ал экзокарпийге сҥйекті жемістердің қатты қабықты 
тҧқымдары жатады.
Алма жемісінде эндокарпий пергаменті пластинка тәрізді, ал алмҧртта – 
тас болып бекіген клеткалардан тҧрады. Экзокарпий тҥкті (шабдалы), тҥксіз 
(алхоры, шие), жҧмсақ және қалың (цитрусты), оң қабықша (қарлыған) тҥрінде 
болады. Жеміс айналасындағы қоршап тҧрған жеміс серігінің пайда болуы 
гҥлдердің қай бӛлігінің қатынасуына байланысты болады. Сондықтан пайда 
болған жемістер шын және жалған жемістер болып бӛлінеді. Шын жемістер 
тҥйнек немесе гҥл қауашағының тҧқым бҥрі орналасқан тӛменгі бӛлігінен, ал 
жалған жемістер тҥйнектен, гҥлдің басқа бӛліктері (гҥл тҧғыры, гҥл 
тостағаншасы және желек) қатысуынан пайда болады. Жай, кҥрделі (қҧрамды) 
және ӛсіп кеткен (жеміс шоғыры, жемісте гҥл шоғының жеке гҥлдерінен пайда 
болған жемістердің бірігіп, тҧтасып кеткен тобы) және олардың жеміс серігінің 
ҧрық қабы шырынды және қҧрғақ болады. Шын жай жемістер пайда болуы 
ҧрық қабы сҥйекті тҧқымдастарға тән. Мҧндай жемістердің тҧқымы қатты 
сҥйек тәрізді заттармен ҧстасып, ішкі қабатындағы тҥйіндерден пайда болады. 
Сондықтан олар сҥйектілер деп аталады. Сҥйектілердің жемістері 
субтропикалық тҧқымдарда (унаби, зәйтҥн, майшетен) болады. Шын 
жемістерге кӛп тҧқымды жидектер (қарақат, қарлыған және қҧрма) жатады. 
Шекілдеуіктілердің жалған жемістері ӛсіп кеткен ет тәрізді гҥл тҧғырынан 
және ортада орналасқан тҥйіннен (гҥл қауашағының тҧқым бҥрі орналасқан 
тӛменгі бӛлігі) пайда болады. Мҧндай тҥйіндер алма тектес немесе алмалы деп 
аталады.Кҥрделі жинақталатын жемістер жидекті дақылдарға тән болады. 


Бҥлдірген, қҧлпынай кҥрделі кӛп тҧқымды болып келеді. Әрі жалған жемістер 
болып табылады. Оның тҧқымдары табанымен біте ӛсіп, ет тәрізді гҥл 
тҧғырына батып тҧрады. Ал таңқурай және қара бҥлдірген кҥрделі 
сҥйектілерге жатады, демек олардың жемітері шын жемістер болып табылады.
Жаңғақтың жемісі қҧрғақ ҧрық қабында орналасқан, тағам ретінде оның 
тҧқымы пайдаланылады. Цитрустардың тағамдық бӛлігі шырынды ішкі 
қабатында орналасады да олар бір-бірімен қабықшамен бӛлініп тҧрады. 
Мҧндай жемістер померанцылар деп аталады. Жеміс шоғы шоғырланып 
немесе топтанып ӛскен гҥлдерден пайда болады, ал гҥлдердің ӛсуі бір-бірімен 
тығыз байланысты. Мҧндай жемістер інжірге тән. Жеміс шоғының ішінде 
жеуге жарайтын майда ҧрықтар - жаңғақша болады. Кейбір жемістердің 
тҧқымдарында (алма, алмҧрт, інжір, цитрусты) ҧрықтанбайтын жемістер пайда 
болады. Мҧндай жемістер дән салмайды, бҧл партенакарпикалық жемістер деп 
аталады. Дәнсіз жемістердің кӛп болуы олардың физиологиялық белсенді 
заттармен ӛңделуіне байланысты болады. Селекциялық әдіспен апельсиннің, 
бананның, жҥзімнің дәнсіз сорттарын алуға болады. Тҧқым ҧрықтанған тҧқым 
бҥрінен жақсы дамиды, бірақ әр тҥрлі тҧқымдарда олардың сандары да әр
тҥрлі болып келеді. 
Шекілдеуікті жеміс салатын тҧқымдарда әрбір бес 
камерада екі және одан да кӛп тҧқым бҥрі болады да, ҧрықтану шарты 
сақталған жағдайда одан да кӛп дән қалыптасады. Ал сҥйекті тҥйіндерде екі 
тҧқым бҥрі болса, оның бірі кӛп жағдайда дамымай қалады. Оның жемістері 
бір, кейде сиректеу екі дән болады. Қарақат, інжір, анардың жемістерінде 
дәндер кӛп болады. Тҧқымдар ҧрықтан, қабықшадан және қоректендіргіш 
тканьдерден тҧрады.Ҧрықтар – болашақ ӛсімдіктің бастауы. Олар алғашқы 
бҥршіктер, алғашқы қабықша және қҧрамында қоректік заттары бар екі тҧқым 
жарнағынан тҧрады.
Тұқым жүйесі. 
Тамыр жҥйесі бҥкіл ӛсімдік организмінің ажырамас әрі 
аса маңызды бӛлігі болып табылады. Ол тӛмендегідей басты қызметтер 
атқарады: 
1. ӛсімдіктерге аса қажетті заттарды, суды топырақтан сіңіріп алады, 
оларды ӛсімдіктердің жер бетіндегі бӛліктеріне жеткізеді. Мҧндай жағдайда 
тамырлар топырақтың ортасында органикалық қышқылдарды бӛліп, жақсы 
еритін қосылыстарды ӛсімдіктерге пайдалы қосылыстарға айналдыруға ҥлкен 
ықпал етеді.
2. Тамырлар микроорганизмдермен, ең тӛмен саңырауқҧлақпен 
(разосферамен) әрекеттеседі де, топырақтың сіңіру қасиетін арттырады.
3. Тамырларда қосымша қоректік заттар қоры жақсы сақталады, әрі 
жинақталады. 
4. Тамырлар ағаштың топырақ, бетіндегі бӛлігін жақсы ҧстап тҧрады, 
оның бекемдігін арттырады.


5.Тамырларда органикалық заттардың химиялық синтезі (жасанды 
заттар), кҥрделі қосылыстар, амин қышқылдары фосфорлы қосылыстар, 
алколоидтар т.б. тҥзіледі. 
6. Кейбір жеміс және жидек дақылдарының (таңқурай, шие, алхоры) атпа 
тамырларын кӛбейту органдары болып табылады. 
Тамырлар топыраққа кӛлденең және тік бағытта орналасады. Олардың 
анатомиялық қҧрылымы мен атқаратын қызметтері жағынан бір-бірінен 
айырмашылықтары бар. Кӛлденең тамырлар топырақтың жоғары және 
борпылдақ болып келетін беткі, астыңғы қабатына орналасады да мҧнда сорып 
алатын тамырлардың негізгі бӛлігі шоғырланады. Ал тамырлар бірнеше метр 
тереңдікке кетеді. Олардың негізгі қызметі ағаштың жер бетіндегі бӛлігін тік 
ҧстап тҧрады және ағашты топырақтың терең қабатындағы қоректік заттармен 
және сумен қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет