«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»


 Топырақтың сулық және су сыйымдылық қасиеттері



Pdf көрінісі
бет39/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia
E øûðûøòû ?àáàòòû? îðãàíèêàëû? ïàòîëîãèÿñûíû? áîëìàóû, АКТ 1
2.6 Топырақтың сулық және су сыйымдылық қасиеттері 
Су- табиғатта ең кӛп тараған, сонымен бірге нағыз ерекше зат. Ӛсімдік 
пен топырақ арасында ҥздіксіз су байланысы болады. Су ӛсімдікті қоректі орта 
мен жалғастыратын орта, ол ӛсімдік организмдегі затардың тҥзілуін, 
ыдырауына әсерін тигізеді. Барлық тірі организмдердің жалпы салмағының 50-
90% су. Ӛсімдік жапырағының 80-90%, тамырларының 70-90%, тҧқымдырында 
10-15% су кездеседі. 
Кӛптеген 
ауылшаруашылық 
дақылдары қҧрғақ заттарды қҧрау ҥшін судың орасан кӛп мӛлшерін жҧмсайды. 
Мәселен, бидай ӛсімдігі, ӛзінің жер бетіндегі массасымен салыстырғанда тәулік 
бойында шамамен 1,3-1,5 есе артық суды жҧмсайды және де сіңірілген судың
90-95 %-ы қҧрғақ заттың пайда болуы ҥшін (транспирация) жҧмсалады.
Ӛсімдіктер органикалық заттар тҥзуге суды әр мӛлшерде қажет етеді. Бір 
мӛлшердегі органикалық зат тҥзуге керек су кӛлемін транспирация 
коэффиценті деп атайды. Ӛсімдіктерде 1 г қҧрғақ заттың пайда болуы ҥшін 
жҧмсалатын судың (транспирациялық коэффициент) ҥлгілік мәні бірнеше 
дақылдар ҥшін мынадай: жоңышқа – 858, сҧлы – 474-636, мал азықтық бҧршақ–
372, тары–287, кҥздік бидай-250-350, қара бидай-265-420, кҥздік арпа-300-450, 
жаздық арпа-380-400, сорго-150-200, жҥгері-160-360, кҥріш-450-600, қара 
қҧмық-480-600,. т.б. Бҧл кӛрсеткіштер ӛсімдік ӛсетін топырақ-климат және 
басқа жағдайларға байланысты едәуір ауытқып отырады. Ӛсімдіктер 
транспирация жолымен ӛте кӛп мӛлшерде су жҧмсайды. Яғни ӛсімдіктер 1г. 
қҧрғақ органикалық зат қҧрау ҥшін 200- 600 граммға дейін су жҧмсайды. 
Транспирациялық коэффицент кӛп жағдайларға, яғни дақылдардың сортына, 
топырақтың ӛңдеу тәсілдеріне, су режиміне байланысты ӛзгереді. Сондықтан 
қолайлы су режимін қалыптастыру – агротехниканың басты мақсаты. 
Ӛсімдіктердің 
суды 
буландыруы 
транспирация 
деп 
аталады. 
Транспирация - ӛсімдіктердегі су алмасу процесінің негізгі кӛрсеткіші. 
Ӛсімдіктер транспирация жолымен ӛте кӛп мӛлшерде су жҧмсайды. Ӛсімдік 
бойына сіңірген 1000г судың небәрі 1-2г ғана пайдаланады, судың қалған 998г 
ӛсімдік арқылы ӛзгермей ӛтеді. 
Сумен 
бірге 
ӛсімдік 
бойына топырақ қабатында еріген қоректік заттар –N, P, S –және басқалары 
енеді. Топыраққа тыңайтқыштарды, әсіресе фосфор тыңайтқышын енгізу, су, 


ауа режимін ретке келтіру арқылы және басқа шаралардың кӛмегімен, 
ӛсімдіктердің қоректену жағдайын жақсарта отырып, 1 г қҧрғақ заттың пайда 
болуы ҥшін жҧмсалатын су шамасын айтуға болады. Алайда, қҧрғақ заттың 
пайда болуы ҥшін жҧмсалатын судың азайғанына қарамай, тыңайтылған жердің 
бір гектарға жҧмсалатын жалпы ылғалдың қоры ҧлғаяды, ӛйткені оның ӛнімі 
ӛседі. Мҧндай жағдайда ылғал мейлінше тиімді пайдаланылады.
Топырақ ылғалы - топырақ тҥзілудің маңызды факторларының бірі. 
Топырақ қҧнарлығы да ылғал мен байланысты. Топырақ ылғалдылығы оның 
қҧрылымының тҥзілуіне, физика- механикалық қасиеттеріне әсер етіп, 
топырақты ӛңдеу сапасын және оған жҧмсалатын шығынды болжауға 
мҥмкіндік береді.
Топырақтың ылғал мӛлшері -2 тҥрге бӛлінеді: 
1) топырақ ылғалдылығы 2) Топырақтағы ылғал қорымен 
Топырақ ылғалдылығы –белгілі бір топырақ кӛлеміндегі ылғал 
массасының ал кӛлемдегі қҧрғақ топырақ массасына қатынасы, ол %-ен 
ӛлшенеді. Мҧндай ылғалдылықты –массалық (салмақтық) ылғалдылық деп 
атайды. 
Ылғал кӛлемінің топырақ кӛлеміне қатынасын –кӛлемдік ылғалдылық деп 
атайды. Кӛлемдік және массалық ылғалдылықтың байланыс теңдеуі
β
о
= p
1
β

Мҧндағы; β
о 
-кӛлемдік ылғалдылық; β
m
-массалық ылғалдылық;
p
1
-топырақ тығыздығы 
Ылғал қорын, әдетте белгілі бір топырақ қабаты ҥшін анықтайды. Оны 
шамамен м
3
/га немесе мм ӛрнектейді. 1мм. су қабаты= 10м
3
/га сәйкес келеді. 
Ылғал қорын анықтау ҥшін әр топырақ қабатының ылғалдылығын мына 
теңдеу бойынша анықтайды. 
n
W= 10.000 ∑ hi β
о

Мҧндағы; n- қабат саны; β
о
- hi –қабатындағы топырақтың кӛлемдік 
ылғалдылығы. 
Қәзіргі кезде топырақтың ылғалдылығын далалық жағдайда анықтаудың 
әр тҥрлі тәсілдері қолданылып жҥр. Ылғалдылықты ӛлшеудің 4- тәсілі жиі 
қолданылуда. Олар:
1.Салмақтық - топырақ ҥлгілерін кептіруге және ӛлшеуге негізделген. 
2.Тензометрлік –фаза шекарасында пайда болатын топырақ ылғалын 
тартатын беттік кҥштерді ӛлшеуге негізделген. 


3.Радиоактивтік –радиоактивтік сәулелену кӛздерінің ӛзара әрекеттесуіне 
негізделген. 
4.Электрлік – топырақ ылғалдылығына тәуелді электрлік қасиеттерін 
ӛлшеуге негізделген. 
Топырақтағы судың тҥрлері оның агрегаттық кҥйімен, оның қатты және газ 
тәріздес бӛліктерінің ӛзара әрекеттесуімен анықталады. Топырақ ылғалы 2-
топқа ажыратылады.
1.Байланысқан ылғал –ол химиялық байланысқан, кристалданған, 
физикалық (адсорбцияланған) байланысқан деп аталады. 
2. Еркін ылғал. 
1) Химиялық байланысқан - ылғал топырақтың минералдардың 
молекулаларының қҧрамына гидрооксиндік он топтары тҥрінде кіреді. Бҧл 
ылғалды 400-800
о
С қыздыру арқылы ғана бӛліп алады. Осы кезде минерал 
бҧзылады, химиялық байланысты су ӛсімдіктер ҥшін пайдасыз, топырақта 
қозғалмайды және булануға ҧшырайды. 
2) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет