«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет155/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia

Жеміс және жидек дақылдарының аурулары. 
Алма мен алмҧрт қотыры 
Қазақстанның барлық аймақтарында кеңінен таралған. Олар жауын-шашыны 
мол, кӛктемі ҧзаққа созылатын жылдары тез ӛршейді, таз – саңырауқҧлақ 
ауруына жатады. Алманың жемістерін, жапырақтарын, ал алмҧрттың 
ӛркендерін зақымдайды да, олардың ӛнімділігін, сапасын, ағаштың суыққа 
тӛзімділігін тӛмендетеді.Ауру қоздырғыштар жерге қурап тҥскен, әр 
зақымданған жапырақтарда қыстап шығады. Аурудың таралуы жеңіл 
споралардан (аналық ӛсімдіктен бӛлініп, жыныссыз жолмен кӛбею қызметін 
атқаратын ерекше клетка) – конидиядан басталады. Споралар піскеннен кейін 
жас дапырақтарға, содан соң жемістермен жанасып ауру жҧқтырады. 
Жемістердің ауруға шалдыққан бӛлігінде қоңыр зейтун дақты тҥстер пайда 
болады. Содан соң бірлі жарым және майда , бірақ кӛлемі және саны жағынан 
кӛбейтеді. Зақымданған қабықтар жарылып, қайызғақтанады, немесе қайта 


тҥлеп жабылады. Жемістің ауруға шалдыққан қара сызықтан, тҥгел қарайып 
кеткен дақтар жапқан барқыт тәрізді заттың ӛршуінен білуге болады.
Зиянкестер мен ауруларға қарсы күрес шаралары. 
Жеміс-жидек 
ӛсімдіктерінің зиянкестері мен ауруларына қарсы кҥресте химиялық, 
агротехникалық, биоллогиялық, механикалық және физикалық әдістер 
қолданады. Олардың тиімділігін барлық әдістері әр жақты, комплексті тҥрде 
жҥргізгенде ғана арттырылады.Химиялық әдіс зиянкестер мен ауруларға қарсы 
кҥресте ӛте жиі қолданылады. Бірақ олар дҧрыс қолданылмаса кӛптеген теріс 
әсерлер салдарынан дақылдар ӛнімі тӛмендейді, сапа кӛрсеткіштері 
нашарлайды. Ӛсімдіктерді қорғау ҥшін қолданылатын кӛптеген химиялық 
әдістер зиянкестер мен ауруларға ғана емес, пайдалы фаунаға, адамдарға, 
жылы қанды жануарларға және олардың организмдеріне де улы заттар есебінде 
әсер етеді. Кейбір препараттарды жыл сайын бір жерге қайталап қолдана берсе 
зиянкестер тобы ҥйреніп алып, оларды қҧрту ӛте қиынға соғады. Сондай-ақ 
химиялық препаратттардың жетімсіз кемшіліктері де бар. Олар атмосфераны, 
топырақты, ӛзенді, кӛлді, суды уландырады, ӛсімдіктерді кҥйдіріп, жемістер 
мен жидектерде улы заттар жинақталады да, адамдар, әсіресе балалар 
организмдеріне теріс әсеер етеді. Сондықтан да зиянкестер мен ауруларға 
қарсы кҥресте химиялық препараттар қолданудың ерекшеліктері туралы 
ережелерді қатаң сақтау қажет.
Химиялық препараттар (пестицидтер) қолдану. Бҧлар қолданылатын 
объектілері жағынан мына тӛмендегідей топтарға бӛлінеді: инсектицидтер-
зиянкесиерді қҧрту ҥшін, акарацидтер-улы ӛсімдіктерің кенелеріне, 
лимацидтер – сҥйексіз денелерді – шырыштыларды қҧрту ҥшін қолданылады. 
Ал нематоцидтер – жҧмыр қҧрттарға, зооцидтер – кеміруші сҥт қоректілерге, 
фунгицидтер – саңырауқҧлақ ауруларын таратушылара, бактерицидтер – 
бактерияларға, гербицидтер арам шӛптерге қарсы кҥресте пайдаланылады. 
Ӛсімдіктеді химиялық қорғау қҧралдары ылғалданған ҧнтақ (Ы. Ҧ.), 
концентрациялы эмульсия (К. Э.),концентраттар (К), еритін ҧнтақ (Е. Ҧ.), сулы 
еритіндерді (С. Е.), паста (П) және олардын тҥйіршіктелген тҥрлері кҥйінде 
шығарылады., Жеміс-жидек дақылдарына пестицидтер шашу, тозаңдату, 
дәріленген қызықтырғыш улы заттар шашу, аэрозолдау (сҧйық заттардың 
газды және ауада араласып жҥрген ҧсақ тамшылары, тҧман немесе газда 
араласып жҥрген ҧсақ қатты бӛлшектері) әдістері қолданылады. Шашу ҥшін 
ерітінділер, суспензия, препараттардың эмульсиялары пайдаланылады. 
Ерітінділер 
– сҧйық заттар, яғни препараттар суға ерітіледі (мысалы, мыс 
тотияйының ерітіндісі). Суспензиялар – сҧйық заттар, яғни қатты ҧнтақ 
препараттар суға салғаннан кейін ерімеген кҥйінде қалқып жҥреді (мысалы, 
коллоидты кҥкірттің сумен қоспасы). 
Эмулсия
– сҧйық қоспалар, яғни ҧсақталған сҧйық заттар (мысалы, N 30 
препараты) бӛлшектер басқа сҧйық заттарға араласады да (мысалы, суға) 
қалқып жҥреді. 


Аэрозоль
– сҧйық затардың тамшылары, немесе қатты шаңды бӛлшектер 
ауада қалқып жҥреді. Сҧйық бӛлшектрдің аэрозолі – тҧман, қатты заттардың 
аэрозолі тҥтін болып аталады. Бақ зиянкестерінее кӛбіне аэрозольдардың 
уланған тҧмандары қолданылады.
Дуст
– ҧсақ шаң тәрізді препарат, ӛсімдіктерге тозаңдату ҥшін 
пайдаланылады. 
Агротехникалық әдістер
. Зиянкестер мен ауруларға қарсы курес 
ҧйымдастыру және агроехникалық шаралар қолдану мәселелерін қамтыйды. 
Ондағы мақса ӛсімдіктердің жақсы ӛсуін, жеміс және жидек дақылдарын 
жеілдіріп, ҧрақылығын жоғарылау ҥшін қолайлы жағдайлар жасау, сондай-ақ 
зиянкесттер мен ауру таратушыларды ең болмаса азайту. Агротехникалық 
шаралардың бірі алдын алса, яғни зиянкестердің кӛбеюіне жол берілмесе, 
екінші біреулері оларды жлю жағдайын қарасттырады. Зиянкестер мен 
ауруларға қарсы кҥресте қолданылатын маңызды агротехникалық шараларға 
мына тӛмендегілер жатады: бақ қатараралығы мен ағаш діңі маңайының 
топырағын мезгілінде және дҧрыс ӛңдеу.
Физикалық және механикалық әдістер
- жеміс жидек дақылдарын қорғау 
ҥшін қолданылады. Зиянкестер мен аурулардың пайда болуы есепке алынып, 
оларға қарсы кҥресу мерзімі анықталады. Тор ҧстағыш пен зиянкестердің 
тҥрлік қҧрамын, ҧшу ерекшеліктерін және зиянкестердің санын анықтауға 
болады. Бҧл әдістің кемшілігі ҧстағыштарға зиянды насекомдармен қатар 
пайдалы насекомдарда кіріп кетеді.
Механикалық әдіс
. Бҧл әдіске зиянкестердің қыстап шығатын ҧясын және 
жҧмыртқа салатын орындарын бӛліп тастау жатады.
Билогиялық әдіс.
Бҧл әдіс жеміс-жидек дақылдарының зиянкестеріне, 
ауруларына қарсы кҥрес, ауру таратқыш микроорганизмдерді, жыртқыш және 
қан сорғыш улы насекомдар, бунақ денелілер мен жыртқыш қҧстар және 
кейбір мал тҥліктеріне негізделген. Бунақ денелілермен қоректенетін 
сарышымшықтар бақтың нағыз досттары. Бір сарышымшық семьясы ӛздерінің 
кҥнделікті тіршілігі ҥшін жеміс ағаштарының қырыққа жуық қауіпті 
зиянкестерін жояды. Қосарланып ҧшатын сары шымшықтар ӛз балапандарын 
кҥндіз 350 рет ҧшып келіп қоректендіреді. Сондай-ақ кӛктеке, қаратамақ, 
қызыл қҧйрықтар да пайдалы. Дән мен қоректенетін торғайлардың ӛзіде бунақ 
денелілермен қоректенеді. Бунақ денелермен қоректенетін кӛптеген қҧстар 
(кӛктеке, сарышымшық, тоқылдақ т.б.) ӛздері тіршілік ететін ортасында қыстап 
шығады. Сондықан да ол қҧстарды сақтап, қорғаудың маңызы бар. Ол ҥшін 
ағаш арасына ҧя салып, жем шашатын тақтай жасау керек. Бақ зиянкесттері 
мен ауруларына қарсы биологиялық кҥрестің негізгі бағыты жыртқыш және 
қансорғыш бунақ денелілер мен қҧстарды, әртҥрлі жәндіктерді пайдалану.
Жыртқыш денелілердің арасында кӛп тараған қоңыздар – кокцинеллидттер 
(қанқызы қоңызы), флерницалар щҧбар шыбындар, шыбындар – ызылдақ 
шыбындар және жизелицилар – ызылдақ қоңыздар. Алғашқы ҥш жыртқыш 


битпен және т. б. ӛсімдік сорғыш зиянкестермен қоректенеді. Ал барылдақ 
қоңыздар – жауын қҧрты мен личинкалардың жауы.
Семитог қоңызы (Қҧдай қорабы) қанқызы ӛз тіршілігінде 5000, ал 
олардың личинкалары 350 битке дейін қҧртады. Алтынкӛз личинкалары 10 
кҥннің ішінде 500 бит жеп қойса, ал шыбын личинкалары – ызылдақ 
шыбындар осындай уақыттың ішінде 400 бит жейді.
Бақ зиянкестерінен биологиялық қорғанудың басты бағыттарының бірі 
микробиологиялық әдіс болып саналады. Бҧл әдіс спорабактериялары, 
саңырауқҧлақтар, вирустар т. б. микроорганизмдерді пайдалану жолымен 
зиянды бунақ денелілерді жаппай ауруға шалдықтырады, тіпті ӛлтіріп те 
жібереді. Қазіргі кезде ӛндірістен зиянды бунақ денелеріне қарсы кҥресте 
энтобактерин, дендобациллин, бип, битокси бациллин т. б. препараттары 
шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет