«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет158/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia
E øûðûøòû ?àáàòòû? îðãàíèêàëû? ïàòîëîãèÿñûíû? áîëìàóû, АКТ 1
Қарбыз — Citrullus. 
Қарбыз - біржылдық, желі тәріздес топырақ бетінде 
жататын, жақсы бҧтақтанып, ҧзындығы 1-5 метрге жететін сабағы бар ӛсімдік. 
Жапырақтары кӛп жағдайда енді, жеті бӛлікке белінген, бӛліктері кейде бір-
біріне қабаттасьш орналасқан. Жапырақтың ол бӛліктерінің ӛздері де бірнеше 
бӛліктерге тілімденуі мҥмкін. Бӛліктердің ҧштары жҧмыр болып аяқталады. 
Қарбыз жапырақтарының кӛлемі, бӛліктерінің саны және олардың тілімдену 
дәрежесі сортына байланысты ӛзгеріп отырады. Қарбыз — жарық сҧйгіш 
ӛсімдік,. мал азықтық карбызға органикалық заттарға бай қҧмдақ, 
арамшӛптерден таза топырақтар қолайлы,
Әрбір сорттың ӛзіне ғана тән қҧрылысты жапырақтары болып, 
тамырынан есептегенде 15-20-жапырақтары саналады. Қарбыздың сабақтары 
жене жапырақтары ӛте қалың тҥктермен қапталады. Сабақтарында - қҧрылысы 
кҥрделі, бҧтақтанған, жабысуға икемді мҧртшалары болады. 
Гҥлдері - сарғыш-қоңырша тҧсті, қысқа гҥл сағақты. Аналық гҥлдері 
аталықтарына қарағанда ірі болып келеді. Алғаш аталық гҥлдері пайда болады. 
Жемісі - ірі, ҧзындығы 14 см-ден 35 см-ге жететін жҧмыр немесе ҧзынша 
келген, беті тегіс, қара жасыл не-месе сепкіл суретті болып кездесетін жидек-
жеміс. Жеміс жцмсаеы - тығыздығы, сынғыштығы және сортына тән тҧсі 
(ақшыл, сарғыш, қызғылт, қызыл) әр тҧрлі болып келетін плацент. 
Қарбыздың әрбір жемісінде 30-дан 1000 данаға дейін тҧқым болады. 
Тҧқымдары жапырылған, жҧмыр кескінді ірі, ҧзындығы 1 см-ден 1,5 см-ге 
дейін жетеді, реңі - ақ, сҧр, кӛк, қара, кейде әр тҥрлі суретті болып келеді. 1000 
дән салмағы - 60-150 г. 
Қарбыздың негізгі тҧрлерін ажырату. Т.Б. Фурс классификациясы 
бойынша (1972) Citrullus scrad тҧқымдасы тӛрт тҧрге жіктеледі: 
1. Тҥкті қарбыз-С.Lanatus(Тhunb)MatsumetNakai, бҧған асханалық (С. edulis) 
және мал азықтық(С. Сolonsynthoides) тҥршелері жатады. 
2.
Колоцинт - С. colonsynthis ( L ) Schrad. 
3.
Мҧртшасыз қарбыз - С. ecirrhosus Cogn 
4.Ноденқарбызы-С.naudinianus(Sond)Hookp. 
Бҧлардың ішінде тек асханалық және мал азықтық қарбыз шаруашылықта 
кеңінен тараған. Ал қалған ҥш тҥрі тек селекциялық мақсатта ғана 
қолданылуы мҧмкін. Асханалық және мал азықтың қарбыз жемістері арқылы 
оңай ажыратылады. Асханалық қарбыздың жеміс жҧмсағы айқын тҥсті, 
жҧмсақ, ӛте нәзік, тәтті, жеуге жарамды келеді. 
Мал азықтық қарбыздың жеміс жҧмсағы ақшыл, аздап кӛкшіл тҥсті, аса 
тығыз, қатты, пышақпен қиын кесіледі, дәмсіз, жеуге жарамсыз. Мал азықтық 


қарбыздың тамыр жҧйесі кҥшті дамыған, жапырақтары қатты тілімделген 
қысқа ірі бӛліктерден тҧрады. Гҥлдері ірі, кҥлтешесінің тҥсі сарғыш. 
Жемісінің массасы 10-нан 30 кг дейін 1000 тҧкымның массасы 120—240 г. 
Қарбыз сабақтарының ӛсуі кезінде топырақ ішіндегі ылғал жеткілікті 
болу керек. Ылғал жетіспесе гҥлдеген кезде тозаңдану қабілеті тӛмендеп, 
кейбір гҥл тҥйіндері солып тҥсіп қалады.Оны болдырмас ҥшін алдын ала ҥстеп 
қоректендіру жҧмыстары жҥргізіледі. 
Қарбыздың 
вегетативтік 
дамуы 
кезінде топырақ ішінде ылғал артық болса, жапырақ тҥстері солғын жасыл 
тҥске айналып, жапырақ алақаны бҥрісіп ішіне қарай жиырылып 
тҧрады.Топырақ ылғалы жеткілікті болса, жасыл тҥске айналып, жапырақ 
алақаны жазылып ӛседі. 
Қарбыз-ауа райының жылылығын сҥйетін бақша дақылдарының 
қатарына жатады. Жер беті мен топырақ ішіндегі мҥшелерінің ӛсуі жылудан 
жақсара тҥседі. 
Қарбыз егілетін егістік жердің топырағының температурасы 16-18°С 
жылылыққа жеткен кезде тҧқым себіледі, себілген тҧқым жылылық 
температурасының әсер етуіне байланысты кӛктейді. 
Егілген қарбыз тҧқымдарының толық ӛніп шығуы ҧшін 14-48 проценттік 
ылғал жеткілікті, жылылық 19°С дейін жетсе, егілген қарбыз тҧқымдары жер 
бетіне кӛктеп шыға бастайды. 
Қарбыздың 3-4 негізгі жапырақтары толық 
дамып жетілгенге дейін топырақ ылғалы жеткілікті болуы керек. Ылғал 
жетіспесе гҥлдеген кезде тозаңдану қабілеті тӛмендеп, кейбір гҥл тҥйіндері 
солып тҥсіп қалады. Оны болдырмас ҥшін алдын ала ҥстеп қоректендіру 
жҧмыстары жҥргізіледі. 
Қарбыздың вегетативтік дамуы кезінде топырақ 
ішінде ылғал артық болса, жапырақ тҥстері солғын жасыл тҥске айналып, 
жапырақ алақаны бҥрісіп ішіне қарай жиырылып тҧрады.Топырақ ылғалы 
жеткілікті болса, жасыл тҥске айналып, жапырақ алақаны жазылып ӛседі. 


Қарбыз жер бетіне ӛніп шыққаннан кейін жақсы ӛсетін кезеңі маусым, шілде 
айлары. Қарбыздың қҧрғақшылыққа, ыстыққа тӛзімді болу себебі, ауа райы 
ыссыған кезге дейін топырақ ішіндегі тамыры кең кӛлемде ӛседі. 
Қҧрғақшылықпен ыссыға тӛзімділік кҥні бҧрын қалыптасады. Кҥні бҧрын 
ӛскен тамыр, топырақтан ылғалды белгілі мӛлшерде қабылдауға икемделіп 
жаттығады. 
Топырақта ылғал жеткілікті болса қарбыз жемісі домалақ, сопақ пішінде 
сырты тегіс болып ӛседі. Қҧрғақшылық, ауа райы ыссыған кезде жеміс 
сыртынан аздаған қатпар пайда болады.. 
Жарық.
Бақша ӛсімдіктерінің ішінде қарбыз жарық сҧйгіш ӛсімдік 
қатарына жатады. Жарық жетіспенген жағдайда аталық және аналық гҥлдердің 
пайда болу мӛлшері азайып, ӛнімі тӛмендеп,шаруашылыққа жарамды қарбыз 
саны азайып, оның қанттылығы, жемістігі қҧрғақ заттың мӛлшері кемиді де, 
пісу мерзімі ҧзаққа созылып кетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет